Антигипертензивті препараттар

  1. Тақырыбы №1: Антигипертензивті препараттар.
  2. Мақсаты:

– антигипертензивті дәрілік заттардың әсер ету механизмі мен қолдану ерекшелігі;

– антигипертензивті дәрілік заттардың қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері;

– антигипертензивті дәрілік заттардың жанама және токсикалық нәтиежелері;

– антигипертензивті дәрілік заттардың негізігі препараттарына рецепт жазу;

– антигипертензивті дәрілік заттармен улануды анықтау;

– клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау туралы түсінікті  қалыптастыру және білімді жнақтау.

  1. Оқыту мақсаты:
  • антигипертензивті дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы сұрақтарын қарастыру;
  • антигипертензивті дәрілік заттардың негізгі фармакологиялық нәтиежелерін көрсету;
  • студенттердің назарын антиангинальді дәрілік препараттардың қасиеттерінің ерекшелігіне назар аудару және оларды салыстыру.
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Гипертониялық аурудың патогенезі. Артериялды қысымды төмендету жолдарының мүмкіндіктері. Антигипертензивті заттардың жіктелуі.
  3. Вазодилятаторлар. Кальций каналдарын тежейтін заттар (кальций антогонистері). Әсер ету механизімі. Салыстырмалы сипатамасы. Қолдану көрсеткіштері. Қарсы көрсеткіштері. Кері әсерлері.
  4. Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер беретін дәрілік заттар. ААФ ингибиторлары.

Әсер ету механизмі. Фармакологиялық әсері. Жанама әсері. Қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Ангиотензин-2 рецепторларының антагонистері, жалпы сипаттамасы.

  1. Миотропты әсерлі вазодилятаторлар. Препараттардың салыстырмалы сипатамасы, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсері. Қарсы көрсеткіштері.
  2. Орталыққа әсер ететін нейротропты антигипертензивті заттар. Клофелин және метилдофаның фармакодинамикасы. Қолдану көрсеткіштері. Кері көрсеткіштері мен жанама әсерлері.
  3. Шеткі иннервацияға әсер ететін нейротропты гипотензивті дәрілер (адренотежегіштер, симпатолитиктер, ганглиотежегіштер). Фармакологиялық қасиеттері.
  4. Несеп айдағыштарын гипертониялық ауру кезінде қолданылу. Тиазидтті несеп айдағыштар. Асқынулары. Қарсы көрсеткіштері.
  5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, тәжірибелік сабақтың хаттамасын дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептерді шешу.
  1. Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецепттер.

Рецепт жазуға арналған препараттар:

Магний сульфаты – Magnesii sulfas  (ер-і  амп. 25% – 10мл)

Пропранолол – Propranololum (таб. 0,01 №10;   ер-і 0,1%  – 1мл амп. №10)

Верапамил – Verapamilum (ер-і  0,25% – 2мл амп. №10; таб. 0,04 №20)

Индапамид – Indapamidum (таб. 0,0025 №20)

Нифедипин  –  Nifedipinum (таб. 0,01 №20)

Бисопролол – Bisoprololum (таб. 0,025 №30)

Каптоприл (Капотен) – Captoprilum (таб. 0,025 №20)

Эналаприл –  Enalaprilum (таб. 0,005 №20)

Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:

Капозид

Лозартан

Натрия нитропруссид

Дилтиазем

Папаверина гидрохлорид

Дибазол

Миноксидил

Клофелин

Пентамин

Гигроний

Октадин

Фентоламин

Ацебутол

Атенолол

  1. Тақырыбы №2: Антиангинальді дәрілер. Миокард инфарктысының фармакотерапиясының принциптері.
  2. Мақсаты:

– антиангинальді дәрілік заттардың әсер ету механизмі мен қолдану ерекшелігі;

– антиангинальді дәрілік заттардың қолдану мен қарсы көрсеткіштері;

– антиангинальді дәрілік заттардың жанама және токсикалық нәтиежелері;

– антиангинальді дәрілік заттардың негізігі препараттарына рецепт жазу;

– антиангинальді дәрілік заттармен улануды анықтау;

– клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау;

  1. Оқыту мақсаты:

– антиангинальді дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы сұрақтарын қарастыру;

антиангинальді дәрілік заттардың негізгі фармакологиялық нәтиежелерін көрсету;

