Жедел жәрдем көмегін ұйымдастыру

Жедел медициналық көмек

Жедел жәрдем деп тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеуге ұйымдастырылған жүйені атайды.

Жедел медициналық жәрдем бекеттері міндетіне мыналар кіреді:

  1. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, бақытсыз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және босанудан кейін асқынулар болған жағдайда ЖМЖ көрсету;
  2. Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау;
  3. Төтенше жағдайларда, табиғат, жол апаттарында жою жұмыстарына белсенді араласу;

ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары:

  • тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ тұрғындардың толық қолы жетуі;
  • ауруханаға дейінгі әр-түрлі медициналық көмектің түрлерін жылдам және дер кезінде көрсетуі;
  • барлық категориядағы жарақаттанғандар мен науқастарға қажетті ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғары білікті медициналық мамандармен қамтамасыз етілуі;
  • нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызудың қамтамасыз етілуі.

Бригадалардың шақыруға шығу уақытының мерзімдері:

  1. Жедел медициналық жәрдем – 4 минутқа дейін
  2. Жедел тасымалдау – 30 минутқа дейін
  3. Жоспарлы тасымалдау – 90 минут аралығында

Жедел жәрдем (жедел медициналық көмек) міндеттері:

  • Санитарлық транспортпен тасымалдауды қажет ететін науқастар немесе жараланғандар тасымалы
  • Қоғамдық  немесе өндіріс орындарында, көшеде, мекемелерде жарақат алғандарды тасымалдау
  • Жедел хирургиялық және созылмалы, инфекциялық  аурулары бар науқастарды тасымалдау
  • Шұғыл науқастарға арнап ауруханаларда орын бөлу, жедел қан құюлар кезінде қан жеткізу немесе шұғыл консультациялар кезінде мамандарды жеткізу.
  • Ғылыми-практикалық, әдістемелік және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
  • Жарақаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалатын шараларға қатынасу.
  • Криминалды жарақаттарды (пышақтау, ату) жергілікті құқық қорғау органдарына, ал шұғыл жағдайларды (су тасқыны, өрт, жол-көлік оқиғалары) жергілікті билік органдарына хабардар ету.

Жедел медициналық көмек персоналының негізгі қызметі:

  • Әртүрлі жағдайдағы(ауырып қалғандар, емдік-профилактикалық мекемелерден тыс жағдайлар, табиғи апаттар, катастрофалар) науқастарға стандартты медициналық көмекке сүйене отырып, тәулік бойы, уақытында, сапалы медициналық жәрдем көрсету.
  • Шұғыл ауруханалық көмек қажет ететін зардап шеккендер мен инфекциялық науқастарды уақытында тасымалдау.
  • Жедел медициналық станция көмегіне жүгінген науқастарға,амбулаторлы науқастарды қабылдауға арналған кабинеттерде медициналық көмек көрсету.
  • ЖМКС қызмет атқаратын аймақтағы барлық оқыс оқиғалар мен ситуацияларды денсаулық сақтауды басқарудың муниципалды органдарына жеткізу.
  • Жедел медициналық көмек бригадаларының біркелкі комплектілігі, яғни ЖМК бригадасы барлық құрал-жабдықтармен, ауысымы реттелген медициналық персоналдармен толық қамтамасыз етілуі керек.

Жедел көмек көрсеткіштері бар патологиялық жағдайлардың түрлері:

  1. Жедел медициналық жәрдемсіз өлімге әкелетін өмірге қатер төну жағдайлары;
  2. Өмірге қауіп жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты, түрлі уақытта қатер төнуі мүмкін;
  3. Өмірге қауіп жоқ, бірақ науқастың қасіретін жеңілдету;
  4. Науқас өміріне қауіп жоқ, бірақ айнала қоршаған адамдарды сақтандыру үшін жедел көмек қажет;

ЖМЖБ – тұрғындары 30 мың адамнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу – профилактикалық мекеме болып табылады немесе қалалық жедел жәрдем ауруханасының құрамына бір оның құқықтық бөлімі ретінде кіреді.

