Жүктілердегі аппендицит

Жүктіліктің 2–3 айларында жедел аппендицит ешқандай ерекшеліксіз өтеді. Ал төртінші айынан бастап оны анықтап табу қиындыққа әкеледі. Өсіп жатқан жатыр соқырішекті құрт тәрізді өсіндісімен бірге жоғарыға ығыстырады. Нәтижесінде жедел аппендицитті өт жолдарының ауруларымен немесе оң бүйректің шаншуымен шатастыруға болады. Ауру бірден іштегі ауру сезімінен басталады, ауырсыну кейін өсіндінің орналасқан жеріне қарай ауысады (ішектің оң бүйіріне, оң қабырға астына).

Бұлшықеттің қатаюы өте қиындықпен анықталады. Щеткин–Блюмберг, Ровзинг және Ситковский, тағы басқа симптомдары көп жағдайда анықталмайды. Тексергенде, жүкті әйел сол қырына ауысқанда іштің ауырсынуы күшейеді (Тараненко симптомы), ол оңынан солға ауысқанда ауырсыну (Alder симптомы) деп аталады.

Көптеген ауруларда лейкоцитоз айқын болады. Диагнозды толық дәлелдеу үшін және визуализация үшін УДЗ әдісі қолданылады. Казіргі уақытта аурудың жедел ұстамаларына байланысты жүктіліктің мерзіміне қарамастан операция қолданылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!