Сал ауруы. Паралич
Бүкіл жан-жануар мен адамның қимыл-әрекетін ерікті және еріксіз (шартсыз) деп бөледі. Шартсыз қимыл-әрекетің негізінде созылу қарапайым рефлексі немесе миотатикалық рефлекс жатады.
Интрафузалды талшық (актин) – оның ортасында спираль тәрізді рецептор жатыр, оның бір жақ шеті сіңірмен, ал екінші жақ шеті экстрафузалды талшықпен байланысқан. Интрафузалды (миозин) талшықтарынан сигнал жұлынның алдынғы мүйізіндегі γ –жасушаларға беріледі. Сигналдың жартысы α-мотонейрондарға беріледі,одан шыққан сигнал экстрафузалды талшықтарға жетеді. α жасушаларынан экстрафузалды талшықтарға берілетін сигналдың жартысы қайтадан Рэншоу жасушаларына қайтып келеді (экстрафузалды талшықтарға келіп түсетін артық импульстарды реттеуші орталық). Оларда жұлынның алдынғы мүйізінде орналасады, яғни γ-ілмек түзеді. Рефлекторлы(шарттсыз) іс-қимыл жасау үшін тітіркенгіш пен рефлекторлы доға біртұтастығы қажет.
Шартты қимыл жасау үшін ми қыртысының алдынғы орталық иірімінен және орталық алды бөлігінен импульс жұлынның алдынғы мүйізіне жетіп, одан әрі алдыңғы түбір арқылы, өрімнің қимылға жауапты бөлігімен нерв арқылы бұлшық етке жетеді. Қыртыс-бұлшықет жолы 2 нейроннан тұрады: орталық және периферикалық. Орталық нейрон денесі мандай бөліктін алдыңғы орталық иірімінің 5-ші қабатындағы Бецтың үлкен пирамида жасушаларында орналасқан. Пирамида жолы деп аталатын аксон бойымен импульс ішкі капсуланың артқы саны, ми аяақшасы, варолиев көпірі, сопақша ми арқылы өтеді. Сопқша ми мен жұлын шекарасында пирамида жолының (80%) қарсы жаққа өтіп, жұлынның бүйір бағанына кіріп әрбір сегмент деңгейінде ( 31-32 сегмент бар) жұлынның алдынғы мүйізінде орналасқан перифериялық нейронмен синаптикалық байланыс түзеді.
Содан кейін алдыңғы түбір құрамындағы аксон бойымен өрім мен нервтың қимылға жауапты бөлігі арқылы бұлшықетке беріледі. Егерде қимыл-қозғалысқа аяқ,дене бұлшықеттері қатысса, импульс қыртысты-спиналды(пирамидалы) жол арқылы жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан 2-ші нейрон денесіне бағыталады. Егерде қимыл-қозғалысқа көмей, жұтқыншақ, бет, тіл бұлшықеттері және шайнайтын, көз қимылдатын бұлшықеттер қатысса импульс кортико-ядролы жол құрамында бмн сай қимылдататын ядроларға беріледі, онда периферикалық нейрон денесі орналасқан, ары қарай импульс қимылдатқыш түбір мен нерв арқылы бұлшық етке жетеді.
Сонымен, егерде орталық нейрон пирамидалық жол болса (қыртыс-бұлшықет жолының жартысы), онда периферикалық нейрон рефлекторлы доғаның эфферентті бөлігін құрайды. Қыртыс-бұлшықет жолы зақымдалған кезде паралич немесе сал ауруы (салдану) дамиды, Паралич – қимыл мен бұлшық ет күшінің болмауы. Немесе парез – қимыл-қозғалыс шектігі мен бұлшық ет күшінің төмендеуі. Перифериялық нейрон зақымдалған кезде шеткі паралич дамиды.
Перифериялық және орталық паралич (салдану) белгілері
Перифериялық паралич
- атония
- арефлексия
- атрофия
- Фибриллярлы тартулар
- ЭМГ-да қайта құрылу реакциясы
Орталық паралич
- гипертонус
- гиперрефлексия
- патологиялық рефлекстер
- Патологиялық синкинезиялар
- Беткей рефлекстердің жоғалту
Бұлшықет белсенді қимыл-қозғалыс импульсын қабылдамаған кездеде қатайып тұрады – тонуста болады. Бұлшықетті созған кезде тонуста болғандықтан, ол қарсыласады-мұны – миотатикалық рефлекс деп атайды. Алдыңғы мүйіз жасушалары: – үлкен α мотонейрондар – кіші α мотонейрондар. Үлкен α мотонейрондар жылдам жиырыла алатын ақ бұлшықет талшықтарын иннервациялайды. Кіші α мотонейрондар тонус пен позаға жауап беретін қызыл бұлшықет талшықтарын иннервациялайды. Алдыңғы мүйіздің 1/3 жасушасын γ-мотонейрондар құрайды. Мотонейрондар аксондары периферияға алдыңғы түбірмен перифериялық нервтар арқылы жүреді. α мотонейрон аксоны экстрафузальды бұлшық ет талшықтарында аяқталады. γ-мотонейрон аксоны бұлшық ет иіріміне (интрафузальды) келеді.
