Созылмалы остеомиелит.

Остеомиелит-сүйек кемігінің іріңді қабынуы.  Жедел және созылмалы остеомиелит болып бөлінеді. Дұрыс емделмеген  жедел остеомиелит созылмалыға ауысады. Броди абсцесі, склерозды және альбуминозды остеомиелит біріншілік –созылмалы формасына жатады. Сүйектің ерін тәрізді және компакты қабығы жедел түрінен созылмалы остеомиелитке айналуы. Пайда болған секвестр сүйек тінінің айналасын реактивті қабынуын ұстап тұрады. Секвестр созылмалы қабыну процесінің негізгі паталоганатомиялық субстраты б.т. Регенеративті процестің әлсіз дамуы созылмалы ағымның сүйек және сүйек қабығының қоректенуінің бұзылуына әкеледі.

Созылмалы остеомиелит. Созылмалы остеомиелит.

Клиникалық көрінісіне 3 белгі тән:

  1. Іріңді өзектің п.б.
  2. Сүйекте секвестрге толы қораптың п.б. Ол рентген арқылы анықталады.
  3. Қайталанып отыруы, рецидив беруі.

Созылмалы остеомиелитпен ауыратын науқастарда қандайда бір қабыну процестері болса өрши түседі. Процестің дамуына травма, үсік т.б. алса организмде сүйек инфекциясы болады. Рентген көрінісінде 10-14 күндегі ауру белгісі көрінеді.

Емі:Консервативтік және оперативтік жолдармен жүргізіледі.

  • Консервативтік емге кешенді түрде жүргізілетін: антибиотикотерапия;
  • иммобилизация;
  • арнайы бактериофагтар;
  • анатоксиндер; антитоксиндер;
  • Y-глобулиндер; плазма мен сары сулар;
  • ауыру сезімін азайтатын;
  • қабыну үрдісін тежейтін дәрілер;
  • дезинтоксикациялық терапия;
  • симптоматикалық емдер жатады.

 

Оперативтік емге:

  • сүйек трепанациясы;
  • секвестротомия;
  • секвестроэктомия;
  • абсцесс;
  • флегмонаны ашу;
  • дренаждау;
  • тазаланған сүйек қуысын тіндермен толтыру;
  • сүйек резекциясы;
  • кей жағдайларда ампутация жасау жатады.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 3 недели

AdminNaz

0
Комментарии: 0Публикации: 106Регистрация: 14-11-2018
0 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 5 (0 оценок, среднее: 0,00 тен 5)
Загрузка...