Қабақ жарақаты

Көздің қосалқы мүшелерінен қабақтар мен жас жолдары жарақаттарға көбірек ұшырайды. Шамалы ғана бітеу жараның өзіде әртүрлі қанталаулардың пайда болуына ұшыратады. Бұл бір жағынан қантамырлардың көптігімен, екінші жағынан терінің шел қабатының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Терінің шел қабаты іркілдек және онда май жоқ, сондықтан құйылған қан екі қабаттардың терісінің астына тез жайылып таралады.

Қабақ жарақатыҚабақ жарақаты

 

 

 

Қабақтар өтіп және өтпей жаралануы да , олардың шеті жыртылуы да, қабақтар көздің ішкі немесе сыртқы бұрышынан шала немесе толық үзіліп кетуіде мүмкін. Қабақтардың көздің ішкі бұрышынан шала немесе толық үзіліп кетуі өте қатерлі. Хирургиялық көмек қабақтың физиологиялық және сәнди бейнесін қалыптастыру. Қабақтардың өтпе жарасында дәнекер қабақты- шеміршекті және тері бұлшықетті қабаттарын бөлнк бөлек тілу қажет. Қабақтың жаралары, тіпті олар толық жұлынып кетсе де, қанмен мол қамтамасыз етілгендіктен жақсы бітіп жазылып кетеді. Жас өзектері узілгенде  арнайы зондпен олардың өткізгіштігін қалпына келтіру керек , өзектерді қайта қосып тігу керек.

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 7 часов

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 149Регистрация: 11-10-2014