Мақала
Бұйрықтар

№ 149 бұйрық (18.11.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Бір терезе" қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 67 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 380/НҚ бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 149 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 584/НҚ бірлескен бұйрығы

Бұйрық нөмірі
149
Қабылданған күні
18.11.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Бір терезе" қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 67 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 380/НҚ бірлескен бұйрықпен бекітілген мынадай толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бір терезе" қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары:

мынадай мазмұндағы 115-1 және 115-2-тармақтармен толықтырылсын:

"115-1. Мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін үстеме бағалары бар ДЗ саудалық атауына өндірушінің шекті бағасының жобаларын, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ сауда атауына және халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды бекіту үшін жібереді.

115-2. Уәкілетті орган көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін үстеме бағалары бар ДЗ саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына және халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды бекітеді.";

мынадай мазмұндағы 195-1 және 195-2-тармақтармен толықтырылсын:

"195-1. Мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ саудалық атауы мен техникалық сипаттамасына шекті бағалардың жобаларын бекіту үшін жібереді.

195-2. Уәкілетті орган ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ сауда атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекітеді.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бірлескен бұйрық бекітілген күннен бастап бес күнтізбелік күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі_______Ж. Мадиев
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі_________А. Альназарова

Іздеу атаулары: №149 бұйрық, 149-бұйрық, приказ 149, жүз қырық тоғызыншы бұйрық, 149 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.