Ойық жара ауруының диагностикасы мен хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі заманғы әдістері.

Жара ауруының   симптомдары. мезгілге байланысты(күз,көктем) күшейеді.Эпигастрий аймағында “қанжар сұққан тәрізді” ауырсыну болады. Асқорыту немесе аш кезінде қатты ауырсыну болады.Ауырсыну ас қабылдаған соң 15-40мин кейін болса,ерте ауырсыну деп аталады.1.5-3сағаттан соң болса,кеш ауырсыну дейді.Ас қабылдағанға байланысты,құсудан соң жеңілдік болады. Құсу-құсық тамақ,өт,қан,нәжіс аралас болады.Құсық тамақ аралас болса-асқазан қоры- Қыжылдау-эпигастрий аймағында немесе төс артында жағымсыз әсер болады. Ас, антоцид қабылдаған соң басылады.

     Клиникасы.Жас,орта жастағы адамдар,көбіне ер адамдар ауырады.Ауырсыну эпигастрий аймағында,ас қабылдағанға байланысты.

Ауырсыну ритмі: аштық-ауырсыну-ас қа-былдау-жеңілдік-аштық-ауырсыну.Құсу жеңілдік әкеледі.Ренгенологиялық зерттеуде “рельефнишаны” көруге болады.

Дифференциальды диагноз:12 елі ішек жара ауруының клиникасында ауырсыну оң жақ қабырға астында ұстама болса,өт-тас ауруымен,холециститпен салыстырады.Жара ауруы кезінде ауру мезгілге байланысты асқынады,құсудан соң ауырсыну басылады, пальпация жасағанда оң түзу бұлшықет аумағы ауырса,өт-тас ауруында оң жақ қабырға асты ауырсынады Созылмалы панкреатитпен салыстырмалы диагноз жасау керек,ауырсыну іштің жоғарғы бөлігінде,ас қабылдаудан соң болады,құсудан соң жеңілдік жоқ,ауырсыну иррадиация береді.

Хирургиялық емі:

Жаралы қан кетулерде шұғыл, жедел және жоспарланған операция түрлерін ажыратады.Шұғыл операция  қан тоқтату және жарадағы тромбыларға (тұрақсыз гемостаз) бірінші-екінші тәулікте,сонымен қатар қан кету қайталанғанда стационарда жасалады.Жоспарлы оперция тұрақты гемостазда, үлкен емес жараларда, тромбтар мен қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде қолданылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!