Тұрғындарының саны аз қалалар мен аудандарда жедел медициналық жәрдем бөлімдері қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында ұйымдастырылады. Әр қалада тек бір жедел медициналық жәрдем бекеті болуы керек. ЖМЖ бекеттерін бас дәрігер, оның қосалқы бекеттерін меңгерушілер баскарады.

Үлкен қалалар мен аудан орталықтарында ЖМЖ бекеттерінің кұрамында қосалқы бекеттер (бөлімшелер) ұйымдастырылады. Қосалқы бекеттердің қызмет көрсету аудандарын бекеттің бас дәрігерінің ұсынысымен жергілікті денсаулық сақтау Департаменті бекітеді.

Қосалқы бекеттер 15 минут ішінде көлікпен жету есебімен кұрылады. Қосалқы бекеттердің кызмет көрсету аясы тұрғындардың саны мен жас құрамына, құрылыстардың ерекшеліктеріне, ауданда өндірістік және ауыл шаруашылық мекемелердің тығыздығына, көліктік магистралдардың жағдайына, көлік жүрудің жиілігіне қарай бекітіледі. Жедел медициналық жәрдем бекеттерінде ЖМЖ көрсету желілік бригадалар арқылы атқарылады.

Тұрғындары 70 мыңнан асқан қалалар мен аудан орталықтарында балаларға ЖМЖ көрсету үшін арнайы балалар бригадасы, 100 мыңнан асқан елді мекенде психиатриялық науқастарға ЖМЖ көрсету үшін арнайы психиатриялық бригада құрылады. Қажеттігіне байланысты жас босанған әйелдерді тасымалдау үшін медициналық қызметкері бар көлік бөлінеді. Сонымен қатар мамандандырылған қарқынды терапия көрсететін бригадалар (ҚТБ) құрылады. Сонымен қатар бекет басында ЖМЖ қажет өз бетінше келген тұрғындарға да көмек ұйымдастырылады.

ЖМЖ бекеті 100 мың тұрғынға кем дегенде 2 нөмірлі телефон, радио байланыстар арқылы бригадалармен және емдеу – профилактикалық мекемелермен, ІІМ (ішкі істер министрлігі) мекемелерімен, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерімен хабарласу үшін байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі керек.

Қарқынды ем бригадалары орта және жоғары буын медицина қызметкерлерінің және тұрғындардың шақыртуымен жіберіледі. Қарқынды ем бригадасын шақырған медицина қызметкерлері бригада келгенше барлық қажетті медициналық іс-шараларды жүргізуі қажет.

ЖМЖ бекетінің бригадаларымен жеткізілген жарақаттанғандар мен науқастар аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл қаралып, қажет болса, ауруханада бос орынның бар – жоғына қарамастан жатқызылады. Аурухананың қабылдау бөлімінде ЖМЖ бригадасын 10 минуттан артық кідіртуге болмайды (науқас немесе жарақаттанғанды аурухананың кезекші дәрігеріне өткізетін уақыт). ЖМЖ көлігінің біркелкі танитын белгілері (арнайы орналастырылған құбылмалы шам, дыбыс дабылы) болуы қажет.

Санитарлы көлік жұқпалы аурулар тасығаннан кейін міндетті түрде сол аурухананың күшімен залалсыздандырылуы керек. ЖМЖ бекеттеріне, бөлімшелеріне әр – бір 1000 қалалық, ауылдық тұрғындарға бюджеттен бөлінген қаржы аймағында зембіл мен 1 санитарлы көлік бөлінеді.

Жылына 75 мыңнан астам шақыртулары бар ЖМЖ бекеттерінде бақылау жүргізу үшін арнайы қамсыздандырылмаған бір автокөлік бөлінеді.

