"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 нысанды есепті, "Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы" № ЖКО-1 және "Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 78, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 378 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 438 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1046 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1070 бірлескен бұйрығы
- Бұйрық нөмірі
- 1046
- Қабылданған күні
- 22.12.2015
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті, «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 78, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 378 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 438 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7831 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті: 1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды; 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ішкі іcтер министрі ______________ А. Дауылбаев ______________ Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _____________ Т. Дүйсенова
Іздеу атаулары: №1046 бұйрық, 1046-бұйрық, приказ 1046, мың қырық алтыншы бұйрық, 1046 бұйрық скачать.