Үшкіл нерв қызметін тексеру
- Үшкіл нервтің бет сүйектерінен шығатын тесіктерін пальпация жасау (көз үсті, көз асты, иек тесіктері)
- Ауырсыну сезімталдығын үшкіл нервтің бұтақтары иннервация беретін аймақтарды инемен бір қалыпты терең емес күшпен тексеру және Зельдер аймақтарын тексеру
- Көз алмасының қасаң қабығына жеңіл түрде мақта тигізіп рефлексті тексеру. Жауап ретінде көз жұмылады.
- Коньюктивтік рефлексті жеңіл түрде мақта немесе жіп тигізу арқылы анықтау, жауап ретінде көз жұмылады.
- Үшкіл нервтің қозғалыс кызметін анықтау – төменгі иектің сәл ауызды ашқанда орналасуын анықтау, алақанмен ұрттағы, самайдағы шайнау еттерінің трофикасын және тонусын тексеру.
- Неврологиялық балғашықпен ақырындап қас үстін ұрып, қас үсті рефлекстерін тексеру. Жауап ретінде көз жұмылады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Бет нервісін тексеру әдістері
- Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу
- Неврологиядағы терең сезімталдықты тексеру
- Неврологиядағы ауырсынуды созу әдісімен анықтау