Аппендициттiң емi тек қана операция. Аурудың қай сатысы болмасын құрт тәрiздес өсiктiң қабынғаны айқындалған болса дереу уақыт өткiзбей тез арада операция жасалу керек. Ауруды емдеу қағидасы бiздiң елде барша хирургтер қауымы үшiн заң ретiнде қалыптасты деуге болады.
Операция қабынған құрт тәрiздес өсiктi кесiп алып тастаудан /аппендэктомия/ түрады. Әрине, ауру басталған кезде өсiктiң маңайында ешқандай жабысып жымдасқан ағзалар жоқ кезiнде, iрiңдi сарысу байланбай тұрған кезде операция онша қиынға түсе қоймайды. Сондықтан, да аппендицит туралы жасалған операция – аппендэктомияны кейде жеңiл операциялар тобына жатқызады. Шынында олай емес.
Аппендициттi күрделi ауру деп есептеген соң оның операциясы да күрделiлер қатарына жатады. Өсiк бойындағы өзгерiстер iрiңдеу, өлi еттену, инфильтрат пайда болуы операцияны қиындата түседi. Ауру асқынған кезде жасалған операцияның да сәттi бiтуiне күмендануға болады.
Операцияны аса қиындататынтағы бiр жағдай iш астарының iрiңдеп қабынуы. Аппендицит перитонитпен асқынған кезде аурудың жағдайыөте нашарлап кетедi. Аурудың жалпы жағдайының нашарлығы содай тiптi аз мөлшерi операцияның өзiн көтере алмайма деген күдiк туады. Мұндай жағдайда ауруды операцияға әбден дайындаған соң алады. Дайындық ретiнде венаға қан, плазма қан құрамын алмастыратын ретiндi сұйық заттар,жүрек тамыр функцияын жақсартатын дәрi – дәрмектер жiберiледi. Операция тек қан айналысы оңалды ау деген кезде басталады. Перитонитпен түскен ауруларды операцияға дайындамай алғанда операцияның көбi сәтсiз аяқталады.