Ретикулярлы формация ( formatio reticularis, лат. Reticulum- тор, синонимдері- зат)- бас миының бағанасы мен жұлынның жоғарғы бөлімінің орталығында орналасқан жасушалы және ядролы түзілістер комплексі. Ретикулярлы торда әртүрлі бағытта басып өтетін талшықтардың көп мөлшері тор тәрізді түр береді, сондықтан осы атқа ие болып отыр.
Барлық ретикулярлы тор каудальды немесе мезэнцефальды, немесе ростральды, немесе таламикалық бөлімдерге бөлінеді. Каудальды бөлім бас миының кең бөлімдері мен шекараларына әсер етудің диффузды, арнайы емес жүйесін анықтайды. Ретикулярлы тордың диффуздылығы (немесе арнайылығы) нервті- импульсті әсер- модальділік сипатымен көрінеді. Сөйтіп, ретикулярлы тор- бұл бас миының барлық бөлімін функциональды көрсетіп, жүйке жүйесінің барлық әрекет түрлеріне әсер ететін әмбебаб жүйе, яғни оны “ ми ішіндегі ми” деп қарастыруға болады.
Ретикулярлы тордың жүйке жүйесінің жұмысына әсер ету формаларының көп түрлілігіне қарамастан ретикулярлы тордың әсер етуінің екі бағытын ажыратуға болады: ретикулоспинальды әсер және ретикулокортикальды әсер.
Ретикулоспинальды әсерді жеңілдету немесе тежеу сипатына ие болады және қарапайым және күрделі қозғалыстар координациясында, психикалық сфераның адамның күрделі қозғалысты әрекеттерін іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Ретикулокортикалық қарым- қатынастар әртүрлі жоспарлы. Клиникалық тәжірибеден бас- ми бағанының белгілі бір бөлімдерінің зақымдалу кезінде қозғалыс белсенділігі кезегі бұзылуы, психикалық әрекет төмендеу, яғни қыртысты интеграция процестеріне белсенді әсер ету төмендеу болғаны белгілі. Ретикулярлы тордың белгілі бір бөлімдерін тітіркендіру үлкен жартышарлар қыртысының шекарасында белсенділік реакциясын шақырады. Бұл ақпараттар ретикулялы тордың диффузды, белсендіретін жүйе концепциясын қалыптастыруға ықпал етті. Ретикулярлы тордың үлкен жартышарлар қыртысына әсер ету негізінде ағзаның сенсорлы жүйелерінен афферентті импульсация, сонымен қатар гуморальды әсер ( норадреналин, тироксин, реттеуші пептидтер және басқа физиологиялық белсенді заттар, ретикулярлы тор нейрондарымен қатысты) жатыр.
Ұзақ уақыттар бойы қыртыстың ретикулярлы торға әсері зерттелмеген, бұл ретикулярлы тордың үлкен жартышарлардың қыртысына әсерін белгілеген. Сондықтан үлкен жартышарлардың ретикулярлы тордың нейрондарымен байланысы басты фактор болып келген.
Ретикулярлы тордың қызметі бұзылуы ең алдымен оның ядролары мен афферентті және эфферентті байланыстары әртүрлі деңгейде зақымдалу нәтижесінде қозғалыс бұзылу, ұйқы, сана бұзылыстары, вегетативті дисфункция болады.
Анатомиялық құрылымы және талшықты құрамы.
Ретикулярлы тор- нейрондар мен олардың нервті талшықтарының ми бағанында орналасып, тор түзетін жиыны.
Ретикулярлы тор бос ми бағананың бүкіл бойымен жоғарғы мойын спинальды сегменттерден аралық миға дейін орналасқан. Анатомиялық ол аралық мидың, воралий көпірінің және орталық мидың рет торына бөлінеді. Сонымен қоса ретикулярлы тордың ми бағанының әртүрлі бөлімдерінде жалпы бірлік бар. Сондықтан оны бір құрылым ретінде қарастырған жөн.
