Дермазол препараты

Дермазол дәрілік заты

 

Саудалық атауы: ДЕРМАЗОЛ™

Халықаралық патенттелмеген атауы: Кетоконазол

Дәрілік түрі: Крем 2% 15г және 30г

Құрамы: 1 г кремнің құрамында белсенді зат – кетоконазол 20 мг, қосымша заттар: пропиленгликоль, кетостеарил спирті, кетомакрогол 1000, жұмсақ ақ парафин, ақшыл сұйық парафин, динатрий эдетаты, полисорбат 80, сусыз натрий сульфиті, тазартылған су.

Сипаттамасы: Ақ түсті біртекті крем

Фармакотерапиялық тобы: Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол туыыдылары. Кетоконазол. АТХ коды 1301АС08

Фармакокинетикасы. Сыртқа қолданғанда іс жүзінде резорбцияға ұшырамайды. 2 % крем түрінде ұзақ қолдану кетоконазолдың қанда жиналуына әкелмейді.

Фармакодинамикасы. Зеңге қарсы дәрі, имидазолдиоксолан туындысы. Кетоконазол зеңге қарсы әсер етеді, зеңдер жасуша жарғақшасының эргостерол синтезін спецификалық түрде бөгейді.

Дерматофиттерге: Trichophyton spp, Еріdermорһyton flоссоsum, Місrоsporum sрр., ашытқы және ашытқы тәріздес зеңдер: Саndidа sрр., Ріtyrosporum  қатысты белсенді.

Қолданылуы

Сезімтал микроорганизмдерден зуындаған тері және тырнақтың зеңдік зақымдануларын емдеуде

  • тегіс тері дерматомикозында
  • білезік және табан эпидермофитиясында
  • шап эпидермофитиясында
  • тері кандидозында
  • кебек тәрізді теміреткіде
  • себореялық дерматитте

Қолдану тәсілі және дозалары. Тері кандидозы, тері дерматомикозы, қол мен аяқтың эпидермофитиясы, шап эпидермофитиясы және кебек тәрізді теміреткіде Дермазол кремін терінің зақымданған бетіне күніне 1 рет жағу ұсынылады. Себореялық дерматитте ДермазолІМ кремін аурудың ауырлығына байланысты зақымданған жерге күніне 1 немесе 2 рет жағады. Емдеуді аурудың барлық симптомдары жоғалғаннан кейін бірнеше күн бойы немесе микологиялық зерттеудің теріс нәтижелерін алғанға дейін жалғастыру қажет. Егер 4 апта емдегеннен соң жақсаруы байқалмаса, диагнозын қайта қарау керек. Табан дерматофитиясының әдеттегі емдеу курсы 2-6 апта (шап эпидермофитиясы – 2-4 апта), кандидамикозда – 2-3 апта, кебек тәрізді теміреткіде – 2-3 апта.

Жағымсыз әсерлері

  • күйдіру сезімі, эритема, жаққан жерді ашыту
  • терінің жоғары майлылығы/құрғақтығы (әсіресе емдеудің алғашқы күндері)
  • аса жоғары сезімталдық (тітіркену, жаққан жеріндегі парастезия, жанаспалы дерматит, терінің қабыршақтануы, буллезді бөртпе)

Өте сирек. есекжем

Дермазол дәрілік препараты

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компонентіне жоғары сезімталдық
  • Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кремді жергілікті глюкокортикостероидтармен (ЕКС) бір мезгілде немесе оларды ұзақ қолданудан кейін бірден қолданғанда ЕКС таңертең (қажет болған жағдайда біртіндеп тоқтата отырып), ал ДермазолІМ кремін кешке қолданған жөн.

Айрықша нұсқаулар. Крем тек сыртқа қолданылады. Көзге тигізіп алғанда сумен мұқият жуу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

  • Осы топтағы қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты сақтықпен қолдану керек.
  • Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
  • Кетоконазол көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

  • Симптомдары: эритема, ісіну, жаққан жерді ашыту
  • Емі: препараттгы тоқтату, симтоматикалық емдеу

Шығарылу түрі және қаптамасы 15 г немесе 30 г препараттан бұрандалы пластмасса қақпағы бар алюминий немесе ламинацияланған сықпаға салынған.

Сақтау шарттары

  • Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Сақтау мерзімі 3 жыл
  • Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары: Рецептісіз

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!