Мақала
Бұйрықтар

№ 963 бұйрық (31.12.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2024 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 738 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 963 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
963
Қабылданған күні
31.12.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2024 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 738 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) 2024 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,32 пайызы белгіленсін.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Әлназарова

Іздеу атаулары: №963 бұйрық, 963-бұйрық, приказ 963, тоғыз жүз алпыс үшінші бұйрық, 963 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.