Мақала
Бұйрықтар

№ 849 бұйрық (29.09.2022): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 849 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 418 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
849
Қабылданған күні
29.09.2022
Актіні өзгерту күні
21.08.2026
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.08.2026 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде :

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 1А".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде:

1) қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бір айдың ішінде Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысының Әділет департаментіне хабарласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

Іздеу атаулары: №849 бұйрық, 849-бұйрық, приказ 849, сегіз жүз қырық тоғызыншы бұйрық, 849 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.