Сертификатты алуға ЦОН арқылы және үйде отырып тапсырыс беру нұсқаулығы. Дайын болған сертификатты ЦОН-ға бармай ақ, үйден жүктеп алу нұсқаулығы
Материал авторы: Еркебулан Серикович Молдаханов
Семей қ. ММУ интернатура түлегі, дәрігер терапевт , 14.07.2017ж
Сертификатқа тест тапсырып болғаннан кейін, бағаңыз жазылған бетті ПДФ форматына сканерден өткізіп алып, сертификатты алуға ЦОН арқылы заявка бересіз.
Цон арқылы өтінім беру үшін сізде ЭЦП электронды кілті болуы міндетті . ЭЦП кілт дегеніміз – ЦОН арқылы онлайн өтінім жасау үшін ең қажетті файлдар. ЭЦП кілтті ЦОН арқылы алады.
Сертификат алуға ЦОН арқылы өтінім беру үшін қажетті құжаттардың барлығы ЭЛЕКТРОНДЫ СКАНЕРЛЕНГЕН ҚҰЖАТТАР. Олар:
- ЭЦП кілт
- Тест қорытындысы жазылған беттің pdf форматындағы сканері
- Дипломның pdf форматындағы сканері – егер сіздер интернатура немесе резидентура бітіруші түлектері болсаңыз, сізге тек «квалификация врач» деген 7 курс бітіргенде берілетін дипломның сканері қажет. Егер сіз 5 курс бітірген медицина бакалавры болсаңыз, сізге «бакалавр медицины» дипломының pdf форматындағы сканері жеткілікті.
- Свидетельство об окончании интернатуры деген куәліктің ПДФ форматындағы сканері
Егер сіз 5 курс бітірген медицина бакалавры болсаңыз, сізге ол қажет емес
Цон арқылы берілетін өтінімді үйде отырып істей беруге болады. Ол үшін арнайы ЭЦП кілтті оқитын бағдарламаны компьютеріңізге орнатуыңыз керек. Ол бағдарлама ұялы телефонға орнатылмайды, тек компьютермен кіресіз.
ЭЦП кілтті оқитын бағдарламаны компьютеріңізге жүктеу үшін мына адресті басыңыз :
http://pki.gov.kz/images/NCALayer/NCALayer_Windows.zip
Назар аударыңыз. Бұл установканы ашу үшін архивті ашатын WinRAR бағдарламасы болу керек. Көп ноутбуктерде архив ашатын бағдарлама өзінде болуы мүмкін.
Бағдарламаны ашып, орнату барысындағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Назар аударыңыз! Бағдарламаны толық орнатып болғаннан кейін , компьютеріңіздегі барлық интернет браузерлерді жауып, компьютеріңізге перезагрузка жасау қажет.
Бағдарлама сәтті орнатылса, перезагрузкадан кейін үйде отырып заявка бере бересіз.
Сертификат алуға заявка берудің алгоритмі
Категориясыз, бітіруші түлектерге арналған
Мына адреске өтіңіз: http://elicense.kz/LicensingContent/ServicesList?pcode=%D0%A0%D0%946&scode=%D0%A0%D0%946
Сол кезде суреттегідей Выдача сертификата специалиста для допуска к клинической практике бөліміне өтесіз
Бұл бөлімге өтпей тұрып, жоғарғы жақтағы «Войти» батырмасын басып, өзіңіздің ЭЦП кілтіңіз арқылы кіріп алғаныңыз дұрыс.
Назар аударыңыз! Жоғарыдағы суретте ЭЦП файлын таңдағанда, біреуі ашылмаса, екіншісі міндетті түрде ашылады. Екеуін де көресіз ғой ашып.
ЭЦП КІЛТТІҢ БƏРІМІЗ ҮШІН ҚАЛЫПТЫ ПАРОЛІ: 123456
ЭЦП ФАЙЛДЫ ТАҢДАҒАНДА ІШІНЕН RSA деп басталатынды бірінші таңдап көріңіз . Дұрыс емес десе де Ок басып көріңіз. Кейбір жүйелік қателіктер бар, қате деп тұрса да ОК деп басып көріңіз
Сонда да ашылмаса ЭЦП кілттің AUTH деп аталатын файлын таңдап, қате десе де ОК басып көріңіз
ЭЦП КІЛТТІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ – 1 ЖЫЛ ҚҰРАЙДЫ. 1 жылдан аса қолданылмаған ЭЦП кілт жарамсыз.
