Блефарит – кабақ шеттерінің қабынуы.
Қоздырғышы: алтын стафилакокк.
Этиология: созылмалы инфекциялар, саңырауқұлақтық жаралар,асқазан аурулары, анемиялар, авитаминоздар, диабет,көз аурулары: гиперметропия,астигматизм. Токсико аллергиялық себептер. Блефарит жеңіл және ауыр формаларда өтеді.
Жеңіл формасы клиникасы: қабақ шеттерінің қызаруы және ісінуі,кірпік шеттері кішкентай сұр ақ түсті қабыршақтармен қапталады,кабақ асты ауырланады, кірпік астында қышу сезімі,кірпік түсе бастайды,көден жас ағады,жарыққа жоғары сезімталдық, желге,шаңға.
Ауыр формасы клиникасы: қабақта шеттерінде іріңді қабыршақтар болады,оларды алғаннан кейін, сол жерде кішкентай канды жаралар пайда болады, олар тыртықтанып, кірпіктің өсуіне кедергі жасайды, және қабақтың деформациясына әкелуі мүмкін.
Асқынуы: трихиаз, мадароз,кабақтың қайырылып кетуі,обезображиванию краев век.
Емі: этиотропты жергілкті және жалпы ем. қабақ гигиенасы,қабаршақтарды антисептиктермен емдеу спиртпен 0жағу,эфирмен және бриллиант көгімен жағу,тамшылар альбуцид 30% , левомицетин 0,25%. Егерде қабыршақтар қатты болса оларды дымқыл мақта тампонмен жағады және комплексті мазь қолданылады, оңай алыну үшін,комплексті мазь құрамында кортикостероид және антибиотик: декса-гентамицин ( дексаметазон 0,1%+гентамицин 0,3%), комплексті мазь макситрол (дексаметазон 1мг/г,неомицин 3,5мг/г, полимиксин В 6мың ҚБ/г ). Хирургиялық ем қолданылады. Пластикалық ем кабақ қайырылуы, трихиаз болған кезде жасалады.