Жүрек қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру
Жалпы қарау
- жалпы жағдайы
- төсектегі кейпі
- терісі мен кілегей қабаттарының түсі
- ісіктер
- қол ұшы саусақтарының, тырнақтарының өзгерістері.
Жүрек аймағын және шеткі қан тамырларды қарау:
- жүрек аймағының дөңестенуі
- жүрек аймағындағы соққылар
- мойын қан тамырларының соққысы (соғулар).
- жүрек ұшы, жүректік түрткілер, дірілдер
Жүрек аймағының пальпациясы:
- жүрек ұшының түрткісі, оның сипаттамасы (орналасу орны, көлемі, биіктігі, ырғақтығы, саны).
- жүрек аймағындағы систолалық және диастолалық дірілді анықтау.
Жүрек қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі.
1.Науқасты жалпы қарау. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай науқастың келісімі алынды.
- Науқастың хәлін, есін, төсектегі қалпын анықтау.
- Терісі және кілегей қабаттарын қарау (қарау дененің ашық аймақтарына жүргізеді (бет-әлпеті – мұрын, құлақ ұштары, еріндері); қолдары, саусақтары, тырнақтары қаралады)
- Ісінулерді анықтау (әр түрлі деңгейде дамыған ісінулер – тобық аймағын; балтырларының алдыңғы бетін, санын, бел аймағын, құрсақ алдыңғы бетін, жыныс ағзалары аймағын қарау – саусақпен басып анықтау)
- Жергілікті қарау Мойын аймағын қарау (ұйқы артериялары мен мойылдырық веналарының соғуы, Мюссе белгісі) Мойын аймағына жүргізіледі мойын қан тамырларының көзге көрінетін соғуларын анықтау.
- Жүрек аймағын қарау Жүрек тұсын қарау – көзге көрінетін соғуларды анықтау- сол жақ 5 қабырғаралықта көзге көрінетін соғу – жүрек ұшы түрткісі;
Жүрек пальпациясы
Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу (бел аймағына дейін шешінуін, науқастың жағдайына байланысты тік отыруын немесе түрегеліп тұруын сұрау –себебі жүрек ұшы түрткісі туралы дұрыс мәліметтерді осы жағдайда анықтауға болады
Жүрек пальпациясы жасау
Мақсаты:
- жүрек ұшы түрткісін анықтау және оған сипаттама беру;
- дерттік өзгерістерді анықтау:
- келесі көрсеткіштер анықталады (түрткілер, соғулар, дірілдер)
Жүрек ұшы түрткісін анықтау:
- науқастың оң жағына орналасып оң қолдың алақанын жүрек аймағына IV-VII қабырғаларына – алақанның негізі мен үлкен саусақ төс қырына паралель , ал қалған төрт саусақ қолтық астына бағыттап қойылады.
- бүгілген үш саусақтың ұшымен соққының сезілген жеріне жәй ғана жақындап жүрек ұшы түрткісі орналасқан дәл орнын табу керек;
- жүрек ұшы түрткісінің келесі қасиеттерін анықтау және сипаттама беру:
- жүрек ұшы орналасқан орны – 5 қ/а , сол бұғана ортаңғы сызығынан 1-1,5 см ішке қарай
- жүрек ұшының көлемі -3 саусақпен анықталады – ортаңғы саусақ ұшы көлемінен аспайды (1-2см2 );
- жүрек ұшының тығыздығы немесе қарсыластығы – саусақпен басқанда қалыптыда соғу күші өзгермейді немесе сезілмейді;
- жүрек ұшының биіктігі – қалыптыда саусақ кеуде бетінен көтерілмейді;
- жүрек ұшының күші – қалыптыда күшті емес;
Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:
«Кеуде қуысының пішінін қарағанда жүрек аймағы өзгермеген, жүрек ұшының түрткісі бесінші қабырға аралығынада, пальпация жасағанда жүрек ұшы сол жақ бұғана ортасынан өтетін сызықтан ішке қарай орналасқан, көлемі 2,5 см, күштілігі орташа».
«Қарағанда-кеуде қуысының деформациясы, жүрек – аймағында – «жүрек дөңесі»; жүрек түрткісі байқалады, Пальпацияда – айқындалған эпигастральды соққы, және жүрек ұшында диа – систоликалық діріл анықталады».