Мақала
Бұйрықтар

№ 901 бұйрық (20.12.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 901 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
901
Қабылданған күні
20.12.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағаларда:

реттік нөмірі 1710-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1710Морфинсульфаты VICМорфинТаблеткалар, 10 мг, №50N02AA01ҚР-ДЗ-5№023133таблетка115,25
";

реттік нөмірі 1869-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1869ОкситоцинОкситоцинВена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл, 1 мл, №10H01BB02ҚР-ДЗ-5№ 022533ампула188,17
";

реттік нөмірі 2198-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

2198РеланиумДиазепамБұлшықет ішіне және вена ішіне инъекцияға арналған ерітінді, 5 мг/мл, 2 мл, №5N05BA01ҚР-ДЗ-5№014355ампула221,84
";

реттік нөмірі 2536-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

2536Тахокомб®Деректер жоқГемостатикалық сіңіргіш зат, №2B02BC30ҚР-ДЗ-5№010582кеуек74 046,39
".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыЕ. Нұрлыбаев

Іздеу атаулары: №901 бұйрық, 901-бұйрық, приказ 901, тоғыз жүз бірінші бұйрық, 901 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.