Мақала
Бұйрықтар

№ 118 бұйрық (28.10.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 118 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
118
Қабылданған күні
28.10.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23885 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде :

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар атты 1-бөлімде:

реттік нөмірлері 23 және 24-жолдар алып тасталсын;

Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар атты 3-бөлімде:

реттік нөмірі 1-1-жол келесі редакцияда жазылсын:

"

1-1I10- I15Артериалды гипертензияДинамикалық байқауда тұрған ересектер2-4 дәрежелі қауіп; бүйректің созылмалы аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензияИндапамид***, таблетка, капсулаC03BA11
Метопролол***, таблеткаC07AB02
Бисопролол***, таблеткаC07AB07
Амлодипин***, таблеткаC08CA01
Кандесартан***, таблеткаC09CA06
Эналаприл***, таблеткаC09AA02
Периндоприл***, таблеткаC09AA04
Периндоприл диуретиктармен комбинацияда***, таблеткаC09BA04
Фозиноприл***, таблеткаC09AA09
Базалық емнің тиімсіздігіменМоксонидин***, таблеткаC02AC05

";

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27-1 және 27-2-жолдармен толықтырылсын

"

27-1E23.2Қанттық емес диабетДинамикалық байқауда тұрған ересектерАуырлықтың барлық сатылары мен дәрежелеріДесмопрессин, ауызша лиофилизат; таблеткаH01BA02
27-2E00-E03, E89.0, Е05, Е20Гипотиреоз/ Гипертиреоз/ ГипопаратиреозДинамикалық байқауда тұрған ересектерВерификацияланған диагноз. Гипотиреоз Верификацияланған диагноз Гипертиреоз Верификацияланған диагноз ГипопаратиреозЛевотироксин, таблеткаH03AA01
Тиамазол, таблеткаH03BB02

";

18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер атты 4-бөлімде:

реттік нөмірі 1-1-жол келесі редакцияда жазылсын:

"

1-1I10- I15Артериалды гипертензияДинамикалық байқауда тұрған балалар2-4 дәрежелі қауіп; бүйректің созылмалы аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензияИндапамид***, таблетка, капсулаC03BA11
Метопролол***, таблеткаC07AB02
Бисопролол***, таблеткаC07AB07
Амлодипин***, таблеткаC08CA01
Кандесартан***, таблеткаC09CA06
Эналаприл***, таблеткаC09AA02
Периндоприл***, таблеткаC09AA04
Фозиноприл***, таблеткаC09AA09
Базалық емнің тиімсіздігіменМоксонидин***, таблеткаC02AC05

";

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19-2 және 19-3-жолдармен толықтырылсын:

"

19-2E00-E03, E89.0, Е05, Е20Гипотиреоз/ Гипертиреоз/ ГипопаратиреозДинамикалық байқауда тұрған балаларВерификацияланған диагноз. Гипотиреоз Верификацияланған диагноз Гипертиреоз Верификацияланған диагноз ГипопаратиреозЛевотироксин, таблеткаH03AA01
Тиамазол, таблеткаH03BB02
19-3E23.2Қанттық емес диабетДинамикалық байқауда тұрған балаларАуырлықтың барлық сатылары мен дәрежелеріДесмопрессин, ауызша лиофилизат; таблеткаH01BA02

";

сілтеме:

"* жергілікті бюджет қаражаты есебінен

** бұрын помпалық терапияны алған 18 жасқа дейінгі балалар үшін бір өндірушінің шығын материалдары

АХЖ -10-оныншы қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктеуіші

АТХ-анатомиялық-терапиялық-химиялық

ФК-функционалды клас

ЖРВИ-жіті респираторлық вирустық инфекция

ЖПД-жалпы практика дәрігері

АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы"

мындай редакцияда жазылсын:

"Ескертпе:

* жергілікті бюджет қаражаты есебінен

** бұрын помпалық терапияны алған 18 жасқа дейінгі балалар үшін бір өндірушінің шығын материалдары

*** дәрілік заттар, оның ішінде бірлесіп төлеу тетігін пайдалана отырып қамтамасыз етілуге жататындары

АХЖ -10-оныншы қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктеуіші

АТХ-анатомиялық-терапиялық-химиялық

ФК-функционалды клас

ЖРВИ-жіті респираторлық вирустық инфекция

ЖПД-жалпы практика дәрігері

АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

Іздеу атаулары: №118 бұйрық, 118-бұйрық, приказ 118, жүз он сегізінші бұйрық, 118 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.