Апгар шкаласымен нәрестені бағлау үшін келесі қадамдарды орындау керек.
- Қолды жуу, бір рет қолданылатын орамалмен сүртіп стерильды қолғапты кию.
- Нәресте туа салысымен жүрек соғысын санау. Нәрестенің ЖСЖ минутына 100 реттен жоғары болса – 2 балл, 100 реттен төмен – 1 балл және жоқ болса – 0 бал
- Тыныс алу жиілігін санау. Тыныс алу жиілігі 40–50-ден жоғары болса минутына (айғайы қатты) – 2 балл, 40-ден төмен – 1 балл, тыныс алу жоқ – 0 балл.
- Рефлекторлы қозғыштықты тексеріп бағалау. Қимылы белсенді, айғайы қатты- 2 балл, қимылдар, нәрестенің бетінде наразылық белгісі- 1 балл, реакция жоқ- 0 балл.
- Терісін бағалау. Терісі қызғылт түсті- 2 балл, акроцианоз- 1 балл, терісінің айқын боздығы – 0 балл.
- Бұлшық ет тонусын бағалау. Нәрестенің қимылы белсенді- 2 балл, аяқ колдарының аздағап бүгілуі – 1 балл, қимылы жоқ- 0 балл
- Туа салысымен 1 минут ішінде нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау.
- Туған соң 5 минуттан кейін нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау.
- Жалпы балл саны бойынша нәрестенің жағдайы туралы қортынды жасау , асфиксия бар жоғын анықтау.
- Қолғапты шешіп, контейнерға тастау. Қолды жуіп бір рет қолданылатын орамалмен сүрту.