Бронхоэктазиялық ауру

Бронхоэктазия –өкпенің созылмалы іріңденуіне алып келетін, өкпе бронхтарының морфологиялық және функционалды толымсыздығымен көрінетін патология. Барлық осы кешенді ауру бронхоэктазиялық ауру деп аталады.бронхохэктазиялық ауру

Бронхоэктазиялық ауру этиологиясы (себебі):

Туа пайда болған бронхоэктазиялық ауру сирек кездеседі. Ол құрсақта даму кезінде бронх ағашының дұрыс дамымауымен байланысты. Жүре пайда болған түрінің де себептеріне брон ағашының дұрыс дамымауы, соның ішінде бронх қабырғаларының жетілмеуі –біріңғай салалы бұлшықет, эластикалық және сіңірлік тіндердің, қорғаныс механизімдерінің жетіспеуі жатады. Бұған тағы да бронх өткізгіштігінің бұзылу қосылса, бронхтардың тұрақты деформациясы пайда болады. Бронхоэктаздардың пайда болуына тұмау, жедел респираторлы аурулар, қызылша, бронхит, өкпе абсцессі, өкпе туберкулезі, бронхтан уақытында алынбаған бөгде зат септігін тигізеді.

бронхоэктазиялық ауру

Бронхоэктазиялық ауру жіктелуі:

Шығу тегі бойынша:

  • Біріншілік;
  • Екіншілік;

Бронхтар кеңеюі бойынша:

  • Цилиндрлік;
  • Мөшек тәрізді;
  • Киста тәрізді;
  • Аралас;

Таралуы бойынша:

  • Шектелген немесе таралған;
  • Бір жақтық немесе екі жақтық;

Клиникалық көрініс ауырлығына байланысты:

  • Айқын емес симптоматикасымен;
  • Жеңіл формасы;
  • Орташа ауырлықтағы форма;
  • Ауыр формасы;
  • Ауыр асқынған формасы;

Клиникалық ағымы бойынша:

  • Ремиссия фазасы;
  • Өршу фазасы;

Бронхоэзтазиялық ауру клиникалық көрінісі:

Науқастардың негізгі шағымы –қақырықпен жөтел, кан түкіру (30% науқастарда байқалады), зақымдалған жақтағы кеуде қуысындағы дискомфорт және аурырсыну, ентігу, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, дене салмағының төмендеуі, жалпы әлсіздік.

Бұл аурудың ең ерте көрінісі ретінде жөтел пайда болады. Әдетте жөтел таңертеңгі уақытта күшейіп,  немесе физикалық жүктемеден кейін байқалып отырады. Жөтелмен қоса көп мөлшерде қақырық шығады. Ауру дами келе қақырық шығуы қиындаған сайын кешкі уақыттарда науқаста дене температурасы 39-40 С дейін жоғарылауы байқалады.

Аурудың алысқан кеткен түрінде тері, ерін,  көгеруі (цианоз) байқалады. Сонымен қатар, қолдың саусақтарының деформациялануы, барабан таяқшалар тәрізді формаға ауысады. Кейде клеткасының асимметриясы зақымдалған жаққа қарай байқалады. Себебі зақымдалған аумақ көлемі кішірейе түседі. Кеуде қабырғасына жақын орналасқан патологиялық ошақтан перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, тыныс алу әлсіреуі немесе әртүрлі патологиялық дыбыстарды (құрғақ және ылғалды), сырылдарды естуге болады.

Бронхоэктазиялық ауру асқынуы:

негізінен өкпелік қан кету, абсцесс пайда болуымен, өкпе –жүректік жетіспеушілік, «өкпелік жүрек», ішкі органдар амилоидозы туындайды. Кей жағдайларда бронхиальді астма және өкпе туберкулезімен де асқынады.

бронхоэктазиялық ауруДиагностикасы: Науқаста анемия, жоғары лейкоцитоз, ЭТЖ (эритроциттер тұну жылдамдығы) жоғарылауы, гипоальбуминемия, эритроциттердің және тромоциттер агрегационды қасиеттерінің жоғарылауы байқалады.

Ауруы нақты анықтау жолына рентгенологиялық әдісте жатыр.Рентгеноскопия, рентгенография және томографияда бірнеше проекцияда жасау керек. Бұл кезде өкпенің зақымдалған аумағындағы өкпе көлемінің төмендеуі, көлеңкесінің күшеюі байқалады. Сегментарлы және бөліктік ателектаз, плевральдік шварт, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қатаюы және гиперплазиясы көрінеді. Сонымен қатар көкірекаралық ағзалардың зақымдалған жаққа қарай ығысу байқалады.

Бронхоэктазиялық ауру емі:

Аурудың кері қайтпайтынын ескере отырып, соның ішінде консервативті емнің еш көмек бермейтінін білуіміз қажет. Сондықтан мұндай жағдайда жалғыз радикалды ем хирургиялық ем. Жасалынатын операция мөлшері бронхоэктазия көлемі мен таралуына байланысты анықталады.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!