Мақала
Хирургия

Жедел аппендицит: белгілері және диагностикасы

Жедел аппендицит: белгілері және диагностикасы

Жедел аппендицит

Жедел аппендицит— соқыр ішек (бұйен) өскінінің кабынуы – іш ағзаларының арасында аса жиі кездеседі. Жедел аппендицит бұл полиэтиологиялы жедел хирургиялық ауру.

Жиілігі  40 -10000адамнан

XVI ғ. ғалым Парс алғаш рет кұрт тәрізді өсіндіні сипаттап, оң жақ мықын аймағындағы іріндікті ашуды үсынған.

1884 ж. Р.Фитц «аппендицит» терминін енгізді.

Алғашқы операциялар:

  • Кренлейн (неміс хирургі) 1884 ж. қабынған құрттәрізді өсіндіні алып тастаған.
  • Троянов 1890 ж. құрттәрізді өсіндіні алып тастаған

Статистика:

  • жиілігі 150-200 адамның біреуі;
  • соңғы 10 жыл ішінде ауру 2-3 есеге жиіледі;
  • ет тағамдарын көп пайдаланатын адамдар жиі ауырады;
  • қала тұрғындарында жиі кездеседі;
  • 20-40 жас аралығында жиі;
  • әйел адамдар арасында жиі (1:1,5есе);
  • хирургиялық науқастардың 25-30% құрайды;
  • соңғы кезде ауыр формалары жиі кездеседі.
  • 1млн. аурудан 3000 еңбекке жарайтын адам қайтыс болады

Жедел аппендицит этиологиясы мен патогенезі:

  • Рефлекторлы (нервтік-гумор.)
  • Гематогенді жолмен аппендициттің тромбозы
  • Лимфогенді
  • иммунологиялық
  • алиментарлы
  • паразитарлы
  • баугиноспазм
  • Бөгде заттар (түйме, шемішке)

Жедел аппендицит жіктелулері

Классификация Колесов бойынша

  • Аппендикулярлы шаншу
  • 2. Жедел жәй беткей (катаральды) аппендицит
  • Деструктивты жедел аппендицит
  • а) флегмонозды
  • б) гангренозды
  • в) перфоративты
  • Жедел аппендициттің асқынуы
  • а) аппендикулярлы инфильтрат
  • б) аппендикулярлы абцесс
  • в) пилефлебит
  • г) перитонит

Классификация Абрикосов бойынша (морфол.)

  • І. Беткей және катаральды (6-12 сағ. дамиды)
  • ІІ. Флегмонозды (12-24 сағ.)
  • А) жәй
  • Б) флегмонозды-жаралы
  • В) аппостемозды- ірің қабырғаларына толады.
  • Г) Эмпиема (қуысына ірің толады)
  • Д) Флегмонозды-перфоративті
  • ІІІ. Гангренозды (24-48 сағат)
  • 1-лік-гангренозды- а) тесілулі, б) тесілусіз
  • 2-лік гангренозды -а) тесілулі, б) тесілусіз

Құрт тәрізді өскіннің орналасуы

  • төмен қарай 40-50%
  • латеральды 25%
  • медиальды 17-20%
  • алдында 5-7%
  • артынан 9-13%
жедел аппендицит
Құрт тәрізді өсіндінің орналасуы
жедел аппендицит
құрттәрізді өсіндінің орналасу түрлері

 

 

Жедел аппендицит клиникасы

  • Ауырсыну эпигастрийда басталады -40% — бірт. Бүкіл іш қуыс, 2-6 сағаттан соң оң жақ мықын тұсында жиналақталады.  Орташа, 1-2 рет құсу, лоқсу.
  • Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы субфебрильді, пульс-90,  ҚҚ-өзгермейді.
  • Пальпация:ОЖМ аймағында ауырсыну. Бұлшық-ет дефансы ширығуы Щеткин-Блюмберг симптомы оң.

  Жедел аппендицит синдромдары:

  1. Диспепесиялық

жүрек айну, 1-2 рет құсу, нәжіс шығару бұзылысы

  1. Ауырсыну

эпигастрий аймағында басталып 5-6 сағаттан оң жақ мықын аймагына ауысады –қатты емес, төзуге тұрарлық,сирек периодты, қозғалғанда күшейеді

  1.  Қабыну синдромы
  1. Перитонеальды синдром
  • интоксикация
  • Гиппократ беті
  • Тілі жабындымен жабылған, іші желденген, тыныс алу актісіне қатыспайды (Винтер синдромы)
  • құрттәрізді өсінді проекциясында ауырсыну аңықталады
  • перистальтикасының нашарлауы + Щеткин-Блюмберг, Мендель,Крымов белгілері
  • оң жақ аймағында бұлшық еттері қатаю

Жедел аппендицит симптомдары:

  • Кохер-эпигастральді аумақтағы ауырсынудың оң жақ мықын аймағына көшуі
  • Ситковский науқас сол  жаққа  жатқанда-ауырсыну.
  • Ровзинг-сол жақтан төменгі тоқ ішекті басқанда, оң жақ мықын аймағы ауырсынуы
  • Крымов –шап сақинасы арқылы бармақпен тексергенде – ауырсыну
  • Воскресенский (көйлек симптомы)
  • Раздольский –оң жақ мықын аймағында тері гиперестезиясы, саусақпен ұрғылау
  • Образцов-оң аяғын бүкпей көтергенде оң жақ мықын аймағында ауырсыну күшейеді
  • Коупа – оң аяғын көтеріп жамбас-сан буынын ротациялы қозғалғанда ауырсынудың күшеюі немесе пайда болуы.
  • Бартомье –Михелсон— сол жаққа жатқызып, оң жақ мықын аймағын басқанда ауырсынудың күшеюі
  • Ректальды тексереді – жамбас пердесінің ауырсынуы
  • Кушнеренко – жөтел симптомы
  • Ленандер – қолтықасты мен тік ішектегі температурасындағы айырмашылық (N<1C)
  • Cremasterica – оң жақ жұмыртқаның тартылуы
  • Иванов – сол жақ мықын аймағының бұлшыкетінің атрофиясы
  • Щеткин-Блюмберг перитонит симптомы
  • Филатов – баланы ұйықтап жаткан кезінде пальпациялау
  • Брендо – сол жақ қабырғаны басқанда оң жақ мықын аймағында ауырсыну болады (жүктілерде)

