Өкпеде қуыс пайда болу синдромы

Өкпеде қуыс пайда болу синдромы этиологиясы өкпе іріңдігі(абсцессі), гангренасы п.б., кавернозды туберкулезден, сол сияқты қатерлі ісік ыдырауынан б/ы. Өкпе абсцессі белгілері:

  1. ірің ашылғанша
  2. ашылғаннан кейінгі кезең

Бірінші кезеңде науқас дене қызуы жоғары, қызу көтерілуі қалтыратып тоңдырады, төмендеуі терге малшындырады. Науқастың жалпы жағдайы интоксикация салдарынан ауыр. Қарағанда кеуденің ауратын жері тыныс алудан қалыңқы, кейде тынысқа қатыспайды. Пальпацияда дауыс дірілі күшейген, соңынан іріңдік қалыптасып инфильтрат сұйыққа айналғанда дауыс дірілі әлсірейді. Перкуссияда перкуторлы дыбыс тұйықталған. Аускультацияда алғашқыда бронхиальді реңді везикула тынысы, соңынан әлсіреген везикула тынысы естіледі. Рентгенде өкпе тіні ішінде шар тәрізді гомогенді біртекті қараю бар. Оның шеттері айналасындағы тіндерден айқын бөлініп көрінеді.

Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ тездегені байқалады. Екінші кезеңінде  қуыс ішіндегі ірің бронх арқылы тысқа қақырық түрінде бөлінеді. Осы сәтте науқас тәулігіне 1.0- 1.5 литрге дейін қақырық бөлуі мүмкін. Тыныс жолдары тітіркенгеннен жөтел п.б. Пальпацияда қуыс үстінде дауыс дірілі күшейген, перкуссияда аурудың біріші кезеңінде анықталатын тұйықталған дыбыс орнына тимпанды реңді өкпелік дыбыс, ал құыс ірі және беткейлі орналасса металл дыбысты тимпанит б/ы. Аускультацияда бронхиалды тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, ірі құыс тұсында амфоралық тыныс. Бронхофония күшейген.Қақырықты  тексергенде оның екі қабаттан тұратыны анықталды, бириншиси серозды сұйықтық, екінші беті кілегейлі. Тұнбада детрит (ыдыраған тін қалдықтары) болса, оны үш қабатты қақырық дейді. Онда лейкоциттер, коккты флора, іріңді денешіктер, эластикалық талшықтар, эритроциттер, гематоидин кристалдары бар.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!