Глаукоманың жедел ұстамасы

5-10 % жағдайда глаукоманың жедел ұстамасы ретінде өтеді. Процесс бір жақты, көзде қатты ауырсыну; көздегі ауырсыну сол жақ басқа, самайға, тіске, құлаққа, үшкіл нервтің бойымен беріледі. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, кейде коллапсқа жақын белгілер бар: суық тер, пульс баяулаған, жүрек айну, құсу, қалтырау, кейде дене температурасы жоғары. Бұл белгілер науқасты дұрыс анықтауда кедергі тудырады.

Шарышты қабық ісінген, қарашықтың бойымен артқы синхиялар түзіледі. Кейде ісінген көрінеді., шекарасы анық емес, тор қабықтың орталық артериясының пульсы көрінеді, оның маңында қан құйылған. КІҚ – 60-80 мм.сын.бағ. дейін көтеріледі, көзден сұқйықтық ағып кетуі толық тежеледі. Гониоскопияда алдыңғы камераның бұрышы толық жабық.

Ұстама жедел басталады,көбінесе кешкі және тунгі уақытта,.

Нервті психикалық, физикалық куш тусуге байланысты дамиды.

    Обьективті тексергенде көз алмасында иньекция, мүйізді қабатта ісіну,қаршық сұр түсті, ал иридоциклитте :

-блефароспазм;

-перикорнеальды инъекция;

-шатыраш қабықтың түсіну өзгеруі;

-шатыраш қабықтың суреті анық емес;

-шатыраш қабықтың тамырларының инъекциясы;

-қарашықтың тарылуы және оның жарыққа реакциясы әлсіз;

-артқы синехиялардың түзілуі (шарышты қабық көз бұршағының  капсуласымен бітіскен);

-қасаң қабықтың артында преципитаттар бар;

-көз алмасында пальпаторлы ауырсыну;-шыны тәрізді дене қарауытқан.

 

 

 

 

    

    Емі. Глаукоманың жедел және жедел асты ұстамасының емі:

-1-2 % пилокарпин. Алғашқы бір сағатта әрбір 15 мин. Сайын, келесі 1 сағатта жарты сағат сайын (3-4 рет) және әрбір сағат сайын (2-3 рет), келесіде тәулігіне 6 рет.

-Холинэстеразаның ингибиторы ретінде диакарб (0,25-0,5 г)

-Глицерин 60 мг/кг дене салмағына

-Самайға сүлік салу

-Аяғын ыстық суға салу

-Тазарту клизмасы, ішті өткізетін тұзды дәрілер.

-Ем тиімсіз болса,литикалық қоспа (промедол 1% -1,0, димедрол 1%-1,0, аминозин 2,5% -1,0)

-24 сағаттан кейін, жүргізілген шаралардан кейін, КІҚ төмендемесе оперативті ем қолданылады: иридэктомия, фистулизациялық операциялар.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!