Гипогалактия

Гипогалактия

Анықтамасы, жіктелуі, алдын алуы және емі. Лактостаздың емі. Жарылған сүт безі емізіктерін емдеу.

Гипогалактия – сүт безінің функциясының төмендеуі.

Себептері:

  1. лактогенез, галактопоэз процесінің бұзылуы;
  2. сүт бөліну уақытының қысқаруы, баланы омыраумен аз уақыт тамақтандыру салдарынан пайда болады.

Лактация жетіспеушілігінің пайда болу мерзіміне қарай жіктелуі:

  • Ерте – босанғаннан кейін алғашқы 10 күнде дамды;
  • Кеш – босанғаннан 10 күн өткеннен кейін дамиды

Пайда болу себебіне байланысты біріншілік және екіншілік түрі деп бөлеміз.

Біріншілік гипогалактия – ол бірінші рет омырауға салған кезде сүттің аз бөлінуі. Ол әйел организміндегі нейрогуморальдық және конституциялық өзгерістерге байланысты туындайды.

Екіншілік гипогалактия –басында анасының сүті жеткілікті болады, бірақ кейін лактация төмендейді де , баланың сүтке қажеттілігін толық өтей алмайды. Кейде сүт деңгейі өзгеріссіз болуы мүмкін, бірақ ол өсіп келе жатқан баланың қажеттілігін өтей алмаса , гипогалактия болып табылады.

Екіншілік гипогалактияның дамуы ауыр гестоз тудыруы мүмкін. Екіншілік гипогалактияның мүмкін себептеріне сонымен қатар:

  • Босанудағы немесе ерте босанудан кейінгі қан кетулер
  • Акушерлік операция кезіндегі жараққаттар
  • Босанғанннан кейінгі инфекциялар
  • Мастит
  • Емізікшелердің тілініп қалуы
  • Психикалық травмалар
  • Нәрестені емізетін ананың басқа да аурулары (тұмау, баспа , туберкулез, эпилепсия) және т.б

гипогалактия қазақша

Гипогалактияның алдын алу шаралары

Гипогалактияның алдын алу жүктілікке дейін жүргізілуі тиіс.

Жүкті әйелге учаскелік дәрігер немесе ана мен бала орталығында баланы дұрыс емізудің 10 принципін дұрыстап түсіндіру керек.

Бұлар туралы ақпаратты біздің сайтымыздың келесі сілтемелерінен көріңіздер:

  1.  Жаңа туғаннан 2 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру.
  2. Омыраумен емізу ережелері

Сонымен қатар , біле жүріңіздер:

  1. бала емшекті қалаған уақытында және қалаған мөлшерде емеді. Бірақ анасы баласының тамақ ішкісі келіп жылағанын басқа жатырқаулардан айыра білуі қажет (сулы жаялықтар, і штегі шаншулар, метеоризм және т.б.).
  2. Алғашқы бірнеше күн бойы бала тәулігіне 10-14 рет тамақтанады;
  3. 2-3 аптадан соң балада өзінің ырғағы пайда болады. Орташа есеппен алғанда, бала тәулігіне 6-8 рет тамақтанады, яғни 2-3 сағат сайын;
  4. Алғашқы айда бала емізу 8-12 рет болуы мүмкін;
  5. 2-3 айда 6-8 рет болуы мүмкін;
  6. 4-5 айдан бастап тәулігіне 5-6 рет.
  7. Түнгі үзілістерді жасаудың қажеті жоқ, себебі түнгі сүт өте нәрлі. Тамақтандыру ұзақтылығы әр балаға жеке болып келеді. Орташа алғанда бір тамақтандыру 20-30 минутты құрайды.

Ескерту: Баланы емізу мөлшері салыстырмалы түрде көрсетілген. 6 айға дейін баланы қалауынша, күндіз де, түнде де, әр жылаған сайын емізу әр ананың міндеті!

Келесі кеңестерді есте ұстаңыздар:

  1. Гипогалактия болмас үшін сүт безін тіліп алудан, зақымданудан , стресстік жағдайлардан сақтанып жүріңіздер. Ана өз-өзіне ыңғайлы жағдай жасауы тиіс. Ананың дұрыс күтінуі – бала денсаулығының басты кепілі!
  2. Құнарлы тамақтаныңыз, күн тәртібі мен демалуыңызды қамтамасыз етіңіз.
  3. Баланы емізуге сүт безін дайындау керек, сүт безі тінінің қатаюын және емізікше мен ареоланың жоғары серпімділігін қалыптастыру үшін механикалық әдістерді қолданып массаж жасаңыз.

Гипогалактия емі

Дәрісіз емі

  • Емізгеннен кейін және омырауды сауғаннан кейін сүт безін ыстық суумен жуу . Су температурасы 45 градус болу керек. Бірмезетте орталықтан шетке және жоғарыдан төмен қарай массаж жасаймыз. Массажды әрбір сүт безіне 10 минут бойы күніне 2 рет жүргізу керек . (Есте сақтаңыздар! Массажды мастит және айқын лакторрея кезінде жасауға болмайды!)

