ҚОПУБА

Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы(ҚОПУБА)

Әдетте плацента нәресте туғаннан кейін бөлінеді, кейбір жағдайларда жүктілік босану кезеңдерінде плацента жатыр қабырғасынан бөлініп, ана мен баланың өміріне қауіп төндіреді. Жүктіліктің осындай асқынуын қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі дейді. Жиілігі — 0,1—0,5% аралығында.

Негізгі себептері:

  • Жатыр қабаттарының аурулары—(ұзаққа созылған қабыну, ісік, жатыр тыртығы).
  • Жатыр қабырғасының, созылуы (қаранақ суы көбейгенде, егіз жүктілікте).
  • Плацентаның дегенеративтік өзгерістері (ұзаққа созылған жүктілікте).
  • Жүрек-қан тамыр аурулары және гестоздар.
  • Жатырдың жарақаттануы
  • экстрагениталды аурулар (артериалды гипертензия, артериалды гипотония, жүрек ақаулары, бүйрек аурулары, қант диабеті, қалқанша без аурулары, туберкулез, мерез және т.б.);
  • АВ0 жүйесі және резус-фактор бойынша анасы мен ұрықтың қанының изосерологиялық сәйкессіздігі;
    аутоиммунды жағдайларные (жүйелі қызыл жегі);
  • қан аурулары (туа біткен және жүре пайда болған коагулопатиялар);
  • қабыну, оперативті араласулар, көп асқынған босанудан жатырда дегенеративті-дистрофиялық өзгерістер;
    жатыр даму ақаулары;
  • Плацентаның миоматозды түйінде орналасуы;
  • Жүктіліктің уақытынан көп жүріп қалуы.
ҚОПУБА плацента ажырауы
Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы

ҚОПУБА негізгі патогенетикалық тетігі болып, ретроплацентарлы гематома болып табылады. Ретроплацентарлы гематома ары қарай ұлғайса плацентаның одан әрі ажырауына әкеледі. Ол жатыр қабырғасының бұлшықетіне сіңіп (имбицияланып) Кувелер жатырына айналады.

Түрлері:

  • Симптомдардың сипаты плацента ажырау аймағына ғана емес түріне де байланысты.
  • Шетінің ажырауры – бөлінген қан түсі қою қызыл, әйелдің және ұрықтың жағдайының ауырлығы қан жоғалту көлеміне байланысты.
  • Орталық ажырау – жыныс жолдарынан қан кету болмайды, анасының жағдайы жедел нашарлауы және жүрек-қантамыр жүйесінің көрсеткіштерінің өзгерісі ішкі қанкетуді сипаттайды.
  • Комбинирленген қанкетуде плацента ажырауы  – ішкі және сыртқы қанкету байқалады.
  • Жаnыр қабырғасынан ажырау аймағына байланысты: бөлшектік ажырау — үдемелі, үдемейтін; толық плацента ажырауы.

ҚОПУБА клиникасы:

  • Қан кету түрі жатыр ішіне жиналуы (бозаруы,АҚҚ төмендеуі,пульс жиілеуі) немесе сыртқа қарай кетуі мүмкін.
  • Сыртқы қан кету қоңыр түсті, ұйындыларсыз
  • Жатыр ішінде локальді ауырсыну,гематоманың орналасуына сай болуы мүмкін.
  • Жатырдың гипертонусы анықталады
  • Ұрықтың гипоксиясы белгілері дамиды.

Клиникалық белгілері: іш ауырып жатыр қуысына қан құйылады. Бұл белгілердің айқындалуы қан кетуі мен плацентаның бөліну дәрежесіне байланысты. Әйелдің кенеттен іші қатты ауыра бастайды, басы айналып, әлсірейді, денесін тер басады. Өңі, еріндері бозарады, қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы жиілейді. Жүкті әйелді қараған кезде жатыры қатайып, оның барлық жері не болмаса бір ғана бөлігі ауырып, пішіні өзгереді, көбінде қан сыртқа ақпайды. Жатырдағы нәрестенің жағдайы нашарлап, оның жүрек соғысы өзгереді. Плацентаның 50%-тейі мезгілінен бұрын бөлінген жағдайда, жатырдағы нәресте тұншығып, шетінеуі мүмкін.

