Мақала
Бұйрықтар

№ 813 бұйрық (02.12.2009): толық мәтін және скачать

Жаңа

«Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 135 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 813 Бұйрығы

Бұйрық нөмірі
813
Қабылданған күні
02.12.2009
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

«Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысының 22-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2723 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы - 20 наурызда № 12 жарияланған) «Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 135 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына осы бұйрықтың көшірмесін қоса ұсына отырып, бір апта мерзімінде хабарласын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов

Іздеу атаулары: №813 бұйрық, 813-бұйрық, приказ 813, сегіз жүз он үшінші бұйрық, 813 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.