Күйік. Күйік шогы

Күйік ауруы. Күйік шогы

Ауыр термиялык жарақат және соның әсерінен пайда болатын болатын бірқатар өзгерістерді күйік ауруы деп атайды, ол дене бетінің 10% нен астамы күйікке ұшырағандарда дамиды.

Күйік ауруының ағымында 4 кезеңді ажыратады:

  • Күйік шогы (2 тәулікке дейін)
  • Токсемия (9 тәулік)
  • Септикосемия (21 тэулік)
  • Реконвалесценция (1 -1,5 ай)

Ауруханаға дейінгі саты үшін -күйік ауруының бірінші кезеңін, яғни күйік шогын анықтау өте маңызды. Бұл шок жарақат шогына ұксас екі жағдайда да, жүрек қантамыр жетіспеушілігі болып, айналымдағы кан көлемі азайып, тіндерде оттегі жетіспеушілігі пайда болады.

Күйіктік шок – ұзаққа созылатын үрдіс.

Күйік шогының себебі: өте қатты ауыру сезімі, қорқыныш. Шоктың патогенезіндегі негізгі буыны термодинамиканың басты реттеушісі ОЖЖ – қатты қозуы болып саналады.

Күйік шогының клиникасында 2 фазаны ажыратады:

  1. Эрективті, яғни компенсация сатысы, адамның реактивті мүмкіншіліктерімен көрінеді, ұзақтығы күйіктің аумағы мен ауырлығына пропорционал болады.
  2. Торпидті, декомпенсация сатысы, ағзаның компенсаторлы қоры таусылған соң дамиды.

Күйік шогы генезі бойынша гиповолемиялық және гипоплазмиялық болады.

Жарақаттың ерте кезінде күйік шогының ауырлығын бағалауга болмайды, себебі ол плазморрагия күшейген сайын үдей түседі.

Күйік шогы
Күйік кезінде пайда болатын шок клиникасы. Дәрежесі және көрінісі

Күйік шогының клиникалық көрінісі

  • 1 саты. Күйікбеті 8-10%; перифериялық қанайналым бұзылыстарының белгілері жоқ.
  • 2 саты. Күйік беті 10% -тен көп.
  • 3 саты. Қанайналым бұзылысының белгілері күйік аумағының мөлшеріне тәуелсіз болады.
  • 4 саты. Күйік беті 20% -тен астам, қанайналымның децентрализациясының белгілері пайда болады.

Күйік шогының клиникалық көрінісі зақым алған соң дереу қөріне бастайды, олар қатты қозу, мазасыздық, қатты ауру сезімі, тыныс және пульстің жиілеуі.

Декомпснсациялық сатыға өкен кезде – науқастың қозуы апатияға ауысады.

Клиникалық көрінісінде бірінші кезекте ауыру сезімі болмайды. Тері бетінің бозаруы, шырыш қабаттар мен мұрын ұшының цианозы. Артериалдық қан қысымы төмендейді, пульс жиілейді, аяқ-қолдардың тоңуы күшейеді. Тыныс жиілейді және беткей болады. Күйік шогының декомпенсациялық сатысының ең маңызды белгісі —қатты шөлдеу. Егер құсық пайда болса, ол науқастың жағдайының ауырлағанын көрсетеді. Бүйреіггің қанмсн қамтамасыз етілуінің бұзылуы нәтижесінде – айқын олигоанурия пайда болады.

Күйік шогы кезіндегі жедел жәрдем

20 мл/кг 6% полиглюкин ерітіндісін құю; 0,25% новокаин ерітіндісі және 10% глюкоза ерітіндісі 1:1 қатынаста.- 4%натрий гидрокарбонаты 1,5-2,0 мл/кг есебімен инфузия жүргізу.

Ш- IV дәрежелі шокта преднизолонды Змл/кг есебімен енгізу керек.

Тыныс жолдарының күйігі кезінде алдымен тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.

Күйікке шалдыққан балаларды ауруханаға жаткызу көрсеткіштері:

  1. бет, мойын, аралык, гениталий күйіктері, шырышты қабаттардың күйігімен қоса.
  2. I дәрежелі күйіктер -10-15 %; II дәрежелі 5% көп; III дәрежелі 3% көп және бет, ұсак буындар жанының, бармақтар және табан күйіктері.
  3. Электрокүйіктер
  4. Дене және тыныс жолдарының күйіктері қосылғанда қанайналым бұзылысының үдемелі бұзылысы- өлімге әкеледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша жалпы клиникалык белгілеріне қарай күйік шогын 3-дәрежеге бөледі.

Күйік шогының I дәрежесі. Жағдайы орташа ауырлықта, наукастар ауру сезіміне шағымданбайды, санасы сақтаулы, әлсіздік, ұйкышылдык, дірілдеу, шөлдеу, жүрек тондары анық, шекаралары кеңеймеген, пульс қалыпты, диурез калыпты.

Күйік шогының II дәрежесі. Жалпы жағдайы ауыр, санасы сақтаулы, қатты козу, кейде енжарлық және тежелу, болуы мүмкін. Тері беттерінің бозғылттығы, цианоз, дірілдеу, қолдардың тырысуы, тахикардия, АҚҚ-төмендеген, айкын шөлдеу, сұйықтық ішкен кезде кұсу пайда болады, диурез төмендеген.

Күйік шогының III дәрежесі. Баланың жағдайы ете ауыр, санасы қарауытқан немесе жоғалған, бозғылттық, цианоз, тері беттерінің мәрмәрлануы, ентігу, жүрек тондарының тұйықталуы, тахикардия. АҚК төмендеген, пульсі жіп тәрізді, кейде анықталмайды, дене қызуы субқалыпты, жүрек жетіспеушілігі дамиды. Диурез 1/2 – 1/3 – ке дейін төмендейді, гемоконцентрация, метаболикалық ацидоз.

Ауруханаға дейінгі сатыда күйік болған балаға алғаш көмек көрсету кезінде жасалатын шаралар:

  1. Дененің зақымданған аймағын киімнен ажырату (киімді кесу) «тоғыздық» немесе «Ланд-Броудер» схемасы бойынша күйіктің тереңдігі мен аумағын шамалап анықтау.
  2. Күйік беті іріңдеуінің алдын -алу үшін, ауруханаға дейінгі сатыда күйген бетке ылғалды асептикалық 0,25% новокаин немесе фурацилин ерітіндісіне малынған таңғыш салу керек. Күйік айналасындағы теріні спиртпен сүрту. Егер күйік беті үлкен болса, науқасты стерильды аумаққа немесе жаймаға орап алуға болады.
  3. Дереу ауырсынуды басу жасау керек. 1 дәрежелі күйікте 0,1 мл/1 жасына есебімен 50% анальгин, 1% димедрол. 2-3 дәрежелі күйікте промедол 1% 0,1 мл/1 жасқа және 0,25% дроперидол. Мүмкіншілік болса бұлшық етке кетолар 4мг/кг есебімен, 0,5% седуксен 0,2 мг/1 жасқа есебімен енгізу керек.
  4. Айналымдағы қан көлемін толтыру. Коллоидты ерітінділер (белок, электролит ерітінділері), плазма жоғалгандықтан 1/3 коллоид және 2/3 кристаллоидтар (электролит +5% глюкоза ерітіндісі) салу қажет.
  5. Тыныс жетіспеушілігін емдеу, алдын-алу, ӨЖЖ.
  6. Тасымалдау барысында таңудың алдын -алу, себебі мұндай науқастарда күйген бет арқылы жылу берілуі күшейеді.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!