Диагностикасы: 

  • Анамнез жинау
  • Шағымы
  • Жалпы және акушерлік тексерудің көріністері
  • Қан кету мөлшерін анықтау
  • Айнамен арнайы қарау (жатыр мойны мен қынап патологиясы барма)

ФИЗИКАЛДЫ ТЕКСЕРУ

ҚОПУБА-ға күдіктендіретін симтпомдар:

  • қан бөліністері, іште ауырсыну;
  • гипертонус, жатыр ауырсынуы;
  • босану кезінде толғақ арасындағы үзілістерде жатыр босаңсымауы, ұрықтың жіті гипоксиясы немесе антенаталды өлім;
  • геморрагиялық шок белгілері.
  • Жүктілік кезінде қынаптық тексеруде жатыр мойны сақталған, сыртқы араң жабық.
  • Босанудың 1-ші кезеңінде ҚОПУБА кезінде ұрықтық көпіршік күшейген, кейде жатырдан ұйынды қан бөліністері болады.
  • Ұрық көпіршігін ашқанда қағанақ суы қанмен араласу мүмкін.

Аспаптық зерттеу

  • ҚОПУБА-ға күдіктенген кезде УДЗ-ны неғұрлым ерте жасаған жөн.
  • Тігінен және ұзынынан сканерлеу кезінде плацента ажыраудың орны мен аумағын, өлшемін және ретроплацентарлы гематома құрылымын  анықтауға болады.

ҚОПУБА удз

Зертханалық зерттеу: Гемостаз көрсеткішін зерттеуі ТШҚҰ синдромының дамуына көрсетеді.

ҚОПУБА кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек:

  • Әйелдің жалпы жағдайын бағалау (АҚҚ, пульс, ТАЖ, тері жабындыларының түсі, диурез)
  • “Жату” түрінде профильді стационарға тез арада жеткізу
  • Шок көрінісі болса алдын ала хабарлама беріп,физикалық ерітіндіні бастап енгізіп,жақын стационарға жатқызу.
  • Іштің төменгі бөлігіне суық басу.
ҚОПУБА клиникалық жіктелуі
ҚОПУБА ағымына қарай клиникасы
ҚОПУБА ауырлығы
ҚОПУБА ауырлығына байланысты жіктелуі

Дифференциалды диагностика

ажырату диагностикасы
Ажырату диагностикасы

Жәрдем дәрігерінің тактикасы:

  • Жақын жердегі акушерлік стационарға жедел госпитализация
  • Мүмкіндігінше 1-ші дәрежелі ауруханаға жеткізу.
  • Транспортировка тек  зембілмен.
  • Ауыр науқасты әкеле жатқаны туралы алдын ала ескертіп қою.
  • Қан тоқтату оперативті жолмен жүзеге асады (кесар тілігі, көрсеткіштер бойынша – ампутация, жатыр экстирпациясы).
  • Бір уақытта гемокоагуляция жүйесін коррекциялау
  • Жедел вена ішілік плазма алмастырушы заттарды (желатинол лакгасол, полиглюкин, реополиглюкин, рондекс, натрий хлориді,  және т.б.) аскорбин қышқылымен (3-5 мл 5% ерітіндіге), кокарбоксилаза (100-150мг), төмен АҚ-да преднизолон (60мг), гидрокартизон (150-200мг) бірге енгізу.
  • Жатыр жиырылу белсенділігін азайту үшін 10 мл 25%-тік магний сульфатын б.е-ке немесе 10 мл 20%-тік кормагнезин ерітіндісін б.е.
  • Айқын ауырсыну синдромында азоттың шала тотығы мен оттегінің ½ қатынасымен маскалы наркоз беру.
  • Наркотикалық аналгетиктер қолдануға болмайды (морфин, промедол, фентанил).

Госпитализацияға көрсеткіш: Жыныс жолдарынан жүктілік кезінде қан кету болса экстренді госпитализация акушерия және гинекология бөліміне.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!