ЭЦП КІЛТТІ бірнеше рет ЦОНҒА БАРЫП, ЖАҢАРТА БЕРУГЕ БОЛАДЫ, жоғалтып алсаңыз да.
Осылай кірген соң, Выдача сертификата специалиста для допуска к клинической практике бөліміне өтіңіз.
- Немесе осы адреске де өтіп, http://egov.kz/cms/ru/categories/certification?mobile=no
Выдача сертификата специалиста для допуска к клинической практике бөліміне басыңыз.
- Заказать услугу онлайн батырмасын басыңыз (осы қадамдардың алдында жоғарыда айтылғандай , өзіңіздің ЭЦП кілтіңіз арқылы Войти деп кіріп алу керек міндетті түрде)
- ВЫБЕРИТЕ ЛИЦЕНЗИАР терезесі ашылады. Соның ішінен облысыңызды таңдайсыз, астында сол облысқа қарайтын сертификатты беретін «Департамент охраны общественного здоровья Восточно –Казахстанской области (немесе өзіңіздің облысыңыз) Комитета охраны общественного здоровья Министерство здравоохранения Республики Казахстан деген жазу тұрады. Соны басыңыз. Суретті қараңыз.
Осыдан кейін Создать заявление дегенге өтесіз (фотосы төменде). Создать дегенге басыңыз
Осыдан кейін өтініш толтырудың басты бірінші бетіне өтесіз
Назар аударыңыз! Бірінші бетінде автоматты түрде келесі мәліметтер жазылып тұрады, оларды өзгертпеңіз:
- Өтініш нөмірі
- Өтініш беру күні
- Сертификат беретін мекеменің толық атауы қазақ және орыс тілдерінде
- Сіздің ИИН нөмеріңіз
- Толық аты жөніңіз жеке жеке жолдарда
- Жеке куәлік (уд.личности) номері
- Удостоверенияның берілген күні мен берген мекемесі жеке жеке жолдарда
Назар аударыңыз. Осы аталған ақпаратты өзгертпеңіз! Автоматты түрде шығып тұрғандықтан, өзгертіп керек емес
Ал , енді мен сізге қайсысына мән беру керектігін айтайын осы бірінші бетте. Осы бетте АДРЕС деген бөлімге мән бересіз.
Почтовый индекс деген жерді толтырмас бұрын, сіз Область деген жерді қараңызшы.
Егер область деген жер Сіздің тест тапсырған облыстың құрамына кіретін болса, мекен жайыңызды өзгертпей –ақ, сол жерде өзі толтырылып түрған мекенжай индексін жазасыз.
Мысалы , менде Область деген жерде, Восточно-Казахстанская область, Зайсанская район деп жазылып тұр, мен тестті Өскемен қаласында тапсырдым, Өскемен қаласы- Шығыс Қазақстан болып есептеледі ғой, ал Зайсан қаласы Шығыс Қазақстанның құрамына кіреді, сол себепті мен Зайсан қаласының Индексін Почтовый индекс деген жерге жазамын.
Неге мен осы жерге өте мән беріп түсіндіріп отырмын сіздерге, себебі көптеген интернатураны немесе резидентураны бітірген біздің әріптестеріміз басқа облыста тапсыруы мүмкін, БІРАҚ оларда ОБЛАСТЬ деген жерде университеттің облысы көрсетіліп тұруы мүмкін, мысалы менің әріптестерімде Семей қаласының адресі тұрады да, өздері басқа облыста тапсыруы да мүмкін.
Сол себепті , сіз басқа облыста тапсырсаңыз, ал область, адрес деген жерде басқа облыстікі тұрса , сіз оны ТЕСТ ТАПСЫРҒАН ОБЛЫСҚА СӘЙКЕС КЕЛТІРІП АУЫСТЫРЫҢЫЗ. ӘЙТПЕСЕ ОТКАЗ КЕЛЕДІ.
