Масалардан құтылу жолы

Масаларды жою жолдары

Масалар (Culicidae) – қосқанаттылар тұқымдасына жататын жәндіктер тобы. Дүние жүзінде кең тараған 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 100-ге жуық маса түрі бар. Денесінің ұзындығы 8 мм ге жетеді. Денесі, кейде қанаттары да қабыршақпен қапталған. Ауыз қуысы соруға бейімделген, мөлшері басының ұзындығынан бірнеше есе артық болады. Аналық масалар жануарлардың қанымен қоректеніп, күн көреді. Дернәсілдері негізінен суда және ағаштың жарықтарында дамиды, араларында планктондары да бар. Қансорғыш масалар – зиянды жәндіктер, олар көптеген жұқпалы ауру таратушы болып саналады;

Безгек масасы. Ұрғашы масалар омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді. Дернәсілдері тоған суларда, су толған ағаш қуыстарында, қыста суға толған үй жертөлелеінде дамиды. Олардың кейбір түрлері жыртқыштар, немесе сүзгіштер, кейбіреулері өсімдік, басқа да судағы заттардың бетіндегі қарапайымдыларды қырып, қоректенеді. Масалар көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды. Орманды аймақтарда масаның ең қалың түрлері Aedes туыстастығына жатады. ТМД кеңістігінде олардың 5 түрі белгілі.

Ғалымдардың зерттеуінше, масалар адамдарды төмендегі себептерге байланысты көбірек шағады: қанымыздан ақуызды алу мақсатымен шағатындықтан, кейбір қан топтары дәмдірек болатыны таң қалдырмайды. Басқа қан топтарына қарағанда, бірінші қан тобындағы адамдар масаға көбірек таланады екен. Бұдан кейінгі орында үшінші топтағылар тұр.

85 пайыз адамдар қаны туралы масаларға мәлімет берсе, 15 пайызы олай жасамайды. Мұнымен қатар масалар өз құрбандарын тыныс алған кезде бөлініп шығатын көмірқышқыл газы арқылы іздеп табады. Ауыз қуысының ерекше құрылысының арқасында көмірқышқыл газын 50 метр жерден сезеді. Балалар көмірқышқыл газын үлкендерден аз мөлшерде талап ететіндіктен масалардың назарына ілікпей азырақ таланады. Және көмірқышқыл газына қоса сүт қышқылы, аммиак, несеп қышқылы және өзге де термен қоса шығатын заттектердің арқасында шағуға болатын адамдарды тез табады. Оларды температурасы жоғары адамдар қызықтырады. Сол себепті физикалық жаттығулар жасайтын адам ағзасындағы сүт қышқылының мөлшерін арттырып, массаларды өзіне тарта түседі.

Ғалымдардың анықтауынша, масалар шағуына терідегі бактериялар да әсер етеді. Бактериялар аз орналасқан жерлерге жоламайтыны да қызық. Олар үнемі тобықтың айналасын, балтырдың төменгі жағын шағатындарын осымен түсіндіруге болады. Масалар иіс сезу мүшелерімен қатар көру мүшелерін де жақсы пайдаланады. Егер қара, көк, қызыл киімдер киіп жүрген болсаңыз, олар сізді бірден тауып алады. Бұл тұжырымдаманы енгізген Флорида университетінің энтомологі Джеймс Дэй (James Day).

Массалардан құтылу жолы

Өзіңізді масалар шақпас үшін

  • Жәндіктер насыбайгүл, эвкалипт, қалампыр, бәден өсімдіктерінің иісінен қашады. Осылардың майын денеңізге жағып қойсаңыз масалар жоламайды.
  • Бөлме ішіне насыбайгүл мен мойыл жапырақтарын турап қоюға болады.
  • Түтіннің иісіне масалар жоламайды. Сол себепті жатар алдында бөлмеге арша жағуға болады.
  • Дүкендер және дәріханаларда арнайы масаларға қарсы жақпамайлар (мазь) қолдану әрдайым оң нәтиже береді.

Масаларды жою жолдары.

Бөлмелерде қанатталған масаларды жою үшін 3,6 мл «Фуфанон-супер» дәрілік заты 996,5 мл суда езіледі. Масалар қонған жерлерді жақсы желдететін бөлмелерде дәрілік затпен ішінара суландырады, сондай-ақ құрылыстың сыртқы қабырғаларын жұмсалу нормасы сұйықтықтың сіңбеуіне 50 мл/м2 (шыны, кафель) және сіңуіне байланысты 100 мл/м2 құрайды.

Масалардың дернәсілдерін жою үшін 1,5 мл «Фуфанон-супер» дәрілік затын 998,5 мл суда езу қажет. Дәрілік зат балық шаруашылық бағытындағы және қала суаттарының су айдындарының беттерін өңдеу біркелкі жүргізіледі: 200 мл/м2 сұйықтықтың жұмсау нормасында тұрғын үйлердің төлелерінде, ағынды суларда, өрт сыйымдылықтарында қайта өңдеуді масалардың 2-3 жастағы дернәсілдері пайда болғанда энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!