Жүрек ұстамасының ерте көріністері

Жүрек ұстамасын бір ай бұрын қалай анықтау керек екенін білесіз бе? 

Әлем бойынша ерте өлімнің басым көпшілігін автокөлік авариясы емес, жүрек ұстамасы екенін білесіз бе? Әрдайым эмоционалды фонда өмір сүру, жағымсыз тағамдарды жеу, созылмалы ұйқы қанбауы секілді себептер жас адамдар арасында осы патологиялық жағдайға алып келетін негізгі себептер (кәрі адамдарда басқа себеп, және ол басқа басқа тақырып)

жүрек ұстамасы

Бұл себептердің барлығын жою, спортпен шұғылдану секілді кеңестерді біз айтпай ақ бәрі білетін шығар. Сондықтан біз тек осы жүрек ұстамасының ерте анықау көріністерін атап өтеміз, олар:

1. Әрдайым шаршағыштық. Артериялар тарылған кезде, жүрек бұрынғыдан қарағанда қанды аз ала бастайды. Бұл жүрек қантамыр жүйесі қызметін қиындата
түседі. Бұның алғашқы көрінісі -әрдайым шаршағыштық пен ұйқышылдық баса беру.

2. Тыныс алу ретті емес. Егер жүрекке қан аз келсе (жоғарыда айтылған себеп), ол өкпеге және басқа ағзаларға да қанды аз айдайды деген сөз. Ал ол өз кезегінде оттегінің жетіспеуіне алып келеді. Соның серінен өкпе қалыпты жағдайдағыдай көмірқышқыл газын ағзадан шығарып, оттегіні сіңіру қасиеті бұзыла бастайды.

Жүрек қантамыр және тыныс алу (өкпе) жүйесі бір бірімен өте тығыз байланысты. Олар бір бірінсіз қызмет етуі мүмкін емес. Сондықтан егер сізде тыныс алу ритімі жиі бұзыла берсе, бұл дәрігерге қаралуға тікелей себеп болып табылады.

3. Әлсіздік. Егер әрдайым әлсіздік бола берсе, ол артериялар қанды аз алып, олар өз кезегінде қаңқа бұлшықеттеріне жеткіліксіз оттегі тасымалдайды. Сондықтан егер жиі талматәрізді әлсіздіктер көрініс берсе, ол жүрек қантамыр жүйесіндегі айқын бұзылыстарды көрсетеді. Дереу дәрігерге бару қажет.

4. Бас айналу және салқын тер. Миға қан айналудың жетіспеуі өте қауіпті жағдайд. Егер сізге жиі денеңіз салқын тер басқан тәрізді, сонымен қатар бас айналу көрініс берсе бұл симптомдарды мүлдем елемей қоюға болмайды.

5. Кеуде қуысындағы қысым. Егер кеуде қуысындағы қысқан тәрізді, немесе сол аумақтағы дискомфорт сезімі байқалса, бұл өте жаман көрініс. Бұл симптом басында анда -санда көрініп, кейіннен жиілей беруі мүмкін. Жиілеген сайын оған шыдау да қиындық тудыра береді. Оны елемей жүре берсеңіз болашақта жүрек ұстамасымен бетпе бет кезесетін боласыз.

6. «Мұздау» синдромы. Егер сізде сау кезіңізде еш себепсіз тұмауға ұқсас симптомдар көріне берсе, бұл жүрек ұстамасының жақындап келе жатқанын көрсетеді. Жүрек ұстамасын басынан өткерген адамдардың көбі бұған дейін бірнеше күн бұрын айтып жеткізе алмайтын дененің салқындауы, мұздау тәрізді сезімді басынан өткергенін айтады.

Мұның бәрінен қалай құтылу керек?

Егер сіз осы көріністердің бірнешеуін өзіңізден анықтасаңыз, немесе туған туыстарыңыздан байқасаңыз, бұл дереу дәрігерге баратын жайт. Ең жақсысы жүрек ұстамасын алдын алған жақсы. Тек дәрігер маман ғана осы көріністерді елей отырпы, бірнеше тексерулер (лабараторлы, инструменталды) жүргізе отырып, жүрек ұстамасын алдын алып, профилактикалық ем тағайындай алады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!