Мақала
Бұйрықтар

№ 658 бұйрық (20.08.2010): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 343 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 350 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 658 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі № 373 бірлескен бұйрығы

Бұйрық нөмірі
658
Қабылданған күні
20.08.2010
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына , сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 8 маусымда № 1541 болып тіркелген, Қазақстан, Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2001 жылы, № 27, 456 б. жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 343 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 350 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оны мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж. Күреңбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оған соңғы мемлекеттік органның басшысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Денсаулық сақтау министрі ______ С.Н. Баймағанбетов __________ Ж.А. Досқалиев 2010 жылғы 1 қыркүйек 2010 жылғы 20 тамыз

Іздеу атаулары: №658 бұйрық, 658-бұйрық, приказ 658, алты жүз елу сегізінші бұйрық, 658 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.