Жедел аппендицит дифференциальды диагнозы

  • Бүйрек ауруы. Бүйрек тас ауруы, ОАМ-эритр., ауырсыну ерекшелігі, дизурия.
  • Жатырдан тыс жүктілік –етеккір келмейді немесе оның сипаты өзгереді ж/е қынаптан сары су шығады, жатыр мойнының артқы іргесінен пункция жасау керек.
  • Жедел панкреатит – құсық үсті-үстіне қайталай береді, улану белгіліері тез дамиды,ауырсыну белдемеленіп тарайды, қанда ж/е зәрде амилазаның жағарылағаны байқалады.
  • Асқазанның ж/е ұлтабардың тесілген жарасы— кенеттен эпигастрида пышақ тәрізді ауырсыну, рентгенде оң жақ диафрагма астында ауа  болуы.Анамнезінде бұрын науқастың асқазаны ауырғаны анықталады, іштің ауруы ж/е бұлшық еттің қатаюы көбінесе кіндіктен жоғарыда болады.

Балаларда жедел аппендицит клиникасы

  • Ішастардың әлсіз пластикалық қабілеті
  • Іш шарбылары кішкене
  • Қиын зерттеледі
  • Барлық симптомға басымдылық көрсетеді
  • Жиі токсикалық формалар
  • Пневмониядан қиын ажыратылыды
  • Еқі жасқа дейін сирек кездеседі

Жүктілердегі жедел аппендицит:

  • Құрт терізді өсіндінің орналасуының өзгеруі
  • Бұлшық ет тонусының қиын байқалуы
  • Перитонтке айналуы мүмкін
  • Туу кезінде диагноз қою қиын
  • Жатыр түтігін құрт тәрізді өсіндімен алып тасталуы
  • Операциядан кейін түсік тастауы мүмкін

Кәрілерде жедел аппендицит

  • Клиникасы морфологиясынан озады
  • Бұлшық еттің қатаю мен Щеткин-Блюмберг симптомы теріс болуы мүмкін
  • Барлық симптомы аралас, симптомдар өшірілген түрде болуы мүмкін
  • Жиі деструкция
  • Аппендикулярлы инфильтрат рақтан айыру өте қиын
  • Операциядан кейін өте жиі өкпе аурулары дамиды
  • Жедел аппендициттің емі: аппендикулярлы инфильтраттан басқа шұғыл операция.

Неге:

  • басқа әдістердің болмауы
  • клиникаға анатомиялық өзгерістің сәйкес келмеуі
  • тосу қаупты
  • асқынуды емдеу қиын

 Құрт тәрізді өсіндінің алып тастаудың 5 әдісі бар (аппендэктомия)

  • Антеградты
  • Ретроградты
  • Инвагинациялық
  • Бөлшектеп
  • Лигатурлы

Жедел аппендициттің асқынуы

  1. Пилефлебит
  2. іш қуысы абсцесі
  3. перитонит
  4. аппендикулярлы абсцесс
  5. аппендикулярлы инфильтрат
  • Аппендикулярлы инф-т ОМА-да қаттылау келген түзіліс пайда болады. субфебрильді, шарбы жабысады – тығыз ин. (3-5 күнде)
  • аппендикулярлы абсцессі – температура 39-40,  пальпацияда қатты ауырсыну
  • жайылған перитонит
  • пилефлебит – қақпа венасының қабынуы – сепсис бауыр абсцессі, консервативті ем. Операциядан кейінгі қан кету

Асқыну себептері:

  • Операцияны кеш қолдану
  • Ағзаның төмен реактивтілігі
  • Құрт тәрізді өсіндіде патологиялық өзгерестер
  • Хирургиялық техника дефектісі
  • Хирург байқамайтын жағдайлар

Келесі науқастарға диагноз қою қиындай түседі:

  • 3 айға дейінгі балалық шақ
  • Егде және толық адамдар
  • Жүктіліқтің 2-ші жартысы
  • Құрт тәрізді өсіндінің атиптік орналасуы
  • Жедел аппендициттің әртүрлі клиникалық формалары
  • Қосымша аурулардың болуы
  • Асқынудың дамуы
  • Науқасты толық емес тексеру
  • Алынған мәліметтерді дұрыс емес тіркеу

   Тұрғындар арасында аппендициттің санитарлық ағарту жұмысысын жүргізу

  • Медициналық көмекті ертерек сұрау басталғанда
  • Өзін-өзі емдеумен айналыспау
  • Іш айдайтын дәрілерді қолданбау. Клизма жасамау
  • Іште интенсивтілігі әлсіз ауру жедел аппендицитті жоққа шығармайды
  • Ауру локализациясы жедел аппендицитті жоққа шығармайды
  • Қатерлі өткен аппендицит өмірге қаупты

Жалғыз емі – операция жүргізу.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Аппендэктомия операциясы. Жасау техникасы
  2. Жедел аппендицит асқынулары
  3. Жедел флегманозды аппендицит

 

Тақырып бойынша қосымша оқу

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Реферат, медматериал жазамыз

Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.