Жұлын жарақаты. Жұлын шогы

Жұлынның жарақаты

Жұлын жарақаты ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық жұлын жарақаты– барлық жарақат арасындағы 0,3% құрайды, яғни тері қабаттары мен жұмсақ тіндер зақымдалмайды. Ашық жұлын жарақаты -тері қабаттарын  зақымдаумен жүреді.

Жұлын шайқалуы –функциональді өзгерістермен жүретін парез, паралич арқылы көрініс беретін патологиялық жадай. Науқастың сауығып жазылып кетуі бірнеше минуттан 2-3 аптаға дейін созылады.

Жұлын жарақаты – пато-морфологиялық өзгерістермен жүретін (некроз, қан кету және т.б ) ауыр жағдай болып табылады..

Жұлын жаншылуы – жұлынның сүйек каналында болуына байланысты оның жаншылуына әкелуі мүмкін:

  • омыртқа сүйектерінің сынықтарының жылжуымен жүретін;
  • омыртқа аралық дисктарының жылжуы;
  • бөгде затардың болуы
  • эпидуральды гематомалар

Жұлын жарақаты зақымдалуы

Жұлын жарақатының негізгі көріністері:

  • Бас сүйек жарақатына қосылған, есінің жоғалуы
  • Мой немесе бел бөлігіндегі қатты ауырсынуға шағымдану
  • Негізгі шағымдары әлсіздік ,сезімталдықты жоғалту, аяқ-қол параличы ,зәр шығаруды басқара алмау
  • Мойын мен денесінің қалыпты денгейде болмауы

Шұғыл көмек: Дәрігердің басты мақсаты науқас жағдайын бағалап алуы керек. Таза жұлын зақымдалуы ма, алде басқа да жарақат барма екенін анықтау тиіс. Аралас жарақат болса патологиялық жағдайды емдеу керек: қан кетуді тоқтату, тыныс алуды қалыптастыру, гиповолемияны алдын алу шарт.

Науқасты қозғалыссыз күйде жатқызып басына фиксация жасау керек. Егер қанайналыс көріністері (тыныс алуы, жөтел, қозғалыс) болмаса өкпе-жүректік реанимация жасау керек. Жұлын жарақаты бар науқасты тек құсу кезінде, аузынан қан кеткенде ғана абайлап қозғалтуға болады. Ол ушін басын денесін бір деңгейде ұстап 2 адам орындауы тиіс.

Ауыр тыныс жеткіліксіздігі болса тыныс жолдарын тазалау тыныс алуына көмектесу керек. Мойын бөлігіндегі жарақат байқалса, тыныс жолдарының өткізгіштігін абаймен қарап, шұғыл трахеостомия жасалады. Егер науқаста апноэ немесе тахипноэ тыныс алу жиілігі 50 жоғары болса немесе брадипноэ минутына 10 нан аз болса өкпеге жасанды тыныс алдыру керек (ИВЛ).

Осы уақытта қанайналым бұзылысымен күресу керек. Егер қан кету жұлын шогы әсерінен болса вазопрессорлар (норадреналин, мезатон, фетанол) және глюкокортикоидты гормон қолдану керек.

Бастысы — омыртқаға иммобилизация жасау, жұлынды екіншілік зақымдаудан қорғау керек, яғни науқасты тасымалдау кезінде абай болу, жұлын-ми жолындағы тамырлардың зақымдалуын, гематомалардың алдын алу;

Мойын болігіндегі жарақат болса мойынды солға бұрып немесе алға массивті мақталы-дәкемен таңғыш саламыз. Кеуде және бел бөлігі зақымдалуында науқасты тегіс қатты тақтайға жатқызамыз. Егер бел бөлігінде жара болса, ішімен жатқызу керек. Кеудесі мен жамбасына валик салып ауруханаға жеткізіледі.

Егер омыртқа зақымдалуымен қоса жұлын зақымдалуы болса науқасты зембілге байлап тасымалдау керек. Мұндай жағдайда науқасты 3 адам орналастырғаны дұрыс: біреуі басын ұстап, екіншісі белінен, үшіншісі жамбасымен аяқ болігінен ұстайды. Иммобилизация алдында бұлшық етке анальгин 1% 1 мл саламыз, қатты ауырсыну байқалса промедол ерітіндісі 2%-тік түрін. Сонымен қоса, ашық жарақат болса жараны фурацилин ерітіндісімен сүртіп асептикалық дәке салынады.

Жұлын жарақатын диагностикалау

Бірінші қадам медициналық қарау. Дәрігер ауру тарихын сұрақ қою арқылы толтырады. Жарақаттан кейін қанша уақыт өткенін  білу міндетті. Басты шағымдары қолындағы немесе аяғындағы әлсіздік, зәр шығару және т.б мүше қызметін бақылай алмауына мән беру керек.

Инструментальді зерттеу:

  • рентгенограмма (спондилограмма) екі проекцияда
  • Рентгендік компьютерлік томография (КТ);
  • Магнитті –резонансты томография (МРТ).

Келесі қадам – мойын немесе бел бөлігіне рентген. Ол арқылы жұлын жарақатын анықтау және де жұлын жарақатының пайда болуына әсер ететін инфекция, ісік барын анақтаймыз.

Компьютерлік томография –рентгенде көрінбейтін омыртқа зақымдалуын көрсетуі мумкін. Магнитті-резонансты томография – жұмсақ тіндердегі, нерв, жұлын жарақатын дәл көрсететін зертеу әдісі.

Жұлын жарақаты

Жұлын пункциясы –омыртқаның жабық жарақатында жасалады. Тек мойын бөлігіндегі зақымдалулар мен шұғыл операция керек болған жағдайда жасалмайды.

Жұлын шогы — жұлын жарақаты әсерінен пайда болатын, симпатикалық нерв жүйесінің импульс өткізуі бұзылып, кезбе нерв тонусы жоғарылауы. Басты клинкалық көрінісі артериальді гипотензия және брадикардия.

Клиникалық көрінісі жұлын жарақатының деңгейіне байланысты болады. Толық түрде яғни зақымдалудан төменгі деңгейде қозғалыс және сезімталдықтың толықтай жойылуы және жартылай түрде жойылуы байқалады.

Жұлын шогы кезіндегі көмек:

  • Тыныс алу жүйесін бақылау
  • Зақымдалған омыртқа деңгейінде иммобилизация (ішкі фиксация);
  • Тамыр ішілік инфузия кристаллоид ерітінділерімен орташа артериялық қысымды ұстап тұру үшін
  • Ауыр брадикардия болса тамыр ішіне 0,5 – 1,0 мг атропинді әрбір 5 минут сайын енгізу;
  • неврологиялық дефицит болса алашқы 8 сағатта гормональді ісікке қарсы терапия: глюкокортикоидтармен схема бойынша: алғашқы 15 минутта метилпреднизалон 30 мг/кг дозасында, кейін 23 сағат бойы 5,4 мг/кг/сағ жылдамдығымен жіберу

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!