Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері
Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сыртқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шонданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың кұрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатушы қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз калпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза).
Нери симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп козғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады.
Ласег симптомьша қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқат аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді.
Штрюмпель-Мацкевич симптомы. Етпетінен жатқан сыркаттың аяғын кылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді
Вассерман симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдынғы жағынан ауырсыну білінеді.