Физиотерапиялық әдістер:

  • Сүт безін ультракүлгін сәулелендіру (1/4 – 1 биодозаға дейін, 10 күн бойы );
  • Ультражоғары жиілікті электромагнитті алаңмен өңдеу (10 минуттан 10 күн бойы);
  • Никотин қышқылымен электроферез;
  • «Солюкс» лампасымен жылыту (5 минуттан 30 минутқа дейін), күнделікті ем уақытын 5 минутқа ұзарту, курс 5-10 күн.
  • Сүт безіне парафин аппликациялары
  • Вибрациялық массажды диатермиямен кезектесіп отыру
  • Ине рефлексотерапия

Гипогалактияның дәрілік емі

Дәрілік емді кешенді түрде жүргіземіз. Кешенді 7-10 күнге тағайындаймыз, қажет болса қайтадан тағайындауға болады.

Бірінші кешен:

  • апилак 0,01 г-нан 3 рет тіл астына толық сорылғанша;
  • «Гендевит» (30 жасқа дейінгі әйелдерде) немесе «ундевит» (30 жастан асқан әйелдерде) күніне 1 дражеден 2 рет, тамақтан соң;ң
  • Е дәрумені күніне 3 рет, бір рет қабылдағанда – салмағы 60 кг дейінгі әйелдерге 0,1 гр, 60 кг артық салмаққа 0,2 гр
  • Глютамин қышқылы 1,0 грамнан күніне 3 рет, тамақтанудан 20 минуттан кейін . Есте сақтаңыздар! Таблетканы шайнамау керек.
  • Никотин қышқылының (PP дәруменінің ) жеке дозасы таңдалынады. (0,05-0,1 гр) тамақтан соң күніне 4 рет, баланы емізуге 15-30 минут қалғанда ішу керек.
  • Никотин қышқылының дозасы дұрыс болып келесі белгілер байқалғанда саналады: Дәріні қабылағаннан кейін омырауда сүттің құйылуы сезімі пайда болса. Олай болмаса, оны 0,025 г немесе бір реттік дозасы 0,1 г жеткенге дейін жоғарлатады.

Екінші кешен:

Есте сақтаңыздар! Бірінші кешен нәтиже бермесе, онда бірінші кешен біткеннен 7-10 күн өткеннен кейін тағайындалады.

  • Сыра ашытқысы 60 гр күніне 3 рет немесе құрғақ ашытқы 1 шай қасықпен күніне 3 рет немесе гефефитин 1 таблеткадан күніне 4 рет;
  • Тиоктов қышқылы 1 таблеткадан күніне 3 рет;
  • Аспаркам 1 таблеткадан күніне 3 рет.

Біріншілік лактостаз босанудан кейін 2-4 күндері пайда болады. Бұл жағдайда жылы суды шектеген жөн. Баланы жиі омырауға салу керек. Егер де , сүттің құйылуы түнде байқалса, бала ұйықтап жатса да, омырауды сауып тастау керек.

Айқын лактостаз кезінде дәрілік ем тағайындалады:

  • Синэстрол 300 бірлік (Единиц) бұлшықетке бір рет енгізу;
  • Сүттің тұтқырлығын төмендететін дәрілер: 25% магний сульфаты ерітіндісі 30 мл-ден күніне 2 рет немесе гипотиазид 0,1 г)
  • Сүт безінің сүтті бөліп шығару қызметін жоғарлататын дәрілік заттар: мұрынға 4-5 тамшы окситоцин тамызу және баланы емізуге 10 минут қалғанда 1 таблетка прозерин қабылдау;

Екіншілік (қабынулық) лактостаз кезінде:

Омыраудағы ауырсыну дене температурасының 38 градус және одан да жоғары болуымен, қалтыраумен өтсе, онда дәрілік емді 2-3 күн бойы қабынуға қарсы еммен бірге жүргізеді. Бұл кезде анасы өзінің тамақ рационын біраз шектеп, баланы омыраумен емізуді жалғастыра беруі өте маңызды! Балаға ауырған омырауды емізген кезде , омыраудың қатайған және ауыратын бөлігін емізікке қарай уқалап, баланың тұрып қалған сүтті соруына көмектесу керек.

Жарылған емізіктерді емдеу үшін келесі дәрілік заттар қолданылады:

  • Галаскорбин – 100 мл дистилденген суға 2 шай қасықты ерітіп, онымен салфетканы сулап, күніне жараны 3-4 рет өңдеу.
  • Зақымдалған бөліктерге күніне 2 рет 5% синтомицин линиментін жағу . Оны омыраумен емізу алдында міндетті түрде жуып тастау керек!
  • Эвкалипт тұнбасын қолдану – эвкалипт жапырағына суық су құйып, оны 15 минут бойы қайнатып, 2 сағатқа тұндырып қою керек, баланы емізу алдында осы тұнбамен емізікті өңдеу керек.
  • 2% хлорофиллиптің майлы ерітіндісі – бала еміп болғаннан кейін емізікті өңдеу.

Автор: Молдаханов Еркебулан

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!