Жылына 500мыңнан астам шақыртуға баратын ЖМЖ бекеттерін д е осы мақсатта 2 автокөліктен бөлінеді. Әрі қарай жылына әр 250 мың шақыртуға бір автокөлік бөліну қарастырылады.

ЖМЖ бекеттерінің жұмысы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының нормативті-құқықтық актілерінің негізінде жүргізіледі.

ЖМЖ бекеттері өз жұмыстарын емдеу-профилактикалық, Ішкі істер министрлігінің мекемелерімен және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бөлімшелерімен тығыз байланыста жүргізеді.

Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайда дер кезінде емдеу-эвакуациялау, медико-санитарлы, эпидемияға қарсы шаралармен тұрғындарды қамтамасыз ету іс -шараларын ұйымдастыру үшін ЖМЖ бекеттері Республикалық апат медицинасы орталығының бөлімшелері мен Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі Агенттігінің басқаруымен жұмысын атқарады.

ЖМЖ бекеттері еңбекке жарамсыздық парағын, сот-медициналық қорытынды бермейді, алкогольды масаюды анықтауға сараптау жүргізбейді, сонымен қатар науқастар мен оның туыстарына анықтама бермейді. Медициналық көмек көрсетілген науқастарға, бақытсыз жағдайға душар болған жарақаттанғандарға бекеттің медициналық қызметкері хабарлау парағын береді.

Оперативті бөлімнің жалпы ережелері:

  1. Оперативті бөлім ЖМЖ бекетінің құрамына кіретін тәулік бойы тұрғындардан орталықтандырылған шақыртуларды қабылдап дер кезінде ЖМЖ желілік бригадаларын оқиға болған жерге жіберіп, және олардың жұмыстарын басқарып отыратын бөлім болып табылады.
  2. ЖМЖ бекетінің оперативті бөлімі ірі қалаларда ұйымдастырылады. Оперативті бөлімнің кезекші қызметкерлерінің барлық ЖМЖ бекетінің құрамдарымен, бөлімшелерімен, желілі бригадалармен, денсаулық сақтау мекемелерімен, сонымен қатар қалалық оперативті қызметкерлермен тура байланысатын қажетті байланыс құралдары бар.
  3. Оперативті бөлім меңгерушісі қызметіне “емдеу ісі”, “педиатрия” мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар және жедел медициналық сертификаты бар маман тағайындалады.
  4. ЖМЖ бекетінің оперативті бөлім меңгерушісі өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын Денсаулық сақтау министрлігінің құкықты-әдістемелік кұжаттарын, бас дәрігердің бұйрықтары мен осы ережені орындайды.

5.Оперативті бөлімнің құрамына:

  • диспетчерлік қабылдау мен шакыртуларды беру;
  • анықтама үстелі кіреді.

Оперативті бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Оперативті бөлімнің негізгі міндеттері шақыруды орталықтандырылып қабылдауды ұйымдастыру, тәулік бойы ЖМЖ-ге шақырушылардың қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу, түскен шақырулардың орындалуын дер кезінде ұйымдастыру болып табылады.
  2. Желілі бригадалардың жұмысына бақылау және басқару, қажетті оперативті жағдайға байланысты ЖМЖ ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.
  3. Төтенше жағдайларда ЖМЖ ұйымдастыру.
  4. Қойылған міндеттерге байланысты келесі қызметтер атқарылады:
  • қабылданған шақыртуларға байланысты диалог міндетті түрде магнитті таспаға жазылып, 6 ай мерзімде сақталуы тиіс;
  • жеделдігіне байланысты шақыртуларды іріктеу;
  • желілі бригадаларға дер кезінде шақыртуды беру, жеделдігіне және шақырту себебіне байланысты түсіп жатқан шақыртулардың тығыздығын бақылап, қадағалау;
  • аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқастар мен босанған әйелдердің дер кезінде жеткізілуін бақылау;
  • тұрғындарды науқастармен жарақаттанғандар жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету.