– студенттердің назарын антиангинальді дәрілік препараттардың қасиеттерінің    ерекшелігіне назар аудару және оларды салыстыру.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Антиангинальді заттар. Жіктеліуі, әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, кері әсері.
  3. Метаболикалық терапияның дәрілік заттары: Триметазидина дихлоргидрат (предуктал)
  4. Миокард инфарктысының фармакотерапиясының принциптері.
  5. Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын антиагреганттар, фибринолитиктер.
  6. Жүрек қан тамыр жүйесі патологиясын емдеу үшін, гипохолестеринемиялық препараттарды таңдау.
  7. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, тәжірибелік сабақтың хаттамасын дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептерді шешу.
  1. Бақылау: билет бойынша сұрақтар,рецепттер. 

Рецепт жазуға арналған препараттар:

Нитроглицерин –  Nitroglycerinum (таб. 0,0005  №50)

Тринитролонг  – Trinitrolongum  (таб. 0,002  №50)

Молсидомин – Molsidominum ( таб. 0,004  №10)

Дипиридамол – Dipyridamolum  (таб. 0,025  №50);

Бисопролол – Bisoprololum (таб. 0,005  №30);

Нифедипин – Nifedipinum (таб. 0,01  №20);

Аторвастатин – Atorvastatinum  (таб. 0,02  №30)

Верапамил – Verapamilum  (таб. 0,04  №20)

Симвастатин – Simvastatinum  (таб. 0,02  № 30) 

Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:

Сустак форте

Нитрогранулонг

Изокет

Натрия нитропруссид

Метапролол

Атенолол

Триметазидин

Дилтиазем

Клопидогрел

Валидол

Амлодипин

Аторвастатин

  1. Тақырыбы №3: Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде тағайындалатын дәрілер (жүрек гликозидтері, гликозидтік емес кардиотоникалық заттар).
  2. Мақсаты:

– жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын  дәрілік заттардың – әсер ету механизмі мен қолдану ерекшелігі;

– жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын  дәрілік заттардың қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері;

– жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын  дәрілік заттардың жанама жіне токсикалық нәтиежелері;

– жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын  дәрілік заттардың негізігі препараттарына рецепт жазу;

– жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын  дәрілік заттармен улануды анықтау;

– клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау туралы түсінікті  қалыптастыру және білімді жинақтау.

  1. Оқыту мақсаты:
  • жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын антигипертензивті

антигипертензивті дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен  фармакокинетикасы сұрақтарын қарастыру;

– жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын  дәрілік заттардың негізгі фармакологиялық нәтиежелерін көрсету;

– студенттердің назарына жүректің созылмалы жетіспеушлігінде тағайындалатын дәрілік препараттардың қасиеттерінің ерекшелігіне назар аудару және оларды салыстыру.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Жүрек гликозидтері. Жіктелуі. Кардиотоникалық әсер ету механизмі.
  3. Жүрек гликозидтерінің негізгі кардиотропты әсерлері (жүректің жиырылу күшіне, өткізгіштігіне, автоматизміне, миокардта зат алмасуына әсері). Жүрек декомпенсациясы кезінде ЖГ терапевтік әсерінің маңызы.
  4. Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде тағайындалатын ЖГ қолдану принциптері.
  5. ЖГ улылық әсері. ЖГ улануына әсер ететін факторлар. Улану белгілірі, алғашқы көмек, антидоттары.
  6. Кардиотоникалық әсер бар  гликозидтік емес құрылымды  топтағы препараттар (дофамин, амринон).
  7. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, тәжірибелік сабақтың хаттамасын дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептерді шешу.
  1. Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецепттер және бақылау тесттері. 

Рецепт жазуға арналған препараттар:

Дигитоксин  – Digitoxinum (таб. 0,0001 №10)

Коргликон  – Corglyconum (ер-і 0,06%  – 1мл амп. №5)

Калия хлорид – Kalii chloridum (ер-і 4% – 10 мл амп. №10)

Панангин  – «Panangin» (таб. №50)

Дигоксин – Digoxinum  (таб. 0,00025 №10)

Строфантин К – Strophanthinum K (ер-і  0,05% – 25мл амп. №5)

Унитиол  – Unithiolum (ер-і  5% -5мл амп. №5)

Жанаргүл шөбінің тұнбасы

Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:

Целанид

Адонизид

Милринон

Аспаркам

Добутамин

Адреналин

Глюкагон

Амринон

Кальция хлорид

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!