Ретикулярлы тор- тармақталған дендритті ағаш пен ұзын аксондармен сипатталатын жүйке жасушаларының күрделі жиыны болып табылады. Дендриттер мен аксондардың бір бөлігі төмендегіш бағытта және ретикулоспинальды жол түзеді, ал бір бөлігі өрмелеуші . Ретикулярлы торға басқа ми құрылымдарынан көп мөлшерде жолдар келеді. Бір жағынан бұл сенсорлы өрмелеуші жүйе миының бағаны арқылы өтетін талшықтар коллатеральды, ол коллатеральдер ретикулярлы тордың дендриттері мен нейрондар санасында синапстармен анықталады. Басқа жағынан мидың алдыңғы бөлімінен келетін төмендеуші жолдар көп мөлшерде коллатеральдер береді, олар да ретикулярлы торға кіреді және оның нейрондары мен синапстық байланысқа түседі. Ретикулярлы тор нейрондарына мишықтан да бір топ талшықтар келеді. Сөйтіп, өзінің афферентті байланысын ұйымдастыра отырып бұл жүйе әртүрлі ми құрылымдарының әсері бірлестігіне ие. Одан шығатын жолдар жоғарыда жатқан және төмендегі ми орталықтарына әсер ете алады.
Ретикулярлы тордың нейронды ұғымы толық зерттелмеген. Ондағы әртүрлі жасушалар өсінділерінің күрделі өрімі болуына байланысты осы аймақтың нейрон аралық байланысының сипатын оқу ауыр. Бастапқыда ретикулярлы тордың нейрондары бір- бірінен байланысып, нейрониль түзеді. Онда қозу диффузды торап көптеген әртүрлі жасушаларды қамтиды деген кең таралған тұжырым болған. Дегенмен, ретикулярлы тордың нейрондарының белсенділігін тікелей зерттеу нәтижелері бұл тұжырымдарға сәйкес келмеді. Осындай белсенділіктің микроэлектродты әкетулерінде жақын жатқан жасушалар мүлдем әртүрлі функциональды сипатқа ие болатыны анықталды. Сондықтан ретикулярлы тор ретикулярлы торға нейрон аралық байланыстар ұйымы дифференцирленген және оның бөлек жасушалар өзаралық арнайы байланысқан деп ойлауға тура келеді.
Төмендегіш арнайы емес әсерлер.
1946 жылы Америка нейро- физиологы Х. Мегоум және оның қызметтестері ми бағанының ретикулярлы торы вегетативтіге қоса соматикалық рефлекторлық әрекеттің реттелуіне қатысы бар екенін анықтады. Ретикулярлы тордың әртүрлі нүктелерін тітіркендіре отырып спинальды қозғалыс рефлекстер ағымын эффективті өзгертуге болады. 1949 жылы Х. Мегоум мен Италия нейро- физиологы Дж. Моруццидің бірлесіп жасаған жұмыстары ретикулярлы торда тітіркендіру жоғары ми құрылымдарының әсіресе үлкен жартышарлар қыртысының қызметіне әсер ететінін көрсеткен, оның белсенді ( сергекті) немесе белсенді емес түрге ауысуын анықтайды.
Өрмелеуші әсер ету.
Төмен түсу жолы арқылы іске асырылатын қызметпен қоса ретикулярлы торда өрмелеуші жол арқылы іске асырылатын айқын қызметтер де бар. Олар мидың жоғары бөлімдерінің, әсіресе үлкен жартышарлар қыртысының белсенділігін реттеумен байланысты. Ретикулярлы тор үлкен жартышарлар қыртысының қалыпты жұмысын ұстап тұруында маңызды рөл атқаратыны туралы мәләметтер біздің ғасырдың 30- шы жылдарында алынған, дегенмен оның маңыздылығы дұрыс бағаланбаған. Бельгия нейро- физиологы Ф. Бремер (1935) бас миын әр деңгейде кесе отырып және бас миының басқа ОЖЖ бөлімдерінен бөлінгендердің қызметін бақылай отырып, колликулааралық деңгей ( яғни төрт өршіктің алдыңғы және артқы өршіктері арлығында) бойынша кескін жүргізілген жануар мен кесу сызығы аралық ми мен жұлын аралығында өткен жануар арсында айқын айырмашылық бар екеніне көңіл аударған.
Ретикулярлы нейрондар қасиеті.
