Болашақты болжаулышлар сізді қалай алдайды?

Астрологиялық гороскоп, нумерология және басқа да жорамалдар бізді қалай алдайды

Егер сіз жұлдыз жорамал және басқа да астрологиялық болжамдарға сенсеңіз, Форер эффектісі туралы білу қажет. Бұл феномен психолог экспериментатордың атына сай аталған, ол бірнеше эксперимент жүргізіп, адамдардың сенгіштігін байқаған.

Бір топ адамға жеке сұрақтардан және нумерологиядан тұратын анкетаға жауап беруді өтінген. Анкетадан соң бұл деректер толықтай қарастырылып, индивидуалды астрологиялық болжаммен салыстырылатынын айтқан. Эксперимент басшысы анкетаны оқымай, әрбір экспериментке қатысушыға бірдей текст материалын беріп, бұл жеке бас астрологиялық зерттеуіне сүйенген психологиялық портрет деп түсіндірді.
Экспериментке қатысушыларға берілген тексттің қысқаша нұсқасы:

“Сіз жиі қоршаған адамдардан махаббат пен түсінушілікті қажет етесіз және өз кемшіліктеріңізге сыни қарайсыз. Барлық күшіңізді жұмсасаңыз да, әлі де ішкі потенциалыңызды жүзеге асырмадыңыз. Сіз өз бойыңыздан көптеген кемшіліктер табасыз, бірақ табысқа жету үшін, онымен үнемі күресу үстіндесіз. Ішкі сенімсіздігіңізге қарамай, жетістіктерге жету үшін табандылық танытасыз. Үнемі істеп жүрген істеріңіз дұрыстығына және дұрыс бағытта қозғалып келе жатқандығыңыз үшін күдіктенесіз. Сізге өміріңізде жаңашыл өзгерістер мен әр алуан істер болып тұрғаны ұнайды. Сізге басқа біреу өз міндеттерін жүктеп және сіздің еркіңізден тыс бағдар бергені ұнамайды. Сізге өз пікіріңіздің болғаны және шешім қабылдарда өз ақыл – ойыңызбен шешкен ұнайды. Өз жоспарыңызды тез өзгертуге себеп тек нақты дәлелдемелер ғана бола алады. Сіз өзіңіздің ішкі алаңдаушылығыңызды басқа адамдарға ашып айтпайсыз, себебі ол дұрыс емес және өзіңізге қауіпті болуы мүмкін деп ойлайсыз. Бірақ сіз толықтай алғанда көпшіл, ақ қөңіл жансыз, кейде көп сөйлемейтін адам боласыз. Көп жағдайда практикалық тұрғыда қол жетпейтін нәрселерді армандайсыз. Сізге өзіңізді қауіпсіздікте сезіну маңызды.“

Жұлдыз жорамал өтірігі
Жұлдыз жорамалға ғылыми көзқарас

Бұл нәтижелерді алған соң, экспериментке қатысушыларға осы ақпараттың өз жеке басымен сәйкестігін бес баллды жүйе бойынша анықтауын сұраған. Бес баллды жүйе бойынша орташа нәтиже 4, 26 болды. Осы нәтижелерге сүйене отыра Форер адам баласына ақпарат қалай әсер ететіндігі туралы қорытынды жасады:

  1. Жеке тұлғалық негіздемесінің сезімталдығы (Астрологиялық календарь, хиромантия, карта және тағы басқалар эффективті әсер ететіндігін)
  2. Тұлғаны позитивті сипаттау оны табысты адам етеді.
  3. Мінездеме тұлға туралы абстрактты деректерден тұрады, көмескі формулировкадан тұрады.
  4. Тұлғаны сипаттау адамдардың көбіне сай қассиеттермен сипатталады (маңызды, сүйікті, дербес болуы)

Көріп тұрғаныңыздай иландыру әрекеті көптеген псевдо ғылым саласында: астрология, психологиялық тест, гороскоп, хиромантия, картамен болжау, көз түсіне байланысты адам мінезін анықтау, қан тобы, соционика және тағы басқа салада қолданылады. Сіз туралы информацияны анықтау қандай ритуалға сүйенсе де нәтиже бір болады.

Бірақ жеке бас гороскоп немесе ғылыми тест нәтижесіне сену немесе сенбеу өз еркіңізде. Сондықтан егер сіз көріпкел, астролог тағы басқа ғылым көмегіне сүйенсеңіз, сіз өз еркіңізбен ғылымға және жан дүние саласымен ешқандай байланысы жоқ экспериментқа қатысасыз және бұл толықтай алдамшылық болып табылатынын естен шығармаңыз!

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Велосипед тебудің адам ағзасына пайдасы
  2. Жыныстық қатынас

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!