Мақала
Бұйрықтар

№ 557 бұйрық (04.09.2023): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 557 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
557
Қабылданған күні
04.09.2023
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек станциясы үшін бекітілген бір адамға санитариялық автокөлік көрсететін білікті мамандарды тарта отырып, жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативі

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрық 01.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";

көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшада бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек станциясы үшін бекітілген бір адамға санитариялық автокөлік көрсететін білікті мамандарды тарта отырып, жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы "___"________ №____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазанындағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына 16-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек станциясы үшін бекітілген бір адамға санитариялық автокөлік көрсететін білікті мамандарды тарта отырып, жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативі

№ р/сОблыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың атауларыЖан басына шаққандағы норматив (теңге)
1Абай облысы305,73
2Ақмола облысы305,73
3Ақтөбе облысы305,73
4Алматы облысы305,73
5Атырау облысы305,73
6Батыс Қазақстан облысы305,73
7Жамбыл облысы305,73
8Жетісу облысы305,73
9Қарағанды облысы305,73
10Қостанай облысы305,73
11Қызылорда облысы305,73
12Маңғыстау облысы305,73
13Павлодар облысы305,73
14Солтүстік Қазақстан облысы305,73
15Түркістан облысы305,73
16Ұлытау облысы305,73
17Шығыс Қазақстан облысы305,73
18Шымкент қаласы305,73
19Алматы қаласы305,73
20Астана қаласы305,73

Ескертпе:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек станциясы үшін бекітілген бір адамға санитариялық автокөлік көрсететін білікті мамандарды тарта отырып, жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативіне түзету коэффициенттері, айына бір тұрғынға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел медициналық көмек станциясы үшін бекітілген бір адамға санитариялық автокөлік көрсететін білікті мамандарды тарта отырып, жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативіне қосымшаға сәйкес.

Іздеу атаулары: №557 бұйрық, 557-бұйрық, приказ 557, бес жүз елу жетінші бұйрық, 557 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.