Біріншілік глаукома өмір барысында дренажды жұйенің жергілікті (склерозды) өзгерістерінде болады. Бұл полиэтиологиялық ауру, түрлі факторлармен шақырылады –эмоционалды, психиялық, гипоталамус жағдайымен, мойын остеохондрозымен, эндокринді жұйенің, зат алмасудың өзгеруімен. Біріншілік глаукоманың формалары: ашық бұрышты, жабық бұрышты, аралас сатылары – бастапқы, дамыған, алысқа барған, терминалды (сатысы периметрия мен офтальмоскопия негізінде қойылады) және қысым дәрежесі КІҚ сай – қалыпты 16 дан 27 мм.сын.бағ., біраз жоғарлаған – қысым 28 ден 33 мм сын.бағ. және жоғары – 33 және одан жоғары.
Біріншілік глакоманың емі – кешенді ем (жергілікті гипотензивті ем және жалпы трофикалық). Гипотензивті дәрілер–КІС ағуын жақсарту: холиномиметиктер, антихолинестеразды, простогландиндер (артқы жолмен сұйықтың ағуын жақсарту); КІС шығаруын төмендету: –блокаторлар, жергілікті карбоангидразаның ингибиторы.
Жалпы трофикалық ем, витаминдер, антисклерозды, қан тамырларын қеңейтетін, антиоксиданттар және т.б.. Глаукоманың жедел және жедел асты ұстамаларының емі–1% пилокарпин – алғашқы бір сағатта 2 тамшы әрбір 15 мин.сайын, келесіде әрбір жарты сағатта (3-4 рет) және келесіде – әрбір сағат сайын тәулік аяғына дейін диокарб- 0,5 г х 3рет 1-ші күні, келесіде 0,25 х 1-2 рет күніне немесе глицерин (1-2 г./кг дене салмағына 1-2 рет күніне); аяғын шымшым суға салу,клизма немесе тұзды ішті айдайтын дәрілер.