Жұмсақ тіндер соғылуы

Соғылулар

Соғылулар деп жұмсақ тіндердің немесе мүшелердің бүтінділігінің бұзылуына әкелетін жабық жарақатты айтады.

Клиникалық көрінісі. Көбінесе жарақат механизміне, жарақатталушының жасына, жарақат кезіндегі оның жағдайына байланысты болады. Соғылу кезінде жарақат орнында ісік, қанталау пайда болады. Қанталаған жер алғашқы тәулікте көк түсті, одан кейін сары-жасыл түсті болады. Тері, немесе тері асты май қабатының сыдырылуы салдарынан, аталған аймақта гематома пайда болуы мүмкін. Гематоманың негізгі белгісі – флюктуация, пальпация кезіндегі ауырсыну болып табылады. Зақымдалған аймақтың қызметі бұзылады. Ауыр жарақаттар бұлшық еттің, сіңірдің үзілуі, немесе буын қапшығының жыртылуы туындайды. Бұлшық ет, немесе сіңір талшықтарының үзілуінің клиникалық көрінісі жарақаттанған жақта қатты ауырсынумен, жарақат алған аймақтың қызметінің төмендеуімен байқалады. Кейбір жағдайда, белсенді және өздігінсіз қозғалыстар қатты ауырсыну тудыруы мүмкін, мұндай жағдайда сүйек сынуы күдігі болуы қажет. Оны анықтауға рентгенография көмектеседі.

жұмсақ тіндер соғылуы

Емі. Зақымдалған дене аймағына тыныштық беру қажет (төсек режимі немесе қысқа уақытқа иммобилизация). Ісінуді азайту және қанды тоқтату үшін алғашқы күндері суық, екінші-үшінші күннен бастап құрғақ жылу басып, ванналар, УВЧ тағайындалады.

Бұлшық еттің жыртылуы, немесе сіңірдің созылуы анықталса 7-8 күнге гипстен лонгета салынып, физиоемшаралар тағайындалады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Балалардағы күйік
  2. Балалардағы бас ми жарақат ерекшелігі
  3. Көптік жарақаттар. Политравма
  4. Ашық жарақаттар, жаралар, травмалар

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!