Мақала
Бұйрықтар

№ 358 бұйрық (12.06.2018): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімше басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 12 маусымдағы № 358 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
358
Қабылданған күні
12.06.2018
Актіні өзгерту күні
05.08.2019
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
  2. 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары, С-1 (1 бірлік) санаты, № 18-1-1
  3. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-1 (1 бірлік) санаты, № 18-1-2
  4. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесінің басшысы (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы), С-О-1 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-1, 18-3-1, 18-4-1, 18-5-1, 18-6-1, 18-7-1, 18-8-1, 18-9-1, 18-10-1, 18-11-1, 18-12-1, 18-13-1, 18-14-1, 18-15-1, 18-16-1, 18-17-1, 18-18-1
  5. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары) С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-2, 18-3-2, 18-4-2, 18-5-2, 18-6-2, 18-7-2, 18-8-2, 18-9-2, 18-10-2, 18-11-2, 18-12-2, 18-13-2, 18-14-2, 18-15-2, 18-16-2, 18-17-2, 18-18-2

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.08.2019 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына , "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 қаулысына , Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 63 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімше басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 12 маусым № 358 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Ескерту. Біліктілік талаптарының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2018 жылғы № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары, С-1 (1 бірлік) санаты, № 18-1-1

ӨлшемшарттарТалаптар
БіліміДенсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Кәсіби құзыреттілігіБастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Практикалық тәжірибесі"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарына сәйкес келуі.
Функционалдық міндеттеріДәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Еуразиялық экономикалық одақтың және Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс топтарына қатысу, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын, 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрілік саясатты іске асыруға қатысу. Халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау (қажет болған жағдайда). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-1 (1 бірлік) санаты, № 18-1-2

ӨлшемшарттарТалаптар
БіліміДенсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Кәсіби құзыреттілігіБастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Практикалық тәжірибесі"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарын сәйкес келуі.
Функционалдық міндеттеріДәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Еуразиялық экономикалық одақтың және Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс топтарына қатысу, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын, 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрілік саясатты іске асыруға қатысу. Халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау (қажет болған жағдайда). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесінің басшысы (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы), С-О-1 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-1, 18-3-1, 18-4-1, 18-5-1, 18-6-1, 18-7-1, 18-8-1, 18-9-1, 18-10-1, 18-11-1, 18-12-1, 18-13-1, 18-14-1, 18-15-1, 18-16-1, 18-17-1, 18-18-1

Ескерту. 3-кестенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2018 жылғы № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ӨлшемшарттарТалаптар
БіліміДенсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Кәсіби құзыреттілігіБастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Практикалық тәжірибесі"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарын сәйкес келуі.
Функционалдық міндеттеріДепартамент жұмысын басқару, үйлестіру, іске асыру, жоспарлау. Тиісті саладағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, фармацевтикалық инспекция саласында, фармацевтикалық қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асыруды болдырмау шараларын жүзеге асыру. Бағаларға мониторинг жүргізу мен бағаны қалыптастыру шараларын іске асыру. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру. GхP стандарттарын енгізуді ұйымдастыру. Департамент қызметі мәселелері бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету. Қызметкерлерге мадақтау және тәртіптік жаза тағайындау шешімдерін қабылдау, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалану және одан әрі жетілдіру, орындаушылық және еңбек тәртіптерін, құжаттарды басқару жұмысының сапасын сақтауды қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы орындалуын қамтамасыз ету. Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және өзге де комиссия шешімдерін қабылдау. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шараларды қабылдау. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары) С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-2, 18-3-2, 18-4-2, 18-5-2, 18-6-2, 18-7-2, 18-8-2, 18-9-2, 18-10-2, 18-11-2, 18-12-2, 18-13-2, 18-14-2, 18-15-2, 18-16-2, 18-17-2, 18-18-2

Ескерту. 4-кестенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2018 жылғы № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ӨлшемшарттарТалаптар
БіліміДенсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Кәсіби құзыреттілігіБастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Практикалық тәжірибесі"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарын сәйкес келуі.
Функционалдық міндеттеріДепартамент жұмысын жалпы басқару, үйлестіру, іске асыру, жоспарлау. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, фармацевтикалық инспекция саласында, фармацевтикалық қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асыруды болдырмау шараларын жүзеге асыру. Бағаларға мониторинг жүргізу мен бағаны қалыптастыру шараларын, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру. Департамент қызметі мәселелері бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету. Қызметкерлерді мадақтау және тәртіптік жаза тағайындау туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру. Департамент қызметкерлерімен орындаушылық және еңбек тәртіптерін, құжаттарды басқару жұмысының сапасын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету. Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және өзге де комиссиялардың қызметтерін ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Іздеу атаулары: №358 бұйрық, 358-бұйрық, приказ 358, үш жүз елу сегізінші бұйрық, 358 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.