Менің өз басымнан өткен 5 курста сондай жағдай. Мен Павлодар қаласында 5 курс бітірген соң тест тапсырғанмын. Менің адресімде автоматты түрде Семей қаласы тұрды, сол кезде мен ойладым , Семей деп жазылып тұрған соң Семейдің индексін жаза салайын деп, ал өзім Павлодарда тапсырғанмын. Солай толтырып едім , отказ келді. Сосын мен адрес деген жерге Павлодар қаласына сәйкес адресті жаздым, Павлодар қаласының индексін жаздым. Сол кезде дұрыс болды. Осыны ескеріңіз, өте мұқият болыңыз.
Толтырғанда * жұлдызша белгісі тұрған жерлер толтырылып тұруы керек міндетті түрде, кейбір жерлерде өзі толтырылып тұрады.
Номера телефонов деген жерге ұялы телефоныңыздың номерін жазасыз да , Сохранить деп, Далее басасыз. Сөйтіп, келесі бетке өтесіз.
- Образование деген жерге Интернатура және Резидентура бітірушілері – Специальности работников с высшим медицинским образованием дегенді таңдайды
5 курсты аяқтаған медицина бакалаврының бітірушілері Специальности работников со средним медицинским образованием дегенді таңдайды
- Наименование заявляемой (претендуемой) специальности деген жерге қандай мамандықтан сертификатқа тапсырып отырсыз, соны таңдайсыз.
Терапия мамандығын бітірген интерндер, сіздерге айта кетейін, таңдайтын мамандықтың ішінде жалғыз өзі «Терапия » деп тұратын мамандық жоқ, сіздер Терапия (терапия подростковая, скорая и неотложная медицинская помощь, диетология) дегенді таңдайсыздар.
- Номер диплома деген жерге дипломдарыңыздың төменгі жағында ЖБ- сөзінен кейін тұрған сандарды жазамыз.
- Серия диплома деген жерге диплом номерінің алдында тұрған ЖБ сөзін жазамыз
- Страна обучения претендента – Казахстан
- Год поступления – 2010 (немесе өзіңіздің 1 курсқа түскен жылыңыз)
- Год окончания – 2017 (немесе өзіңіздің 7 курсты аяқтаған жылыңыз) ,
айта кетейік , 5 курсты аяқтаған медицина бакалаврлары год окончания деген жерге 5 курсты аяқтаған жылын жазады
- Специальность по диплому деген жерге 5В 130100 Общая медицина деп дипломда тұрғандай жазасыз
- Квалификация по диплому деген жерге 7 курс бітірген интернатура түлектері және резиденттер де «ВРАЧ» деп жазады,
ал 5 курс бітіргендер Квалификация по диплому деген жерге бакалавр медицины деп жазады.
- Полное наименование организации образование (значение из списка) * деген жерден өз оқу орныңызды списоктан табасыз. Мысалы, менің әріптестерім г. Семей- Семипалатинский государственный медицинский институт дегенді басу керек.
- Допольнительные сведения о специальности бөліміндегі – Специальность интернатуры деген жерге Интернатураны бітірген түлектер ғана жазады, тізім ішінен мамадығын тауып, белгілейді.
- Начало обучения деген жерге интернатура басталған жылдың қыркүйек айының 1-ін жазамыз, мысалы 01.09.2015
- Окончания обучения деген жерге ВРАЧ дипломын алған ресми күнді жазамыз, ол ресми күн дипломда да жазылып тұрады, 27.06.2017 ж. мысалы
- Продолжительность обучения интернатуры деген жерге – 2 года деп жазамыз
- Обьем обучения в часах (интернатура ) деген жерге ештеңе жазбай ақ қойса болады.
- Полное наименование организации интернатуры деген жерге оз оқу орныңыздың толық атауын жазыңыз, мысалы Государственный медицинский университет города Семей деп
- Сонда осы беттің жоғарғы жағы осындай үлгіде болу керек.
Ары қарай , ешқандай жерге тиіспейміз , сол беттің ең төменгі жағына түсеміз
- Орган выдавший заключение Оценки* деген жерді басқанда сіз тест тапсырған (басында Выберите лицензиар деп таңдаған) Департаменттің толық атауы шығады, соны таңдайсыз.
