Семіздік

Семіздік – бұл тері асты шелмайы және организмнің басқа да жерлерінде майдың шектен тыс жиналуы, нәтижесінде дене салмағының қалыптадан 10% және одан да көп жоғарлауы. Семіздік жеке ауру болуы немесе басқа аурулардың белгісі ретінде айқындалуы мүмкін. Себептері болып эндокринді бездер қызметінің бұзылуы және ОНЖ зақымдалуы табылады. Балалар мен жасөспірімдердің семіздігі қазіргі денсаулық сақтаудың өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Бүкіл әлемде семіздігі бар балалар саны тоқтаусыз өсіп келеді және әр үш онжылдық сайын екі есе жоғарлап отыр. Қазіргі кезде дамыған елдерде 15% жасөспірімдер семіздікпен ауырады, ал 25%-ға дейін дене салмағының шамадан тыс артуы байқалады.

Семіздік ауылдықтарға қарағанда қала балаларында жиі дамиды. Қала балалары аз қимылдайды және жоғары калориялы тазартылған тағамдармен жиі қоректенеді. Кіші жастағы балалар тобында семіздік қыз балалар мен ер балаларда бірдей жиілікте кездеседі. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында қыз балаларда басым (2:1) кездеседі. Семіздік балалық шақта дамып, бірнеше онжылдықтар бойы сақталады. Семіз балалардың 80% жуығында ересектік кезінде де семіздік сақталады. Атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, гипертония ауруы, қант диабеті, бауыр және өт қабы аурулары қалыпты салмақты адамдармен салыстырғанда салмағы артық адамдарда 3-9 есе жиі кездеседі.

    Семіздіктің морфологиясы. Май тіні адипоциттерден тұрады, оның саны адамның өмірінің барлық мерзімінде ұлғайып отырады. Әсіресе құрсақішілік кезеңде және өмірдің алғашқы 3 айлығында белсенді жүреді. Адипоциттер мөлшері туғаннан бастап 6 жасқа дейін қалыпты жағдайда 3 есе жоғарлайды. Адипоциттер мөлшерінің ұлғаюы жасөспірімдік кезеңде де жалғасады. Қазіргі кезеңде, семіздік кезінде май жасушасының санының жоғарлауы мен қатар, оның өлшемдерінің де ұлғаятындығы белгілі. Адипоциттер саны семіздіктің тұрақты факторы болып табылады, ол ем әсерінен өзгермейді. Ал, адипоциттер өлшемдерінің ұлғаюы – лабилді фактор, яғни емнің әсерінен май жасушаларының өлшемдері кішірейеді. Осыған байланысты семіздікті 2 типке бөледі: гиперциллюларлы (көп жасушалы) және гипертрофикалық типтері.

    Гиперциллюларлы тип – бұл семіздікте май жасушасының саны жоғарлайды, өлшемі өзгеріп отыруы мүмкін.

Гипертрофиялық типінде – адипоциттердің саны қалыпты, бірақ өлшемі үлкен болады. Семіздігі бар балаларда май жасушасының ғана өлшемі ұлғаймайды, саны да жоғарлайды, яғни гиперцеллюлярлы семіздік болады, ол ерекше тұрақты ағымммен сипатталады. Балалардағы семіздікті бағалау әдістері. Әдетте салмақ балалық шақта процентильді кестелермен бағаланады, 85-95 аралығындағы процентилдегі дене салмағы шамадан тыс артық салмақты, ал 95-ті процентилден жоғары – семіздік деп бағаланады.    Дене салмағының жасына байланысты қалыпты шамадан жоғарлауы былайша болып бөлінеді:

  • 15-25 % – 1-ші дәрежелі семіздік.
  • 26-50% – 2-ші дәрежелі.
  • 51-100% – 3-ші дәрежелі.
  • 100% жоғары – 4-ші дәрежелі.