Ретикулярлы тордың нейрондарының қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттеу нәтижелері қызығушылық тудырады. Бұл зерттеулерді клеткадан тыс микроэлектрдты әкетулерді қолдана отырып ретикулярлы нейрондардың функциональды қасиеттерін алғаш рет толық сипаттаған Дж. Моруццидің жұмыстарына жол салған. Бұл кезде олардың тұрақты импульсивті белсенділігі өзіне көңіл аударды. Егер ретикулярлы тордың жұмысы наркозсыз шарттарда зерттелсе, онда олардың көп нейрондары жиілігі 5- 10 с. Сайыннервті разрядтарды беріп отырады. Әртүрлі афферентті әсерлер ретикулярлы нейрондардың осы торда белсенділігімен суммерленіп, бірінде қозу, екіншісінде тежелуді шақырады. Осы жағдайдағы тұрақты фонды белсенділік екілікті болуы керек. Бір жағынан ол ретикулярлы клеткалардың мембранасының жоғары химиялық сезімталдығымен және оның гуморальды химиялық факторлармен тұрақты деполеризациясымен байланысты. Екінші жағынан ол ретикулярлы нейрондардың афферентті байланыстары ерекшеліктерімен, әсіресе оларға көптеген әртүрлі сенсорлы жолдардан коллатеральдердің конвергенциясымен анықталады, сондықтан ағзаға ешқандай арнйы тітіркендіргіштер әсер етпегеннің өзінде ретикулярлы торға бақыланбайтын әсерлерден импульстер үздіксіз келіп отырады. Бұл импульстер клеткаға көптеген синаптикалық жолдар арқылы келе отырып, мембрананың қосымша деполеризациясын шақырады. Ретикулярлы клеткалардың осындай белсенділігіне байланысты олардың басқа құрылымдарға әсерлері тұрақты және тоникалық сипатты. Егер, мысалы, ретикулярлы торды жұлыннан жасанды бөліп тастаса, онда жұлынның рефлекторлы қызметі тұрақты өзгеріске ұшырайды, полисинаптикалық жол арқылы іске асатын рефлекстар жеңілдейді. Жұлынның жүйке элементтері тоникалық, яғни тежеуші бақылау астында орналасқанын көрсетеді.
Лимбиялық жүйе латынның limbus– жиек деген сөзіне алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршаған құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан- жағында орналасқан: белдеуші қатпар (gyruscinguli) теңіз жылқысы қатпары (gyrus hippocampi), миндаль, миндаль тәрізді комплекс, күмбез(fornix), гиппокамп, маммилярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 жылы лимбиялық қыртыс деп атаған. 1952 жылы П. Д. Мак- Лин оларды бір лимбиялық жүйеге біріктірді.
Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызиеттерінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, миндаль тәрәзді комплексті тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі, ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейіп, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық, жатыр жиырылады. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады.
Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гиппокампын алып тастаса, жақын арада болған барлық оқиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі.
Кейбір жасөспірімдерге тән агрессивтілік пен мазасыздық миды көңіл- күйді реттеуге қатысатын лимбикалық жүйесінің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Австралия зерттеушілері анықтаған ондай жасөспірімдер үшін миндальды дене мөлшерінің үлкеюі тән.
Мельбурнск университетінің мамандары жүргізген зерттеулерде 11- 14 жастағы 137 ұл балалар мен қыз балалар қатысқан. Жасөспірімдер мен лоардың ата- аналарына қйқыға өту уақыты, интернетке қосылуды шектеу және үйдегі жұмыстар сияқты тақырыптарды талқылауды ұсынды. Қатысушылар тәртібі, әсіресе агрессивтілік және мазасыздық сияқты параметрлер арнайы көрсеткіш көмегімен бағаланған. Артынан жасөспірімдерге магнитті- резонансты зерттеулер (МРТ) жүргізді, оның барысында лимбикалық жүйеге жататын құрылымдар жағдайы бағаланды.
Анықталған, агрессивті науқастарда импульсивтілікке жауап беретін миндаль тәрізді дененің үлкеюі екі жақтан байқалды. Сонымен қатар қыртыстың алдыңғы бөлігіндегі бел иірімі мөлшері кішіреюі, ұлдарда сол жақ жарты шарлардың орбитофронтальды қыртысының кішіреюі агрессиямен қатар дисфориямен ассоцирленген жоғары мазасыздық, ызалы немесе қайғылы көңіл күй.
Көптеген зерттеушілердің ойынша жасөспірімдердің өз эмоциясы мен тәртібін бақылай алмауы сәйкес ми құрылымдарының толық жетілмеуімен түсіндіріледі. Зерттеулер басқарушысы Николас Аленнің айтуыншаолардың толық жетілуі тек 20 жасқа қарай болады.
Зерттеушілер ойынша, дегенмен кейбір балаларда бұл параметрлер қалыпты жағдайға келмей қалуы мүмкін деген күдк бар. Ересек жаста миндаль тәрізді дене үлкеюі және бел иірімі қыртысының алдыңғы бөлігі мен орбитофронтальді қыртыстың асимметриясы психиканың әртүрлі бұзылыстарымен, әсіресе депрессия, мазасыздық және тұлға бұзылыстары мен байланысты.
Қорыта келгенде, лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып организмнің вегатативтік және сомалық қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады