Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 653 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 418 бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 653
- Қабылданған күні
- 12.09.2024
- Актіні өзгерту күні
- 21.08.2026
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.08.2026 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 596 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Towers" бизнес орталығы".
15-тармақтың 90) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"90) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растаудың тәртібі мен нысанын айқындайды;
15-тармақтың 91) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік тіркеуді қамтиды.
3. Осы бұйрықтың 2 тармақтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Әлназарова |
Іздеу атаулары: №653 бұйрық, 653-бұйрық, приказ 653, алты жүз елу үшінші бұйрық, 653 бұйрық скачать.