Жүктілікті көтере алмау. Емдеу жолдары
Әртүрлі авторлар бойынша жүктілікті көтере алмаушылық жиілігі әр елде 10% – 30% түзеді. Қазақстан Республикасында уақытынан бұрын босанудың жиілігі 7-10% құрайды. Түсіктердің жалпы жиілігі 40 жастан жоғары әйелдерде шамамен 75% түзеді. 80% жағдайда өздігінен түсік 12 аптаға дейін болады, мұның 70% хромосома ақауының нәтижесі болып табылады.
Жүктілікті көтере алмаушылық — ұрықтанудан бастап 37 аптаға дейінгі аралықта жүктіліктің өздігінен үзілуі.
- Түсік –22 аптаға дейін жүктіліктің үзілуі, ұрық салмағы 500гр Жасанды—дәрілік заттармен немесе инструментальді жолмен шақырылған түсік.
 - Өздігінен түсік —табиғи себептерден туындаған түсік
 - Криминальді (ауруханадан тыс, заңсыз) аборт —заңды құқығы жоқ адаммен, медициналық мекемеден тыс жерде жүргізілген түсік
 - Медициналық түсік —12 аптаға дейін медициналық мекемеде әйел қалауы бойынша жүктінің ауруларына байланысты жүргізілген түсік.
 - Ерте түсік —Жүктіліктің 16 аптасына дейінгі түсік.
 - Дамымаған түсік —Эмбрион өліп, бірақ жатырдан шықпаған түсік.
 - Үйреншікті түсік —3 және одан көп болған өздігінен түсік
 - Кеш түсік —Жүктіліктің 16-22 апта мерзіміндегі түсік.
 
Жүктіліктің үзілуіне әкелетін факторлар:
- Аналық
 - Плацентарлы
 - Ұрықтық
 - Орта факторлары
 
Себептері:
- Белгілі себептер 50-60% жағдайда
 - Белгісіз себептер 40-50%
 
БДҰ (ВОЗ) жүктілікті көтере алмаушылықтың себебінің 6 тобын ажыратады:
- Инфекционды
 - Эндокринді
 - Генетикалық
 - Анатомиялық
 - Иммунды
 - Идиопатиялық
 

Жүктіліктің І үштігіндегі себептер:
- Гормональді қызметтің жетіспеушілігі
 - Гиперандрогения
 - Гипотиреоз, гипертиреоз
 - Жатыр даму ақаулары
 - Иммунологиялық бұзылыстар
 
ІІ үштіктегі себептер:
- Плацентарлы жетіспеушілік
 - Истмико-цервикальді жетіспеушілік
 - Антифосфолипидті синдром
 - Урогенитальді инфекция
 
ІІІ үштіктегі себептер
- Жүктілік асқынулары
 - Экстрагенитальді аурулар
 - Урогенитальді инфекция
 
Аналық факторы:
- Жасы (< 18 жас > 30 жас)
 - истмико-цервикальді жетіспеушілік
 - Жатыр даму ақаулары
 - ЭГА
 - Инфекционды аурулар (грипп, ВГ)
 
Ұрықтық факторы
- Тума ақаулар
 - Гестация асқынуы
 - Гестоз
 - Резус-конфликт
 - Плацентаның жолда жатуы
 - ҚОПУБА
 - Ұрық дұрыс орналаспауы
 - Көп ұрық, су көптік
 
Жүктілікті көтере алмаушылық (ұрық салмағы 500 – 1000 грамм).
Негізгі себебі:
- ИЦЖ
 - Инфекция
 - Жыныс жолдарында инфекция
 - Ұрықтың өкпесі жетілмеген, алдын алу тиімсіз
 - Ұрық үшін нәтиже қолайсыз
 
28-33 апта (ұрық салмағы 1000-1800 грамм).
- 30% алғаш босанушылар
 - Алдын алу эффектілеу (2-3 тәулік)
 - Жүктілікті созу мүмкін және күту тактикасы жүргізіледі
 - Ұрық үшін нәтиже қолайлы
 
34-37 аптада (ұрық салмағы 1900 – 2500 грамм).
- Инфекция ролі аз
 - Алғаш босанушылар 50%
 - Ұрық өкпесі жетілген
 - Көбінесе күту тактикасы жүргізіледі
 - УББ диагностикасы әйел шағымына негізделген.
 - Қосымша тексеру әдісіне УДЗ жатады
 
УББ жүргізу
- Токолиз жүргізу
 - Босану процессінің дамуына мүмкіндік жасау
 - Күту тактика және жүктілікті созу
 
Токолизге көрсеткіштер
- Жүктілік мерзімі 37 аптадан төмен
 - Жатыр мойын ашылуы 3см-ге дейін.
 - Ұрық дисстресінің болмауы
 - Амнионит, преэклампсия, қан кетудің болмауы
 
Латентті фазада 22-34аптада
- РДС алдын алуы
 - Токолиз
 - Эритромицин 0,25 – 4 рет күніне босануға дейін
 - 3-деңгейге ауыстыру 32 аптаға дейін
 - 32 аптадан жоғары 2 деңгейге ауыстыру
 
Активті фазада 22-34 аптада
- Ампициллин 2г к/т 4 рет босануға дейін
 - Неонатологты шақыру
 - Босандыру
 
Латентті фазада 34-37 аптада
- Токолиз транспортировкаға
 - Эритромицин 0,25 – 4 рет күніне босануға дейін
 - 2 деңгейге ауыстыру
 
Активті фазада 34-37 аптада
- Ампициллин 2г к/т 4 рет босануға дейін
 - Неонатологты шақыру
 - Босандыру
 - Босанғаннан кейін инфекцияның белгісі болмаса антибактериалды ем жүргізілмейді
 
РДС алдын алу жүргізіледі 24-34 аптаға дейін
- Дексаметазон б/е 6мг дозада 12 сағат сайын /24мг 48 сағ аралығында/ немесе бетаметазон 12мг б/е 24сағат сайын /24мг 48 сағ арасында/
 - 22-23 аптада әсері болмайды
 - Кайталау қажет емес
 
Токолиз
- Нифедипин 10мг тіл астына 15 минут кейін 10мг қайталау.Содан кейін 10мг 3-8 сағат сайын 48 сағат ішінде. Мах-160мг күніне.
 - Босану қызметі басылғаннан кейін токолиз қажет емес.
 - Көтере алмаушылықта бета-миметиктер.
 
Амнионит белгілері
- Температура 37,8°С
 - Лейкоцитоз 15 мың.
 - Тахикардия 100 соқ/мин-нан көп
 - Қынаптан бөліністер
 - Жатыр ауырсынуы
 - Тахикардия ұрықта 170 соққы/мин көп
 
Кесар тілігіне көрсеткіш
- Ұрық гипоксиясы
 - Жамбаспен келу ұрыққа қауіп төнсе
 
Басталған жүктілікті көтере алмаушылық кезіндегі кесар тілігіне көрсеткіш
- Дұрыс орналаспауы ұрықтың
 - Ұрық жағдайының нашарлауы
 - Жатыр жыртылуы қаупі
 - Қағанақ суы кеткенде толғақ қоздыру нәтижесіз болса
 
 
 
