Иерсиниоз ауруы
Иерсиниоз– инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолмен берілетін өткір зоонозды бактериалдық ауру. Клиникалық көрінісі полиморфизмді: асқазан-ішек жолдарын, буындарды зақымдаумен, сондай-ақ интоксикация, қызба өршуі және рецидивімен сипатталады.
Этиологиясы: қоздырғыштары-Verginia pseudotuberculosis (V.pst) және Versinia enterocolitica (V.ent). Versinia туысына, enterobacteria тұқымдасына жатады. О,Н антигендері бар (Vжәне W-вирулентті антиген). О-антигені бойынша 8 (V.pst) және 51 (V.ent) сероварианттары бар. Олар инвазияға және клеткаішілік паразиттауға қабілетті. Сонымен қатар эндо және экзотоксин бөліп шығарады. 22-28С (оптимальды) және 2-4С температурада көбейеді, сыртқы ортаға төзімді.
Эпидемиологиясы: Таралуы жергілікті және ошақты.
Инфекция көздері: – жабайы және синантропты кемірушілер (негізгі резервуар)
- ауыл шаруашылық жануарлар (ірі қара мал, шошқа, жылқы т.б.)
- үй жануарлары (ит, мысық)
- үй және жабайы құстар
- адам (ауру және бактериотасымалдаушы)
Берілу жолдары: – алиментарлы (негізінен жиі жеміс-жидекпен)
- су арқылы (ашық су қоймалары)
- тұрмыстық қатынас (жиі ауруханаішілік және жанұялық ошақта)
Мезгілі: қыс, көктем айлары. Иммунитет – толық жетілмеген.
Патогенезі: Негізгі факторлар:- инфекциялық
- токсикалық
- аллергиялық
- иммунопатологиялық
Ену жолдары-ішек және ауыз қуысының шырышты қабаты (тоқ ішектің бастапқы бөлігімен, мықын ішектің дистальді бөлімі).
Патогенез фазалары:- қоздырғыштың енуі және біріншілік зақымдалу (энтеральды)
- аймақтық ошақтарда көрінуі және жалпы реакция (регионарлы)
- генерализация, гематогенді диссеминация
- 2-лік көп ошақты, реактивті аллергиялық және иммунопатологиялық өзгерістер
Патологиялық анатомиясы: патологиялық процестің айтарлықтай өзгеру көрінісі оның қолайлы жерде орналасуымен байқалады.
Клиникасы: ішек иерсиниозы мен псевдатуберкулездің клиникалық көрінісі полиморфты және бір-біріне ұқсас. Сондықтан бұлдардың салыстырмалы диагнозы қиян.
Иерсиниоздың клиникалық жіктелуі:
Ауру формасы | Клиникалық варианты |
гастроинтестинальды | гастроэнтерин энтеротоксин гастроэнтероколит |
абдоминальді | мезентеральді лимфаденит терминальді колит жедел аппендицит |
генерализденген | аралас септикалық септико-ишемиялық |
2-шілік ошақты | артриттер |
түйінді эритема | |
миокардит | |
Рейтер синдромы және т.б. |
Ауыр ағымы бойынша:- жеңіл
- орташа ауыр
- ауыр
Ағымы бойынша:– өшірілген
- жедел
- созылыңқы
- созылмалы
Иерсиниоздың негізгі клиникалық көрсеткіштері: гастроинтестинальді формасы 50% жиілікте кездеседі. Интоксикация көрінісінде гастроэнтероколит түрі бойынша өтеді. Қосымшалық болуы мүмкін:- бауырдың ұлғаюы
- малиналы тіл
- буындағы ауырсыну
- катаральді көріністер
- әр түрлі сипаттағы шамалы бөртпе
- күйдіру сезімі (алақан және табанда)
- қабыршақтану (2-3 айдан кейін)
- толқын тәрізді ағым
Абдоминальды формасы:интоксикалық көріністе оң және мықын аймағында аппендицит, мезаденит ауырсыну синдромымен өтеді. Сонымен қатар артралгия және миалгия, бауыр ұлғаюымен жүреді.
