Балалардағы үсу

Балалардағы үсу

Үсу – тері қабатында, немесе оның астында жатқан тіндерде төмен температураның ұзақ, немесе қысқа уақытта әсерінен болатын өзгерістер. Балаларда суыққа деген сезімталдылық әртүрлі. Ол ағзанің жағдайына байланысты болады. Үсік тудыратын негізгі фактор – ауа ылғалдылығы мен жел. Жоғары ылғалды ауа, жел, ауа температурасы нольден жоғары болса да үсікке шалдықтыруы мүмкін. Үсікті тудыратын себептердің бірі – қан айналысының бұзылуы, анемия. Сонымен қатар тар аяқ киім, қан айналысын тежеп үсігуді туындатуы мүмкін.

Үсу дәрежесі, жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы үсіну балаларда маужыраған ұйқы басу жағдаймен көрінеді. Егер бұл кезде тиісті ем көрсетілмесе бас-миы, қан айналысы біртіндеп тоқтап, өлім туындайды.

Жергілікті үсік көбіне жалаңаштанған дене бөлігінде – мұрында, құлақ қалқандарында, бетте, аяқ-қол саусақтарында кездеседі. Жергілікті үсікті 4 дәрежеге бөледі.

  • I дәреже – терідегі қан айналым бұзылыстары қайтымды болады, яғни тіндер өлімсіремейді.
  • II дәрежеде – терінің жоғарғы қабаты өлі тінге айналады, жансызданады.
  • III дәрежеді – тері толығымен өлі тінге айналады..
  • IV дәрежелі – барлық тіндер (тері, тері астындағы) өлі тінге айналады.

Балалардағы үсу

Клиникасы және диагностикасы. Үсу кезінде қан айналымының бұзылуын немесе толық тоқырауын көруге болады. Соның нәтижесінде сезімталдық бұзылып, жарақат дәрежесіне сәйкес жергілікті өзгерістер пайда болады. Үсіктің күйіктен бір ерекшелігі барлық өзгерістер біртіндеп жүреді. Сондықтан, үсіктің дәрежесін түскен уақытында анықтау өте қиынға соғады. Мысалы сарысу толған жара 2-3 күннен кейін пайда болуы мүмкін. Сондықтан оған қарап, үсік дәрежесі жеңіл деп айту өте қиын. Себебі, бірнеше күннен кейін, тері немесе одан терең жатқан тіндердің өлі екендігі анықталады.

Аталған үсік түрлерінен басқа дерматит, домбығу пайда болады. Домбығу – ұзақ уақыт бойы әсер еткен суықтан болады. Мұндай жағдай пайда болуы үшін температура 0 градустан төмен болуы шарт емес. Домбығу суық маусым кездерінде, көбінесе күзде басталып, қыс бойы сақталады да көктемде өздігінен қайтады.

Балада домбығу (ознобление) аяқ-қолда, бетте, құлақ қалқанында және мұрын өңірінде болады. Аталған жерлерде қызарған, немесе көгерген ісік пайда болады, аймақтың терісі қалыңдайды. Жылы жерде, зақымдалған аймақ қышыйды, ауырсынады жоғалған сезім пайда болады. Егерде суықтың әсері тоқтатылмаса, теріде жазылмайтын, суланып тұратын жаралар пайда болады.

Емі. Үсіген адамға жасалатын бірінші медициналық көмек науқасты жылыту болып табылады. Ол үшін: жүрек, қан айналысын жақсартатын дәрілерді беру, аяқ-қолды ысқылау; баланың денесін немесе үсінген аяқ-қолын жылы 370-350С дейін суға салу біртіндеп оның температурасын көтеруі болып табылады. Одан арғы емі үсік дәрежесіне байланысты жүргізіледі.

Қазіргі кезде үсікті емдеуде Л.З. Голомидов (1958 ж.), А.Н. Дубяга, Н.Г. Гладун (1976 ж.) әдістері қолданылады.

Бұл әдіс бойынша, үсіген жерге сыртқы жылу әсерін тоқтату үшін, зақымдалған жерді жылу өткізбейтін (изоляция) матамен орап тастау керек. Сонда жылу қанмен тарайды да, жылыну үрдісі терең жатқан тіндерден басталады. Яғни зақымдалу азаяды. Үсіген жерді орайтын маталардың 1-ші қабаты – мақтадан, келесісі полиэтилен пленкасынан, одан кейін дәкеден тұрады. Аталған «изоляциямен» қатар, қан айналысын жақсартатын дәрілер мен 380-39–қа дейін жылытылған 5% глюкоза, Рингер ертіндісі қан тамырларына құйылады. Жылуды өткізбейтін таңғышты алғаннан кейін, орнына Вишневский майымен таңғыш салынады.

Жеңіл дәрежелі үсіктерде антисептикалық таңғыш салынып физиоемшаралар тағайындалады.

Терең дәрежелі үсік кезінде, өлі тін шекарасын анықтап, гангренаның алдын алу үшін, өлі тінге тіліктер салынады да, мумификация жылдамдатылады. Осы мақсатпен кварц, УВЧ тағайындалады. Жарада грануляция пайда болғаннан бастап, емдеу барлық жараны емдеу ережесімен жүргізіледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Үсу. Үсу кезіндегі алғашқы көмек
  2. Балалардағы күйік
  3. Күйік. Күйік шогы
  4. Балалардағы сүйек сынықтары ерекшеліктері

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!