Жедел медициналық жәрдем шақыртудың тәртібі

1.ЖМЖ бригадалары “03” телефоны немесе өз бетінше, “0Г’,”02”,”05Г’ шақыртылуы мүмкін.

2.ЖМЖ бригадалары ЖМК көрсету үшін келесі жағдайларда жіберіледі:

  • бақытсыз жағдайларда;
  • өмірге қауіп төндіретін кенеттен болған ауруларда;

3.Келесі жағдайларда көмек көрсетіп, арнайы медициналық мекемелерге тасымалдайды:

  • босанғанда және жүктілік ағымының асқынуында;
  • 1 жасқа дейінгі балаларға;
  • жіті және денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты әр-түрлі созылмалы аурулардың асқынуында;

Емдеу дәрігерінің шақыртуы мен денсаулығына қарай зембілмен, санитарлы автокөлікпен тасымалдауды қажет ететін жол жөнекей медициналық көмекке мұқтаж науқастарға;

Науқасты тасымалдау үшін көлікті шақырған емдеу дәрігері өз аты-жөнін, жұмыс орнын атап, бригада келуін күтуі қажет.

Келесі жағдайларда шақыртуды қабылдамайды және бармайды:

  • емхана мен отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың жұмыс уақыты кезінде жедел медициналық көмекке мұқтаж емес науқастардың үйіне;
  • өлім актісін құрастырып және оны куәлендіруге;
  • емдеу дәрігерінің жоспарлы тағайындаған емін жүргізіп, орындауға;
  • медициналық мекемелерге кеңестік тұрғыда көмек көрсетуге;
  • ауруханадан науқастарды үйге тасымалдауға;

Бригада түрлері жіктеледі:

  1. Сызықтық
  2. арнайы

жедел жәрдем көмегі

Жедел жәрдемдегі сызықтық бригада

Сызықтық бригадалар:

  • Дәрігерлік: Дәрігер, 2 фельдшер(немесе фельдшер және медбикеден) санитар және жүргізушіден тұрады.
  • Фельдшерлік: 2 фельдшерден немесе фельдшер және медбикеден, санитар, жүргішуден құрылады

Сызықтық бригада ерекшеліктері:

Жедел көмек бригадасының негізгін құрайды. Барлық шақыртуларды қамти алады. Шақыртулар себебіне қарай әрі кезектілігін қамтамасыз ету мақсатында «дәрігерлік» және «фельдшерлік» деп бөлінеді.

  1. «Дәрігерлік шақырту » себептері: қант диабеті, кардиологиялық және неврологиялық аурулар, балаларға шақыртулар.
  2. «Фельдшерлік шақырту» себептері: іш ауруы, ауыр емес жарақаттар, науқастарды поликлиникадан стационарға тасымалдау.

Жедел жәрдемнің арнайы бригадасы

Арнайы бригада – ерекше қиын жағдайларда, профильді шақыртуларда,сонымен бірге  сызықты бригадалар шақыртулардағы жағдайды түзей алмаған жағдайларда. бірінші болып баратын бригада.

Арнайы бригада оқиға болған орында жедел жәрдем көлігінде жасай алады:

  • Қан құю,
  • Қан кетуді тоқтату,
  • Трахеотомия,
  • Жасанда тыныс алдыру,
  • Жүректің жасанды массажы

Сонымен қатар диагностикалық тексеру жасайды:

  • ЭКГ түсіру,
  • протромбинді индексті анықтау,
  • Қан кету ұзақтығы және т.б.

—Арнайы бригаданың орындай алатын міндеттері:

  • диагностикалық,
  • емдік -реанимациялық аппаратура
  • дәрілік препараттар.