Семіздікті сонымен қатар трицепс және бұғана асты аймақтарындағы тері қыртысының қалындығымен бағаланады. Бұл әдістің жетіспеушілігі – науқастың бой ұзындығы есепке алынбайды. Трицепс аймағындағы тері қыртысының қалыңдығының бұғана асты қыртысына қатысын орталық типті семіздікті бағалау үшін қолданылады. Балалар мықын және сан шеңберін өлшеу, іш қуысының май тіндерін жанама бағалауда мәлімет береді. Висцералды майдың жиналуы семіздікте қосымша аурулардың дамуына маңызды қауіптілік факторы болып табылады. Семіздіктің жалпы қабылданған жіктемесі жоқ.

Тәжірибелік жұмыста жиі Д.Я. Шурыгин жіктемесі қолданылады:

  1. Біріншілік семіздік түрлері:

1) алиментарлы-конституциональды

2) нейроэндокринді:

а) гипоталамо-гипофизарлы;

б) адипозогенитальды дистрофия;

  1. Екіншілік семіздік түрлері:

1) церебралды;

2) эндокринді:

а) гипотиреоидты;

б) гипоовариальды;

в) климактериялы;

г) бүйрек үсті безілік.

Семіздік бар көптеген балаларда қол басы салыстырмалы түрде үлкен емес, саусақтары – конус тәрізді. Әдетте балаларда genu varum немесе genu valgum қалыптасады. Майдың жиналуы әдетте біркелкі болады, бірақ аурудың үдеуі бойынша май ішінде, кеуде де, мойында, арқасында және белінде жиналады, жиі сүт бездері аймағында май тінінің артық дамуы байқалады, ақ және ақшыл қызғылт жолақтар түзіледі. Майдың таралуына байланысты семіздік абдоминалды («жоғарғы типті семіздік», «андроидты») және бөксе- санды («төменгі типті», «гиноидты семіздік») болуы мүмкін. Бірінші жағдайда май кеуде де және іш қуысында басым жиналады, ал гиноидты түрінде – бөкседе және санында жиналады. Терісі ылғалды, тер шығару бездерінің қызметі күшейеді. Жиі экзема, пиодермия дамиды. Семіздігі бар балалардың барлық жүйелері мен мүшелері зақымдалады. Бірінші ретте жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалады. Семіздігі бар балалалар мен жасөспірімдердің 80%-да артериалды гипертензия болады. Артериалды гипертензияның дамуына май тінінің таралу типі әсер етеді. Андроидты семіздік АҚҚ жоғарлауына бейімдейді. Тыныс алу мүшелері жағынан – семіздікке байланысты ұйқы кезіндегі апноэ ауыр бұзылыстардың бірі болып саналады. Түнгі сағаттардағы гипоксия өмірге қауіпті аритмия және жүрек жетіспеушілігіне алып келеді. Семіздігі бар балалардың үштен екісінде ұйқының бұзылысы байқалады. Соның ішінде олардың жартысында ұйқы кезінде апноэ байқалады, 5%-да ол ауыр сипатта білінеді. Ұйқысының жарты уақыты бойы, дене салмағы қалыптыдан 200% және оданда артық балаларда, қанның өттегімен қанығуы 90%- дан төмен. Морбидті семіздігі бар балалардың 40% орталық гиповентиляция белгілері болады. Семіздігі бар балаларда жиі бауыр ауруларды диагностикаланады. 20% артық балаларда майлы гепатоздың эхо-графиялық белгілері анықталады. Шамамен 6% салмағы артық балалардың және семіз балалардың 10% трансферазалардың деңгейі жоғарылайды. Семіз ер балаларда жыныс мүшелері пропорционалды емес кішкентай, жиі жыныс мүшесі май тініне «батып кеткен», жыныстық жетілуі өте кеш дамиды. Әдетте қыз балаларда сыртқы жыныс мүшелерінің ерекшелігі болмайды, менархе мерзімінде немесе ерте басталады.

 

Лабораториялық мәліметтер: қанда гиперхолестеринемия, β-липопротеиндердің және бос майқышқылының мөлшері жоғарлайды. Жиі көмірсу алмасуының бұзылыстары байқалады. Емі. Семіздікті емдеу өте қиын мәселе. Семіздік әкелетін факторларды жою оңай емес, олар ұзақ сақталып, аурудың қайталауына жағдай туғызады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!