Оң жақ қарынша миокард инфарктісі

Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісі

Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісі сирек кездеседі, жиі ол сол жақ қарыншаның зақымдалуымен бірге жүреді. Қалыпты жағдайда сол жақ қарыншаның артқы қабырғасынан инфаркт, оң жақ қарыншаның артқы қабырғасына тарайды, (сирек оның бүйір немесе алдыңғы қабырғасы зақымдалады), нәтижесінде жедел оң жақ қарыншалық жеткіліксіздік дамиды. (бауыр ұлғаюы, ісіну).  Аутопсияда  екі қарыншаның зақымдалуы қайтыс болғандардың 14–84% кездеседі. Инфаркттың сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға таралуы болжамды қиындатады.

Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісінің себебі оң жақ коронарлы артерияның атеросклеротикалық проксималды окклюзиясы болып табылады. Бұл кезде синоатриальды, атриальды және атриовентрикулярлы түйіннің  қан айналымы бұзылады, нәтижесінде ырғақ бұзылысы, синусты брадикардия, жүрекше фибрилляциясы және  AV-кедергісі дамиды; бұдан басқа жүрекше инфарктісі дамиды.

оң жақтық миокард инфарктісі

Клиникасы:

Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісінің клиникалық көрінісі сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының көрінісіне сай болады. Оң жақ қарыншаға некроз таралған кезде және оның жиырылғыштығының төмендеуі кезінде артериалды гипотензия дамиды, кейіннен оң жақ қарынша жеткіліксіздігі дамиды. Оң жақ қарыншаның дисфункциясының гемодинамикалық эффектісі әсерінен, оң жақ қарынша қажетті қан көлемін өкпе қан тамыры арқылы сол жақ қарыншаға тарауын азайтады, нәтижесінде жүйелі гипотензия дамиды. Оң жақ қарынша миокарды көрінісінде жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік және кіші қан айналым шеңберіндегі тоқырау болмайды. Оң жақ жүрекшеде орташа қысым 10 мм сын.бағ. жоғары, нәтижесінде үлкен қан айналым венасында тоқырау дамиды. Өкпе артериясында систолалық қысым– қалыпты немесе біршама төмен болады.

Объективты қарау кезінде мойын веналарының ісінуі  (Куссмауль симптомы) байқалады.

Перкуторлы: жүректің оң жақ шекарасының оңға жылжуы, жүректің абсолютты тұйықтығының кеңеюі байқалады.

Аускультативті: протодиастолалық галоп ырғағы (патологиялық III тон)  және үш жармалы қақпақшаның салыстырмалы жеткіліксіздігінің систолалық шуы естіледі.

Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісінің типті көріністері:

  • артериальды гипотензия
  • оң жақ жүрекшедегі қысымның жоғарылауы
  • өкпе аускультациясында сырылдың болмауы

Электрокардиографиялық көріністер.

Жедел және жеделдеу сатысында ЭКГ көріністері:

  • сол жақ қарыншаның артқы диафрагмальды қабырғасының ишемиясы:

II, III және aVF шықпаларында  ST сегментінің элевациясы, Q патологиялық тісшесінің қосылуымен;

  • оң жақ қарынша ишемиясы: V3R–V6R оң жақ кеуде шықпаларындағы ST сегментінің 1 мм элевациясы, сонымен қоса, V2–V4 алдыңғы кеуде шықпаларындағы ST сегментінің депрессиясы
  • оң жақ кеуделік шықпаларындағы патологиялық Q тісше (QS) және теріс Т тісшесі;
  • V2 шықпаларындағы ST сегментінің депрессиясы

Диагностика

ЭхоКГ арқылы оң жақ қарыншаның кеңеюін, гипокинезия немесе артқы, бүйір немесе алдыңғы қабырғасының акинезиясын байқауға болады.

Коронароангиография окклюзия немесе оң жақ коронарлы тамырлардың тарылуын анықтауға болады.

Емі

Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісінің емі оң жақ қарынша инфарктісіне ұқсас, яғни инфарктты анықтауға, реперфузия, жүрек жиырылу жиілігін бақылауға, инотропты жәрдем беру қажет. Оң жақ қарыншаның күштемеге жоғары сезімталдығын ескере отырып, нитраттар  (егер  систолиялық  АҚ >100 мм сын.бағ.) және диуретиктерді  абайлап қолдану керек. Вазопрессорлар қауіпті, себебі жүйелі қан қысымын жоғарлатуға байланысты, олар зақымдалған оң жақ қарыншаға күштемені жоғарылатады.  Артериальды  гипотензия кезінде: 0,9% натрий хлориды (1–1,5 л 200 мл/сағ жылдамдықпен), декстран, коллоидты ерітінді, реополиглюкин тағайындалады.  Ерітіндіні орталық венозды қысым ≥15 мм сын.бағ. жеткенше тағайындайды. Осындай ем нәтижесінде артериальды гипотензия емделмесе, тамыр ішілік добутамин енгізіледі. Эффект болмаса коронарлы баллонды ангиопластика қолданылады. Оң жақ қарыншаның тромболитикалық терапиясына көрсеткіш артқы жедел миокард инфарктісі сияқты. Өткізгіштік бұзылысы байқалса: II дәрежелі АВ-кедергі болса, атропин 0,5 мг тамыр ішілік әрбір 5 минут ( 2 мг дейін) сайын енгізеді,  әсері болмаса уақытша электрокардиостимуляция (ЭКС) қолданылады. Жүрекше фибрилляциясы кезінде шұғыл электрлік кардиоверсия қолданылады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Миокард инфарктісі
  2. Миокард инфарктісі
  3. Инфекциялық эндокардит
  4. Кардиомиопатия
  5. Кардиологиялық науқастарды емдеу тәсілдері
  6. Кардиологиядағы микробиологиялық зерттеулер
  7. Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!