Арнайы жедел жәрдем бригадалар бөлінеді:

  1. Кардиологиялық — жедел кардиопатологиямен ауыратын науқастарды тасымалдау және шұғыл кардиологиялық көмек көрсетумен айналысады.
  2. Реанимациялық — шекаралық және терминалды жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсетеді.
  3. Педиатриялық — балаларға шұғыл көмек көрсету және тасымалдаумен шұғылданады,сонымен бірге жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізеді.
  4. Психиатриялық —психологиялық бұзылыстары бар науқастарға жедел көмек көрсету және тасымалдаумен қатар оларды жақын арада орналасқан психиатриялық стационарға жеткізеді. Науқас жағдайына байланысты күш қолдануына және еріксіз ауруханаға жатқызуға құқығы бар.
  5. —Наркологиялық — наркологиялық науқастарға,алкогольді делирий және ұзақ ішкілікке салынған науқастарға шұғыл көмек көрсетуге бағытталған.
  6. Неврологиялық— жедел немесе созылмалы неврологиялық және нейрохирургиялық аурулардын асқынуы болған жағдайда жедел көмек көрсетеді.
  7. —Травматологиялық —түрлі аяқ -қол жарақаттары мен басқа дене мүшелерінің жарақаттары,биіктен құлау және басқа жарақаттар кезінде көмек көрсетеді.

Өмірге қауіпті жағдайларда реанимациялық көмек көрсетуге қажетті құралдар (жедел жәрдемде болуы тиіс):

  • портативті электрокардиограф,
  • дефибриллятор,
  • Жасанды өкпе вентиляциясын жүргізуге арналған құрал-жабдықтар
  • Ингаляциялық наркоздарға арналған аппараттар.
  • электросорғыш(электроотсос),
  • оттегілік(кислородный) баллон,

реанимациялық құралдар жиынтығы:

  • ларингоскоп,
  • Интубациялық түтіктер
  • Ауа енгізгіштер
  • зонд және катетер,
  • Қан тоқтататын қысқыштар,
  • Босану кезінде көмек көрсетуге арналған құралдар
  • Сынықтарды фиксациялауға арналған шиналар

Зеңбіл түрлері

  • жиналатын
  • кресло-каталка.
  • Арнайы жәшікте тасымалданатын медикаменттнердің кең спектрі

Сызықтық және арнайы бригадалардың жабдықталуы бірдей десе де болады, тек арнайы бригадалардың құрал-жабдықтары сапасы және мүмкіндігі бойынша артықшылыққа ие болады.

Сызықты бригадалардан тағы бір ерекшелігі мұндағы дәрігер арнайы дайындықтан өткен және кез келген жаңа құралдармен жұмыс атқара алады. Тіпті фельдшердің өзі мұнда бірнеше мәрте дайындақ курстарынан өтіп барып жұмыс істейді.

Жедел жәрдем медикаменттер тізіміне кіреді:

  • анальгетиктер (морфин, омнопон, промедол, анальгин),
  • жүректік гликозидтар (коргликон, строфантин),
  • ОНЖ және тыныс алу орталықтарының стимуляторлары (кофеин, кордиамин, камфорное масло, стрихнин),
  • симпатомиметиктер (адреналин, норадреналин, мезатон),
  • нейроплегиялық және тыныштандыратын препараттар(аминазин, сульфат магния ),
  • ганглиоблокаторлар (пентамин, бензогексоний),
  • спазмолитиктер (амилнитрит, папаверин, эуфиллин, дибазол),
  • холинолитикалық (атропин, платифиллин),
  • антигистаминдік препараттар (димедрол, супрастин, пипольфен),
  • Са  тұздары (глюконат и хлорид),
  • гормоналды препараттар (гидрокортизон, инсулин),
  • диуретикалық препараттар (лазикс, новурит и др.),
  • витаминдер (B1, B6, B12, С, РР, К),
  • антиаритмиялық препараттар (новокаинамид),
  • антидоттар (унитиол),
  • натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі немесе дистилденген су, глюкозаның 40% ерітіндісі, 0,5 және 2% новокаин ерітіндісі, полиглюкин

Жедел жәрдем екі режимде қызмет атқарады:

  1. Күнделікті
  2. Төтенше жағдайлар кезінде

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!