- Дата получения заключения деген жерге НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ.! Ол жерге тест тапсырып, бағаңызды алған күнді жазасыз , тест тапсырған соң печать пен қол қойылған бетіңізде сол күн жазылып тұрады, мысалы 10.07.2017
- Ары қарай Далее бетырмасын басасыз.
- Келесі бетке өтесіз сол кезде
- Ол беттің бас жағына ештеңе жазбаймыз, тиіспейміз.
- Ортасына қарай түскенде ПРИКРЕПЛЯЕМЫЕ ДОКУМЕНТЫ дегенді көреміз.
- Электронные копии документа об окончании интернатуры , резидентуры деген жерге Интернатураны бітіргендігі жайлы куәлік (Свидетельство об окончании интернатуры) деген құжатымыздың сканерін pdf форматында жкүтейміз
- Электронная копия удостоверения о переподготовке по заявляемой специальности деген – Первичканікі , оны бос қалдырасыз, себебі первичка өтпедік
- Электронная копия свидетельство о повышении квалификации за последнее 5 лет по заявлямой специальности(при наличии)- біз повышения квалификацияға тапсырып отырған жоқпыз, керек емес, тиіспейміз.
- Электронная копия диплома об образовании деген жерге ВРАЧ дипломының pdf форматындағы сканерін жүктейміз
5 курс бітіргендер бұл жерге бакалавр медицины дипломының pdf форматындағы сканерін жүктейміз.
- Свидетельство о перемене имени , отчества , фамилии или о заключении брака или о расторжении брака , для лиц изменивших фамилию, имя и отчество, (при его наличии ) после получения документов об образовании – отбасы құруға байланысты диплом алған соң аты жөні ауысқандар үшін
- Результат оценки по заявляемой специальности – НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, осы жерде сізге баға қойып берілген қорытынды қағазыңыздың pdf форматындағы сканерін саласыз. Негізі , мен сол документтің сканері мен удостоверения личностидің сканерін 1 пдф-ке біріктіріп салғанды дұрыс деп ойлаймын.
- барлығын дұрыс жүктесеңіз, ДАЛЕЕ басыңыз
- Сол кезде төмендегі фотодағыдай Выбрать сертификат бөліміне өтесіз, яғни Выбрать сертификат кнопкасын басып , өзіңіздің ЭЦП кілтіңіздің парольін жазасыз
Назар аударыңыз. ЭЦП кілт таңдап, пароліңізді енгізген соң, сіздің аты жөніңіз шығады, сосын ПОДПИСАТЬ батырмасын міндетті түрде басу керек
Сонымен, сертификат алуға өтінім беру процесі аяқталады.
- 1-3 жұмыс күні ішінде онлайн өтінішке жауап ретінде Сіздің сертификатыңыз ЭЦП арқылы кіретін жеке кабинетіңізге қазақ және орыс тілдерінде жолданады. Оны ЦОН арқылы алуға болады немесе үйде отырып та ала салуға болады.
- Сіздерге оңай болсын деп үйде отырып қалай сертификатты жүктеуге болатынын көрсетпекшімін
Дайын сертификатты үйден жүктеп алу алгоритмі
- http://elicense.kz/?lang=ru адресіне өтіңіз
- Жоғарғы жағында «Поиск разрешительных документов» дегенге басасыз
- Алғаш рет кірген кезде Сіздің браузеріңіз кірмей қоюы мүмкін. Сол кезде , дұрыстап қарасаңыз «Все равно переходить (небезопастно) деген сияқты жазу көрінеді», соған басасыз
- Сол кезде төмендегідей ИИН толтыруды сұрайтын бөлімге өтесіз. ИИН нөмеріңізді жазып, ПОИСК батырмасын басасыз
- Сол кезде құжат ақпараты көрсетілген төмендегідей бөлімге өтесіз. Стрелкада көрсетілген лупаны басыңыз.
- Келесі ашылған жерде жоғарғы жағында фотода көрсетілгендей «Скачать документ» батырмасын басып, қазақ және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.
Сонымен, сертификат дайын. Сәттілік тілеймін.
Ізгі ниетпен: Еркебулан Серикович Молдаханов
Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің
интернатура түлегі, дәрігер терапевт , 14.07.2017ж
Ұқас материалды қарай кетіңіз: