Үсу. Үсу кезіндегі алғашқы көмек

Үсу дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.

Үсудің пайда болу себептері:

  • суықтың;
  • желдің;
  • жоғары ылғалдылықтың;
  • тар және дымқыл аяқ киімнің;
  • науқастың жалпы жағдайының нашар болуы (қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю, көп қан жоғалту) және т.б. себептер әсер етеді.

Жиі үсуге бейім бөлімдер – аяқ жақтың дисталды бөліктері, құлақ және мұрын. Яғни дененің шеткі, қанмен нашар қамтамассыз етілетін ағзалар.

Үсудің төрт кезеңі бар

1 – ші кезең. Тері бетінде қайтымды қанайналым бұзылыстары анықталады. Үсікке шалдықан тері беттері бозарған, біраз ісінген, сезімталдығы төмендеген немесе мүлдем жойылған. Теріні жылытқаннан кейін терінің түсі көк-қызыл түске айналып, ісіну және ауырсыну сезімі пайда болады. Үсіген жердің қабынуы бірнеше күнге созылады және бұл аймақтар суыққа өте сезімтал болып келеді.

2 – ші кезең. Тері беттерінің жансыздануымен, мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуымен сипаталады.. Зақымдалған жердің қанайналымы баяу қалпына келеді. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене температурасы жоғарылайды, тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылады. Зақымдалған аймақ 15-30 күнде жазыла бастайды. Тері сезімталдығы өте төмен болады.

3 – ші кезең. Үсіген аймақтың канайналымы бұзылған, терінең барлық қабаттарының сезімталдығы мүлдем жойылған, бірақ науқаста қатты ауырсыну сезімі болады. 3-5 күннен кейін үсіген аймақта дымқыл гангрена дами бастайды.

4 – ші кезең. Тіндердің барлық қабаттарының, сүйектің сезімталдығы толығымен жойылған.мұндай терең зақымдануда жылыту ешбір нәтиже бермейді. Тері лезде іші қара түсті сұйықтыққа толы көпіршікпен жабылады.  10-17 күннен кейін некрозданған ошақ айқын көріне бастайды және қарайып, кебе бастайды(муфицирлену). Бұл кезеңде науқастың жалпы жағдайы күрт төмендеген, органдарда дистрофиялық өзгерістер байқалады. Науқас кез келген ауруға сезімтал және бейім болады.

Үсу кезіндегі алғашқы көмек

Алқашқы көмек. Ең алдымен суықтың ағзаға әсерін тоқтату қажет. Ол үшін науқасты жылы бөлмеге кіргізу, жылыту әсіресе үсіген аймақтарына көңіл бөліп, сол аймақтың қанайналымын қалпына келтіру қажет. Науқасқа ыстық шай, кофе, сүт беруге болады.

Үсіктің бірінші кезеңінде үсіген аймақты қолдың жылуымен немесе жылытқыштың көмегімен жылытуға болады.

Жылы ванналарды қолдану.  Зақымдалған аймақтың терісін құрғатып, науқасты жылы орау қажет.

Жалпы үсудің алғашқы сатылаында науқас адамды тек жылы киімге киіндіріп, жылы жерге кіргізу  жетіп жатыр. Егер науқас ес-түссіз жағдайда табылса, оны жылы киідермен орап, тез арада ауруханаға жеткізуді ойлау қажет. Жиі пульс жоқ, жүрек тондары айқын түрде әлсіреген, және тындалмайтын жағдайда болады. Егер науқаста аз да болса тыныс алу мен жүрек соғысы болса, ауруханадан тыс жасанды жүрек -өкпелік реанимация шараларын жүргізудің қажеті жоқ. Себебі мұндай жағдайда жүрекке соққылы түрде жасанды массаж жасағанда жүрек ритімі бұзылып, аритмия туындауы мүмкін, ал бұл өте қауіпті.

Ал егер науқас ес түссіз жағдайда және жүрек соғысы мен тынысы анықталмайтын жағдайда табылса, жүрек өкпелік реанимация жасау жалғыз көмек шарасы болып табылады. Мұндай адамға дереу ауруханаға жеткізіліп, емдік шараларды күттірмей бастау керек. Себебі осындай жағдайда адамның өліп кету қауіпі аса жоғары. Үсуден кейінгі өлім науқасты жылытып, реанимация шараларынан кейін өмір белгілерін көрсетпесе ғана тіркеледі.

Үсу кезінде не істеуге болмайды?

  1. Науқасты жылту мақсатында кофе немесе спиртті ішімдіктерді беруге болмайды.
  2. Сонымен қатар үсіген адамды алдын ала жылы температурада жылтып алмай, ыстық сулы ваннаға түсіруге болмайды.
  3. Үсуге ұшыраған тері аумақтарын интенсивті түрде қармен, маймен және спиртті ертінділермен уқалауға мүлдем болмайды.
  4. Тері аумағында пайда болған көпіршікті түзілістерді қолдан жаруға болмайды.
  5. Науқасты жылту үшін ашық лаулап тұрған отты пайдалануға тиым салынған.
  6. Осы аталған жылту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына алып келіп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағудың көріністеріне, тіпті ауыр жағдайға дейін алып келеді.

Үсіктің профилактикасы: ағзаны суық сумен шынықтыру. Бұл қанайналымды жақсартып, суыққа төзімділікті арттырады. Жылы киімдерді кию.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!