Ұршықтың ортаңғы бөлігінде спинальды ганглидың спиралды рецепторы бар жасуша орналасады. γ-мотонейронын импульсі бұлшық ет ұршығынының жиырылуына әкеледі, бұл өз кезегінде спинальды ганглидың тітіркенуіне әкеледі. Қозу α-мотонейронға беріліп бұлшық еттің тоникалық қатаюына әкеледі. Спинальды гангли нерв талшықтарының дендриттер бөлігінің жартысы бұлшыұ ет ұршығында емес, сіңір рецепторларында аяқталады. Олар α-мотонейрон белсенділігін тежейтін импульстарға рецептор болып табылады. Бұл сезімтал нейрондардың аксоны α-мотонейрондармен қатынасқа түсетін қосымша жасушада (Рэншоу) аяқталады. Бұлшық еттің қатаюы бұл рецепторлардың қозуына әкеледі. Сондықтан олар жоғары әсерлі деңгейлі күш түскенде ғана қозады. Бұл кезде пайда болатын қимыл патенциалы жұлынға беріліп, α-мотонейрондарды тежейді. Алдыңғы мүйізді тежелуі синергиялық бұлшықеттердің босаңсуымен бір уақытта антагонист бұлшықеттердің жиырылуына әкеледі.
Әдетте сал болу (плегая) немесе қимыл-әрекеттері әлсіреуінің (парез) мына төмендегідей варианттары болады:
- моноплегая — аяқтың немесе қолдың сал болуы;
- монопарез — аяқ немесе қол қимыл әрекеттерінің төмендеуі (әлсіреуі);
- параплегия — екі аяқтың немесе екі қолдың салдануы;
- парапарез – екі аяқтың немесе екі қолдың әлсізденуі;
- гемиплегия — оң немесе сол жақ дененің сал болуы;
- гемипарез – оң немесе сол жақ дененің, әлсізденуі;
- тетраплегая – екі аяқ пен екі қолдың сал болуы;
- тетрапарез — екі аяқ пен екі қолдың әлсізденуі.
Бұлшық ет әлсізденуін (парезді) анықтайтын әр түрлі арнайы сынақтар қолданылады
- Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді.
- Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В).
- Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.
Бұлшық еттердің жеңіл әлсіздігін анықтайтын клиникалык. сынақтар:
- Вендерович сыны. Сырқат шынашағын шеттетуге әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды.
- Барренің төменгі сыны. Сырқат көзін жұмып шалқасынан жатқызылады да екі аяғын 60° шамасында созып, еңісте немесе ол етпетінен жатып аяқтарын тізеден бүгіп ұстап тұруға тырысады. Осындай жағдайларда сырқат әлсіреген аяғын сол қалпында ұстап тұра алмайды.
Бұлшық ет қуаттылығының (тонусының) патологиялық өзгерістері
Гипотония – бұлшық ет серпімділігінің төмендеуіне байланысты оның созуға қарсылығы кемуі мен қозғалыс көлемінің ұлғаюы.
Атония – бұлшық серпімділігінің жойылып, ол болжырап (өте жұмсарып) ырықсыз қимылдарға мүлде қарсылық көрсете алмауы. Мұндайда қозғалыс мөлшері шамадан тыс ұлғаяды (аяқты бүккенде сан қарынға тиеді, қолды бүксе алақан қарға жетеді).
Гипертония – бұлшық еттің сіресіп қатаюы. Бұлшық етті уыстап қысып байқасаңыз, ол қатайып әрі-бері козғау қиындай түседі.
Синкинезиялар
- Глобальды (жалпы) синкинезиялар — сау аяқ-қол мен кез келген қимылдар (жұдырық түю, қолын немесе аяғын жоғары көтеру т.б.) жасаған кезде сал болған қолында немесе аяғында еріксіз қимыл-дар пайда болуы. Мұндайда сал болған қол шынтақтан және қол ұшынан бүгіледі де ішке қарай тартылады.
- Координациялық (үйлестіргіш) синкинезиялар. Екі қолды алға қарай созғанда парез болған жағының саусақтары жазылып, арасы ашылады (ыдырайды). Дәрігер сырқаттың тізе буынын қолымен басып, оған сирағын бүгуіне кедергі жасалса, парез болған жағындағы аяғының ұшы мен үлкен бақайы еріксіз созылады (жазылады).
- Иммитациялық (еліктеу) синкинезиялар. Екі қолды алға қарай созып, сау қолды іш жаққа бұрса, сал болған қолда еріксіз қимылдар пайда болады. Сау аяқты ішіне және сыртына қарай қозғаған кездегі дәрігердің осы қимылдарға қарсы ықпалын жеңуге талаптанған сырқаттың сал болып қалған аяғында дәл осындай еріксіз қимылдар пайда болады.