"Стоматологиялық ұйымдардың құрылымына, жабдықталуына, оларды пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бағытталған талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 24 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының м.а. 2010 жылғы 30 наурыздағы N 92 Бұйрығы
- Бұйрық нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 30.03.2010
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының күші жойылуына байланысты және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Стоматологиялық ұйымдардың құрылымына, жабдықталуына, оларды пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бағытталған талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 24 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1918 болып тіркелген), күші жойылды деп танылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төрағаның міндетін атқарушы А. Есмағамбетова
Іздеу атаулары: №92 бұйрық, 92-бұйрық, приказ 92, тоқсан екінші бұйрық, 92 бұйрық скачать.