Нольпаза препараты
Саудалық атауы: Нольпаза
Халықаралық патенттелмеген атауы: Пантопразол
Дәрілік түрі: Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг және 40 мг таблеткалар
Синонимдері: Пептазол, Пантаз, Санпраз.
Фармакологиялық әсері:
Нольпаза – протонды помпа ингибиторларының гипоацидті препараты. Препарат құрамына беленді компонент – пантопразол кіреді, бензимидазол туындысы. Қышқыл ортада препараттың белсенді компоненті фармакологиялық белсенді формасына ауысады және асқазандағы HCl гидрофильды секрециясының ақырғы сатысын тежейді. Препарат тұз қышқылының базальды және стимуляцияланған продукциясын тежейді. Препаратты қолданған кезде гастрин секрециясы жоғарылайды және қайтымды процес болып табылады. Пероральды қолданған соң препараттың белсенді компоненті қан айналымға жақсы абсорбцияланады. Пантопразолдың биожетімділігі 77% және тамақтануға байланысты емес. Қан плазмасында концентрациясының жоғары деңгейі 2-2,5 сағаттан соң дамиды. Препарат үшін қан плазмасындағы ақуыздармен жоғары байланыс тән. (98% шамасында). Бауырда метаболизденеді, метоболит ретінде бүйректермен шығарылады, ал қалған бөлігі нәжіс арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты 1 сағат, негізгі метоболиттің шығарылуы – 1,5 сағат. Ауыр бүйрек зақымдалуы бар науқастарға пантопразол препараттының коррекциясы қажет, ал бүйрек зақымдалуы және қарт жастағы науқастарға коррекциялаудың қажеті жоқ.
Қолдануға көрсеткіш:
- Препарат асқазан – ішек ауруы бар науқастарға және профилактика ретінде қолданылады.
- Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы. Асқазан және он екі елі ішектің пептикалық жарасы
- Золлингер-Эллисон синдромы және гиперсекрециямен жүретін басқа жағдайлар.
- Ұзақ уақыт қабынуға қарсы препараттар қабылдап жүрген науқастарда ойық жара аурының алдын алу үшін.
- Препарат Helicobacter pylori эрадикациясы ретінде комплексті түрде қолданылуы мүмкін.
Қолдану тәсілдері:
Препарат пероральды қолдануға тағайындау. Таблетканы бүтіндей аздаған су мөлшерімен, тамақ алдында, әдетте таңертеңгілік тамақ алдында қабылдау қажет.
Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруына ұсынылған тәуліктік доза 20мг тәулігіне 1 рет. Симптомдардың жеңілденуі әдетте 2 -4 аптада байқалады. Байқалатын эзофагитты емдеу үшін әдетте препаратты қабылдаудың 4 апталық кезеңі ұсынылады. Егер осы уақыт жеткіліксіз болса, онда сауығу келесі қосымша 4 апталық емде байқалады. Симптомдар қайтадан байқалса, онда оларды басу үшін қажетті жағдайда тәулігіне 1 таблеткадан (20мг) қабылдау қажет. Ұзақ мерзімді қолдаушы ем егер препаратты қажет қабылдау көмектеспеген жағдайда тағайындалады.
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жараларында соның ішінде Helicobacter pylori әсерінен туындаған. Ұсынылатын доза 40 мг, 4 апта бойы. Қажет жағдайда төрт апталық емді қайталауға болады. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралары туындау қаупі болған науқастарға стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолданумен және осы препараттарды ұзақ уақыт қолдануды талап ететін науқастарда туындаған асқазанның және он екі елі ішектің ойық жараларын емдеуде және алдын алуда ұсынылатын тәуліктік доза 20мг, 4-8 апта бойы. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары бар науқастарға нольпаза дозасы тәулігіне 20 мг нан аспауы қажет. Егде жастағы науқастар және бүйрек аурулары бар науқастарда дозаны өзгертудің қажеті жоқ.
Жағымсыз әсерлері:
- бас ауруы
- іш ауруы, диарея, іш қату, метеоризм
Жиі емес
- бас айналуы, көрудің бұзылыстары
- лоқсу, құсу
- бөртпе, қышыма
Сирек
- ауыз құрғауы
- артралгия
Өте сирек
- интерстициалды нефрит
- есекжем, ангионевротикалық ісіну, ауыр тері реакциялары, соның ішінде Стивен – Джонсон синдромы, полиформды эритема немесе Лайелл синдромы, фотосенсибилизация
- лейкопения, тромбоцитопения
- бауырдың жетімсіздігі болуымен және болмауымен байқалатын сарғаюға әкелетін бауырдың ауыр зақымдалулары
- анафилактикалық реакциялар
- миалгия
- депрессия
Қарсы көрсеткіштер:
- Пантопрозолға және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдықта және фруктозаның туа пайда болған көтере алмаушылығында.
- Препарат 18 жасқа толмаған балаларға көрсетілмеген.
- 40 мг белсенді компоненті бар препаратты микробқа қарсы препараттармен бірге қолданылуға болмайды.
- Невротикалық диспепсиясы бар науқастарға қолданылмайды.
Жүктілік:
Қазіргі таңда толық ақпарат жоқ. Бірақ, қажет жағдайда минимальды эффективті дозада ұзақ емес мерзімге тағайындалынады.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі:
рН-тәуелді абсорбция арқылы жүретін дәрілердің кетоконазол және басқа дәрілік заттардың сіңуін төмендетеді. Пантопразол бауырда цитохром Р450 ферменттік жүйесі көмегімен метоболизденеді, сондықтан осы жүйе көмегімен метоболизденетін дәрілермен пантопрозолдың әрекеттесу мүмкіндігін естен шығармау қажет. Нольпазамен емдеуде кумариндік антикоагулянттарды қабылдаушы науқастарда үнемі протромбиндік уақыты және ХҚҚ бақылау қажет. Нольпазаны антацидтермен қолданған кезде өзара әрекеттесулер тіркелмеген.
Артық дозаланған кезде: Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюуі. Емі: симптомдық усыздандыратын шаралар қолданылу қажет.
Шығарылу түрі: Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг және 40 мг таблеткалар. Блистерде 14 таблетка, 1 немесе 2 блистер картон қорапта қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен бірге.
Сақталу шарттары:
+25 С тан жоғары емес температурада сақтау қажет. Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау қажет.
Сақтау мерзімі – 3 жыл.