Көз ағзасының тұйық жарақаттары

   Көздің қосалқыларының тұйық жарақаттары  жиі көз ұясының жарақаттары. Қабақтың терісі астына, конъюктива астына қан құйылу жарақаттан кейін бірнеше сағаттан немесе күндерден кейін байқалса,олмазасыздық тудырады. Ол бас сүйегінің зақымдалуының белгісі. «Көз әйнегі » симптомы жарақаттан кейін бір тәуліктен соң пайда болса,ол бас сүйегінің негізінің сынуының белгісі және невропатолог пен нейрохирургтың кеңесін талап етеді. Белгілері:

1) қасаң қабықтың эрозиясы

2) склераның конъюнктива астынан жыртылуы

3) шатыраш қабықтың жыртылуы немесе жұлынып алынуы

4) көз бұршағының орнынан толық немесе жартылай ығысуы

5) шыны тәрізді дегене қан құйылу

6) тор қабықтың сілкінісі, жұлынуы, сырылуы

7) тор қабыққа қан құйылу

8) көру нервісінің жұлынуы.

Көз ағзасының тұйық жарақаттары

Тұйық жарақаттардың ауыр асқынулары:

1) гемофтальм

2) көз бұршағының орнынан ығысуы,қарауытуы

3) тор қабықтың сырылуы

4) көру нерісінің үзілуі.

Гемофтальм — көздің ішіне құйылған қан көп мөлшерде шыны тәрізді денеге құйылады. Көру өткірлігі жарық сезгішкке дейін төмендейді.Өтпелі жарықта көз түбінен рефлекс жоқ. Жанынан жарық түсіріп қарағанда, қарашық тұсындақара-қоңыр қызыл реңді  қан тұйіршіктері көрінеді.

 

Көз ағзасының тұйық жарақаттары

    Емі: алғашқы күндері:

1) тыныштық

2) аскорутин

3) викасол

4) этамзилат немесе дицинон

5) қайта қан құйылудың алдын алу мақсатымен.

 

Келесіде ем құйлған қанды таратуға бағытталады:

1) аутогемотерапия

2) к\т нарий хлордың гипертониялық ерітіндісін немесе глюкоза

3) бөлшектеп 100 мл 10 күн  қайта қан құйу

4) б\е шыны тәрізді дене

5) жергіліктіэтилморфин тамызу,конъюнктива астына оттегі, ферменттер. Кеш мерзімдерде ішке:

1) йода дәрілері

2) ультрадыбыс

3) электрофорез алоэ экстрактісімен,  ферменттермен.

Нәтиже емнен кейін болмаса,шыны тәрізді денені ауыстыру.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 12 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014