Генерализденген формасы: аралас варианты-интоксикация симптомы (қалтырау, қызба, бас ауру, бас айналу, апатия, әлсіздік, ұйқысыздық, тершеңдік, сүйек сынғыштығы, бұлшық еттегі ауырсыну) немесе асқазан-ішек жолдарының симптомдарымен (іштегі ауырсыну, құсу, жүрек айну, іш өту) басталады.
Катаральді синдром (тамақтағы ауырсыну, құрғақ жөтел), алақан-табандағы күйдіру сезімі, буындағы ауырсынумен көрінеді.
Обьективті белгілерге сипаттама:- бет, мойын гиперемиясы
- қол-аяқ сүйектерінің гиперемиясы (қолғап, шұлық симптомы)
- коньюктивит
- энантема
- аурудың 2-3-ші күніндегі экзантема (кейде 1-ші күні) әртүрлі сипаттағы (дақты, папулезді, артикальді, эритрематозды т.б.) дақтар. Кейде қышумен бірге (ірі буынның айналасы және табиғи қатпарлардағы бүкіл денеге жайылған)
- 2-ші аптадағы қол саусақтары, алақан, табан терілерінің ірі немесе ұсақ пластикалық қабыршақтануы
- бауыр, көкбауыр ұлғаюы
- ағымның 5-6 күніндегі толқын тәрізді қызба
Болуы мүмкін; – гепатит
- серозды менингит
- пиелонефрит
- пневмония
Септикалық вариант: (2-3% жағдайда). Өзгерудің сипаты:
- гектикалық түрдегі ұзақ қызба
- қалтырау
- профузды
- айқын интоксикация
- әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдануы (пневмония, полиартрит, миокардит, эндокардит, менингоэнцефалит, жедел бүйрек жетіспеушілігі, гепатит т.б.
ІІ-лік ошақты форма: мына түрде көрінеді:
- моно және полиартрит ірі буындардағы (5-8%)
- гастроэнтерит өткергеннен кейін 2-3 аптадан кейінгі түйіндер эритема (2-10%)
- типтік көріністегі миокардит
- Рейтер синдромы (артрит, коньюктивит, уретрит)
Асқынуы:– токсико-инфекциялық шок
- жедел бүйрек жетіспеушілігі
Диагностикасы: иерсиниоз диагнозын зертханалық зерттеудің оң (+) қорытындысымен және клинико эпидемиологиялық мәлімет негізінде қояды.
Зертханалық әдістер:
- бактериологиялық (фекалин, зәр, қан, ми-жұлын сұйықтығы)
- қандағы, сілекейдегі, зәрде иерсиний антигенін анықтауға ИФА әдісі
- серологиялық (РА, РНГА)
Салыстырмалы диагнозы: иерсиниоздардың салыстырмалы диагнозын ас-токсикоинфекциясымен, сальмонеллезбен, дизентериямен, скарлатиналық және клиникалық көрінісі ұқсас басқа да аурулармен жүргізді.
Емі: ауру ағымының ауырлығымен және клиникалық формалардың көрінісімен жүргізіледі.
Комплекстік емге кіреді:
- режим
- диета
- патогенетикалық терапия (дезинтоксикационды)
- этиотропты препараттар (токсициклин, тетрациклин, гентамицин, левомицитин, цефалоспариндер, фторхинолонды препараттар және т.б.)
Көрсеткіштер бойынша:
-қабынуға қарсы препараттар
– иммунды корректорлар
Шығын:
- сауығу (негізгі)
- постиерсиниозды колит
- дәнекер тканьдердің жүйелік ауруларының қалыптасуы (түйінді периартрит) жүйелі қызыл жиегі, анкилоздаушы + спондилоартрит)
Шығару ережесі:иерсиниозбен ауырған адамдарды клиникалық сауығу көрінісі пайда болғанда шығарады.
Диспансеризация: анықталмаған
Профилактикасы: тамақтардың бұзылуын алдын алу үшін санитарлы-гигиеналық шаралар жүргізеді.
Жазған: Еркебулан Молдаханов