Қант диабетінің емі

    ДН дамуының қаупін төмендететін және нефропатияның үдеуін бәсеңдететін емнің 2 түрі даусыз болып табылады (дәлел деңгейі — А):

1) қантты бақылауды оңтайландыру;

2) АҚ-ын бақылауды оңтайландыру.

Бұлардан басқа ААФт мен АРБ тағайындау емнің негізгі түрі болып табылады. ҚД бар науқастарда АУ<30 мг/тәул болса, әрі АҚ қалыпты болса, ААФт мен АРБ тағайындалмайды, яғни «біріншілік алдын алу» жүргізудің керегі жоқ. ҚД-мен ауыратын науқастарда (жүкті әйелдерді санамағанда) АУ-ның 30–299 мг/тәул деңгейі, әсіресе, >300 мг/тәул және одан жоғары деңгейі ААФт мен АРБ тағайындауға көрсеткіш болып табылады, бірақ олар екеуі біріктірілмей тағайындалады. Ем жүргізгенде креатинин мен калий деңгейін бақылап отырады (жанама әсерлер). Емнің тиімділігі мен аурудың үдеуін бағалау мақсатында АУ үнемі назарда болуы тиіс.

ШСЖ-ның 60 мл/мин-тан төмендеуі диагностиканы және ықтимал асқынуларды, соның ішінде, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан дамитын асқынуларды бағалауды талап етеді. ҚД-нің қарқынды жүргізілген емі оның екі типінде де АУ-ның алдын алады және оның үдеуіне жол бермейді. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін дүние жүзінде жүргізілген рандомизирленген клиникалық тексерулердің (РКТ) мына нәтижелерін біліп, дәрігер өз тәжірибесінде ескеру қажет. Олар мыналар.

  • АГ-сы бар ҚД-ң 1-типімен ауыратын науқастарда (САД <140 мм с.б.). АГ-ны ААФт-мен емдеу АУ-ның үдеуін тоқтатады. Және де бұл әсер басқа антигипертензивті препараттарды емес, ААФт-рін өзін қолданғанда тиімді (UKRDS).

Қант диабетінің емі

  • АГ-сы бар, бірақ АУ қалыпты ҚД-нің 2-типімен ауыратын науқастарда РААЖ антагонистері АУ-ның жоғары деңгейін бәсеңдетеді. Алайда кейіннен АРБ-ін емес, әсіресе, бұған дейін кардио-васкулярлық аурулар орын алған болса, ААФт-ң дәл өзін қолдану қауіпсіз екендігі дәлелденді.
  • Егер ҚД-нің 1-ші немесе 2-ші типімен ауыратын сырқат науқаста АГ болмаса, АРБ қолдану АУ жоғарылауының алдын ала алмайды. Дегенмен, ҚД-нің 2-типімен науқастарда АРБ АУ пайда болғаннан кейін АУ-ның үдеуін бәсеңдетеді, сондай-ақ тБСЖ-ң дамуын баяулатады. 30–299 мг/тәул мөлшердегі АУ-дың әрі қарай үдеуін баяулатады.
  • ААФт немесе АРБ препараттарының жанама әсерлеріне (гиперкалиемия немесе БЖЗ) қарай отырып, олардың мөлшерін бірте-бірте көтеріп, ең тиімді емдік мөлшерін табу керек. ДН-мен ауыратын науқастарда ААФт-мен салыстырғанда, АРБ-ның калий деңгейін аса жоғарылатпайтынын ескеру керек. РААЖ-ін бөгейтін препараттарды (ААФт + АРБ + ренин антагонистері) біріктіріп қолдану АУ-ның қосымша төмендеуін қамтамасыз етеді. Бірақ ААФт мен АРБ-ны біріктіріп қолданып ұзақ уақыт бақылағанда, кардио васкулярлық ахуалдың жақсармайтындығын және жанама әсерлердің (гиперкалиемия, ШСЖ төмендеуі) арту қаупі көрсетілді.

 

Түпкілікті артықшылықтары болмағандықтан, қазіргі кезде ААФт мен АРБ-н біріктіріп қолданбайды. Антигипертензивті мақсатта қосымша ем ретінде ААФт-не және АРБ-на диуретиктерді, кальций каналдарының бөгеушілерін және β-блокаторларды қосып тағайындайды немесе ААФт-не және АРБ-на көтере алмаушылық болғанда, жоғарыда аталған препараттармен алмастырылады. Емдәм. АУ анықталғанда тағамда нәруызды шектеудің қажеті жоқ, алайда аз нәруызды емдәмнің АУ үдеуін баяулататындығын дәлелдейтін жеке зерттеулер бар. Нәруызды шектеу негізінен, глюкозаның оңтайлы деңгейіне және ААФт немесе АРБ көмегімен АҚ-ң бақыланғанына қарамастан, ДН үдеп жатқан науқастарға қолданылады. ҚД-мен сырқат науқастарға диализдік ем мен бүйрек трансплантациясына көрсеткіштер диабеттік емес бүйрек аурулары бар науқастардағыдай. Бірақ бүйрек алмастырушы емді ертерек бастаған жөн. Диализге дейінгі сатыдан бастап емнің консервативті әдістерінің барлығы (анемияны, гиперфосфатемия мен гипокальцемияны, салдарлық гиперпаратиреозды емдеу) қолданылады. Диабеттік емес бүйрек аурулары бар науқастарға қарағанда, ҚД мен ДН-сы бар науқастарда реналды анемияның ертерек дамитындығын айта кету керек.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 2 часа

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 106Регистрация: 11-10-2014